Кітапхананың жұмысын автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 13:00, дипломная работа

Описание

ілім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында кітапханашы мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Работа состоит из  1 файл

кітапханашы мамандарды қалыптастыру..docx

— 187.72 Кб (Скачать документ)

   Ақпараттық  қоғам жағдайында педагог мамандардың  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:

  • білім беру жүйесінің  әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
  • ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
  • ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;
  • интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;
  • ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.  

   Қазіргі жағдайда мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылығы кәсіби мамандықтың  құрамды бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл мәселе мектепке болашақ  мұғалімдерді даярлаудың көкейкесті мәселелерінің  бірі ретінде айқындалады. Ол мына мәселелерді қамту керек:

   Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың кезеңдері  қандай?

   Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың мазмұны  мен құрылымы қандай?

   Қандай  деңгейде ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық қалыптасуы мүмкін?

   Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастыруды 3 кезеңге  бөлуге болады және оған сәйкес негізгі  сипаттамалары келесі кестеде берілген (1-кесте) 

 

ІІ.ІҮПедагогикалық  мамандарды даярлауда АКҚ қалыптастыру кезеңдері 
 

Кезеңнің атауы АКҚ-ты қалыптастыруды үйрету пәндері мен қалыптастыру кезеңі Берілген кезеңдерде АКҚ-ты қалыптастыру бөліктері Кезеңнің сипаттамалық ерекшеліктері
1 Базалық – базалық  АКҚ-ты қалыптастыру Орта мектеп. «Информатика» және/немесе «Ақпараттық  технология» Компьютер құрылғысы  туралы жалпы түсінік.

Операциялық жүйемен  жұмыс жасау негіздері.

Word-та қарапайым   құжаттарды құру.

Excel-де қарапайым  есептеулерді жүргізу.

Қарапайым презентацияларды құру.

Мектеп оқушыларының оқу қызметін ұйымдастыруда 

АТ-ны қолдану. Қарапайым  тұрмыстық есептерді шешу.

2 Жалпы – жалпы  АКҚ-ты қалыптастыру Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында 1-2 курстары.

«Информатика» немесе «Информатика» және Математика

Интернет ресурстарын  қолдану арқылы ақпараттарды табу.

Word-та қарапайым  (суретсіз, кестесіз) және күрделі  (кестемен, суреттермен, кескіндермен) құжаттарды құру.

Excel-де формулаларды, математикалық, логикалық және  статистикалық функцияларды жүргізу.  Диаграммаларды тұрғызу.

Деректер қорын (біркестелік және көпкестелік) және сұраныстарды, формалар мен отчеттарды деректер қорында құру

Семинарға, практикалық  сабақтарға дайындалуда, баяндамалар  жазуда, дипломдық және курстық жұмыстарды, сонымен бірге ғылыми конференцияларда баяндама даярлауда ақпараттық технологияны қолдану 
3 Кәсібилік –  кәсібилік АКҚ-ты қалыптастыру Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында 3-4 курстары.

«Оқытудың техникалық және аудиовизуальдық құралдары»,  «Дәріс беруді ақпараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету»

«Оқытудың ақпараттық технологиясы» және т.б.

Ақпараттарды  іздеуде Интернет ресурстарын қолдану.

Оқу-программалық құжаттарды безендіру  мен оқу  процесіндегі материалдарды жасақтауға мәтіндік процессорды қолдану.

Бағалаудың рейтингілік  жүйелері мен компьютерлік тестіні  жасақтауда кестелік процессорды қолдану.

Мектеп оқушыларының оқу қызметінің нәтижелерін есепке алу үшін деректер қорының базалық  жүйесін құру.

Компьютерлік  тестіні құруға негізделген арнайы инструментальды құралдар жүйесін  қолдану.

Өзіндік интернет-ресурстарды  құру үшін қолданбалы программалы құралдары  қолдану. 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны қолдану арқылы кәсіптік педагогикалық мәндеттерді шешу.
 

   Жалпы АКҚ-ты қалыптастырудың құрамына  мына дағдылар енеді:

Ақпараттық  бөлік:

  • түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу;
  • қажетті ақпараттарды табуда түрлі ресурстарды (кітап, журнал, электрондық құралдар, Интернет) қолдану;
  • табылған ақпараттарды сынау арқылы қажетті ақпараттарды сұрыптай білу;
  • кесте, диаграмма, кескін және т.б. тәсілдерді қолдану  арқылы ақпараттарды түрлендіру;
  • ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігін ескере отырып, қолданушыға ақпараттарды жеткізу тәсілдерін таңдау.
 

Ақпараттық  және коммуникациялық  техника бөлігі

  

  • арнаулы компьютердің құрылымын түсіндіру және оның негізгі құрылғыларының мәнін негіздеу;
  • нақтылы есептерді шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды таңдау;
  • ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жеткізу әрекеттеріне ақпараттық технология мен басқа технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, олардың  өзара байланыстық қызметтерін негіздеу.
 

Операциялық жүйе бөлігі:

  • Windows операциялық жүйесінің қолданушылық интерфейсін баптау;
  • файлдар мен бумаларды құру;
  • файлдар мен бумаларды көшіру, өшіру және аттарын қалпына келтіру;
  • Windows операциялық жүйесінің негізгі терминдерін қолдану: программа терезесі, сұхбат терезе, меню, құралдар тақтасы, сұхбат терезелері мен құралдар тақтасын басқару элементтері (батырма, есептегіш, жылжымалы тізім, жалауша және т.б.)
  • қарапайым есептерді шешуде Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларын (Калькулятор – есептеулерді орындау, WordPad – қарапайым мәтіндік құжаттарды құру, Paint – суреттерді құру және т.б.)
 

Қолданбалы  программалар бөлігі:

- Word мәтіндік  редакторында қарапайым мәтіндерді  құру мен оны редакторлеу;

- құжаттарды  жіберуді ұйымдастыру;

- құжаттарды  өңдеуді автоматтандыру;

- Ехсеl-де  формулалар мен функцияларды  қолдану арқылы есептеулер жүргізу: Ехсеl құралы арқылы диаграммалар мен графиктерді тұрғызу;

- Ехсеl құралында қолданушының интерфейс  элементін құру;

- Access деректер  қорында қарапайым және күрделі  кестелерді құру мен оны жобалау;

-  Access деректер қорында сұрауларды, форма  мен есептерді құру;

- түрлі  іздеу жүйелері арқылы Интернетте  ақпараттарды іздеу; 

- электрондық  хаттарды құру мен оны алу;

- компьютерлік  презентацияларды құру мен оны  қолдану. 

   Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру жалпыпедагогикалық және пәндік құрама болып екіге бөлінеді. Жалпыпедагогикалық құрама — бұл оқыту мен тәрбиелеу процестерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолданудың жалпы бағыты; пәндік құрама — оқу пәндерінің (физика, математика, химия, биология және т.б.) ерекшеліктерін бейнелейтін спецификалық бағыт.

   Кәсіптік  АКҚ-ты қалыптастыруды келесі бөліктерге бөлуге болады:

  • Интернет-ресурстарды оқыту процесіне қолдану арқылы қосымша ақпараттарды іздеу мен оны талдау;
  • түрлі компьютерлік құралдарды қолдану арқылы білімдік ақпараттарды түрлендіру;
  • өздерінің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында оқытушыларды желілік бірлестік жұмысына және интернет-конференцияға қатыстыру;
  • ақпараттық компьютерлік үйрету программаларын құру және стандарттық қосымшалар мен қолданбалы жүйелерді пайдалану арқылы ақпараттарды түрлендіру;
  • стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы компьютерлік тестілерді жасақтау;
  • стандарттық қосымшаларды қолдану арқылы оқушылардың білімінің рейтингілік бағалау жүйесін жасақтау;
  • стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы үйрету бағытындағы деректер базасын құру;
  • өзіндік интернет-ресурстарын құру және стандартты қосымшалар мен арнайы программалары арқылы мультимедиялық электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасақтау;
  • дайын мультимедиялық жасақтамаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қолдану;
  • стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы оқу-тәрбие процесін автоматтандыруды ұйымдастыру.

АКҚ-ты қалыптастыруды В.С. Блум мен В.П.Беспалько  идеяларын негізге ала отырып, 3 деңгейге бөлуге болады:

  • түсіндіру;
  • үлгі бойынша қолдану;
  • шығармашылық бағытта қолдану.

АКҚ-ты қалыптастыру деңгейлері

Деңгей  Деңгейлер сипаттамасы Жалпы АКҚ-ты қалыптастыру бөліктері Кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру бөліктері
Түсіндіру Студент негізгі  түсініктерді меңгереді, себеп-салдарлық  байланыстарды орнықтырады,

әрекеттерді орындау  тізбегі

Арнаулы компьютер  құрылымын түсіндіру.

Арнаулы компьютердің негізгі құрылғыларының мәнін түсіндіру.

Операциялық жүйесінің  негізгі терминдерін қолдану.

Электрондық оқу  құралдарының құрылымы мен оны құруға қойылатын талаптарды түсіндіру.

Қашықтықтан оқытудың сипаттамалық ерекшеліктерін түсіндіру.

Үлгі  бойынша қолдану Сабақ барысында  түсіндірілетін тақырыптардың тапсырмаларын  студент орындайды. Windows қолданушылық  интерфейсін баптау.

файлдар мен  бумаларды құру.

Файлдар мен бумаларды көшіру, өшіру және аттарын қалпына келтіру.

Қарапайым есептерді шешуде Windows операциялық  жүйесінің стандартты программаларын (Калькулятор – есептеулерді орындау, WordPad – қарапайым мәтіндік құжаттарды құру, Paint – суреттерді құру және т.б.)

Word мәтіндік  редакторында қарапайым мәтіндерді  құру мен оны редакторлеу.

Құжаттарды  жіберуді ұйымдастыру.

Құжаттарды  өңдеуді автоматтандыру.

Ехсеl-де формулалар мен функцияларды қолдану  арқылы есептеулер жүргізу: Ехсеl құралы арқылы диаграммалар мен графиктерді тұрғызу.

 Ехсеl құралында қолданушының интерфейс  элементін құру.

Access деректер  қорында қарапайым және күрделі кестелерді құру мен оны жобалау.

  Access деректер  қорында сұрауларды, форма мен  есептерді құру.

Ақпараттық  материалдарды, рейтингілік бағалау  жүйесін және тестіні жасақтау.

Электрондық оқу  құралдарының үзіндісін құру.

Қашықтықтан оқыту  жүйесінің материалдарын жасақтау.

Мультимедиялық  құралдарды сабақтың өткізу әдістемесіне қолдану.

Шығармашылық  қолдану Программамен  жұмыс жасаудың стандартты емес тәсілдерін демонстрация жасайтын материалдар  дайындайды. Тапсырмаларды орындау  барысында пайда болған кемшіліктерді  түсіндіреді. Жаппай жіберу құжаттарын құру.

Word мәтіндік  редакторында қарапайым мәтіндерді  құру мен оны редакторлеу;

- құжаттарды  жіберуді ұйымдастыру;

- құжаттарды  өңдеуді автоматтандыру;

- Ехсеl-де  формулалар мен функцияларды  қолдану арқылы есептеулер жүргізу: Ехсеl құралы арқылы диаграммалар мен графиктерді тұрғызу;

- Ехсеl құралында қолданушының интерфейс  элементін құру;

- Access деректер  қорында қарапайым және күрделі  кестелерді құру мен оны жобалау;

-  Access деректер қорында сұрауларды, форма  мен есептерді құру;

- түрлі  іздеу жүйелері арқылы Интернетте  ақпараттарды іздеу; 

- электрондық  хаттарды құру мен оны алу;

- компьютерлік  презентацияларды құру мен оны  қолдану. 

Ақпаратпен  белсенді жұмыс жасауға қажетті  технологияларды таңдай білу.

Электрондық оқу  құралдарын жасақтау.

өзіндік білімдік Интернет-ресурстарын құру.

 

   Сонымен, ақпараттық құзырлықты қалыптастыру келесі талаптарды қанағаттандырады:

        1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).
        2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.
        3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

   Мамандардың бiлiктiлiгiн арттыратын жүйе бойынша  негiзгi қойылған мiндеттердi жүзеге асыруда.

   Ақпараттық-коммуникациялық  технология саласы бойынша мамандардың  дайындығын жетiлдiру үшiн келесi бағыттар iске асырылуы қажет екенiн жасақталған  тәжiрибелердiң негiзiнде байқадық:

  • педагог мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қамтамасыз ететiн дайындық өткiзудi жетiлдiру; 
  • қашықтықтан оқыту технологиясын бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне енгiзу мәселелерiн байқаудан өткiзу және оны ендiру;
  • бiлiктiлiктi арттыру жүйесiне виртуальды консалтингiлiк қызметтi енгiзу моделiн жасақтау және оны ендiру;
  • информатика мұғалiмдерiнiң және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бiлiм беру процесiне пайдалану мүмкiндiктерiнiң тиiмдiлiгiн айқындайтын озық тәжiрибелерiн жинақтап, жүйелеу және мәлiметтер базасын аталған тәжiрибелермен толықтыруды қамтамасыз;
  • институттың Web – беттерiнiң мазмұнын ақпараттандыру саласы бойынша өткiзiлген курстық материалдармен, информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану мазмұнымен, тыңдаушылардың шығармашылық жұмыстарымен және т.б. материалдармен толықтыру
  • мектеп басшылары мен мектеп пәндерiнiң мұғалiмдерiнiң практикалық қызметiне қолданылатын қолданбалы программалық құралдарды (электрондық оқулық, энциклопедия) жинақтау банкiсiн толықтыруды жалғастыру.

Информация о работе Кітапхананың жұмысын автоматтандыру