Автомобильдің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 10:11, реферат

Описание

Қазақстанға Атом Электр Станциясы керек. Ол Чернобльдағы жарылыс салғыттықтың кесірінен болған. Бізде салғалы жатқан АЭС қазіргі кезедгі заманауй ең қауіпсіз АЭС болбақ. Оны салғанда жаспарлап жатқандай Балхаш жақта емес, Орталық Қазақстан немесе Басыс Қазақстан жақта салуы керек. Ол салынатын жерде міндетті түрде көл болуы шарт.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанға Атом Электр Станциясы керек.docx

— 384.95 Кб (Скачать документ)

Атом  электр стансасы (АЭС) – бақылаудағы ядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруге арналған техникалық ғимараттар кешені. Отын орналасқан реактордың белсенді аймағында ядролардың бөлінуінің үйлестірілетін тізбекті реакциясы барысында жылу бөлініп шығады.  

ВБЭР-300 –  қуаты 300 МВт-тық су блокты энергетикалық реактор. 

 

ВБЭР-300 реакторының  жобасы Африкантов атындағы ресейлік конструкторлық бюро тарапынан уақыт  сынынан өткен және өзін жақсы  қырынан танытқан, Ресейдегі атом сүңгуір қайықтарында сәтті пайдаланылып жүрген реакторлар негізінде жасалған. Аталмыш реактордың құрылмасы 6000 реакторлы жыл апатсыз жұмыс істеген. Реактор әлемде ең жоғары саналатын «3+» халықаралық қауіпсіздік класына ие.   

Реактордың  жоғары деңгейлі қауіпсіздігіне мыналардың есебінен қол жеткізілді:

  • теңестірілген активті және пассивті жүйелерді қолдану;
  • ішкі өзін-өзі қорғау қасиетінің болуы;
  • көп деңгейлі қорғаныс ұстанымын қолдану;
  • төтенше ішкі және сыртқы ықпалдарға тұрақтылық.

Бұл бірегей реактор. ВБЭР-300 реакторын қолдану АЭС жұмысын үнемді әрі қауіпсіз етеді. Бомбаның соққысы, ұшақтың құлауы, лаңкестердің стансаны басып алуы және АЭС-тың қалыпты жұмысына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар станса қауіпсіздігінің пассивті жүйесінің тез іске қосылуына себеп болады. Реактор сол сәтте-ақ өзін өзі өшіріп, жұмысын тоқтатады.

ВБЭР-300 реакторының  қауіпсіздік тұжырымдамасы қауіпсіздігі жоғары реакторлық қондырғылар жобасына қойылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Талап-тілектеріне, EUR Ережесі мен Талаптарына, сондай-ақ жалпыәлемдік үрдістер мен МАГАТЭ және INSAG талаптарына сәйкестікке негізделген.    

Қазақстанның  батысындағы Ақтау қаласында  салынатын ВБЭР-300 типіндегі реакторы бар қос блокты алғашқы АЭС  құрылысының техника-экономикалық негіздемесін жасау 2009 жылы аяқталуға  тиіс. Ақтау АЭС бірінші энергоблогының құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған, арадан жыл өткенде, яғни 2017 жылы екінші блок іске қосылады.  

Пайдалы сілтемелер:   

Қазақстандағы атом энергетикасы

Шағын энциклопедия

Сұрақтар мен жауаптар

Қазақстанда алдағы 10 жылда АЭС  салынуы мүмкін

Қазақстанда алдағы 10 жылда атом электр станциясы (АЭС) салынуы мүмкін, деп мәлім етті «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сергей Яшин.

«Егер АЭС-тің  құрылысы туралы шешім қабылданса және қазір станцияларды салу технологиялары бар екенін ескерсек, онда Қазақстанда атом станциясы алдағы 10 жылда пайда болуы мүмкін», – деді С. Яшин сәрсенбі күні KazEnergy VI Евразиялық форумында.

Ол 2011 жылы Қазақстан  үкіметі атом энергетикасы мен атом саласын дамыту бағдарламасын бекіткенін еске салды.

«Бағдарлама республикада атом энергетикасын дамытудың негіздерін қалайды. Жақын уақытта бізге  атом энергетикасының еліміздің энергетикалық балансындағы ролі мен орнын анықтап, атом станцияларын орналастыру орнын анықтап алу қажет», – дейді компания басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, ең оңтайлы ядролық технологияны, бірінші кезекте, қауіпсіз технологияларды таңдау керек.

«Сондай-ақ, кадрларды  даярлау мен атом қуатын пайдалану  үшін нормативті құжаттарды жасаудан бастап, қазақстандық кәсіпорындардың  АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігіне дейін көптеген мәселелерді шешу керек. Қазақстанда (бұл бағытта) жұмыс  қолға алынды», – деді ол.

05.10.2011 13:23,Новости Today.kz 

«Алматы электр станциялары» АҚ
 

2007 ж. бастап жұмыс  істей бастады. 
«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің саны – 3227 адам. 
 
«АлЭС» АҚ құрамына мыналар кіреді: 
ЖЭО-1,  
ЖЭО-2,  
ЖЭО-3,  
Қапшағай ГЭС,  
Батыс жылу кешені,  
Алматы Каскад ГЭС,  
Энергожөндеу,  
Отынды қабылдау және тиеу орталығы
 
«Алматы электр станциялары» АҚ-ның даму тарихы. Электр энергиясы: Алматы қаласының тарихына электр жарығы әрқайсысының қуаты 170 кВт үш генараторлы бірінші дизельді электр станциясы іске қосылған 1928 ж. бастап енді.  
 
1931ж. республикадағы бірінші жалпы мақсаттағы жылу электр станциясы – Алматы ЦЭС-ның (қазіргі ЖЭО) құрылысы басталып, 1935 жылы қуаты 3000 кВт бірінші турбогенератор іске қосылды.  
 
1932 ж. Кіші Алматы өзенінде қуаты 510 кВт бірінші гидроэлектростанция (қазіргі Энергетика институтының экспермименттік ГЭС) салынып, қысымы 6 кВ ГЭС-1 мен ЦЭС аралығындағы электр берілісінің бірінші линиясы енгізілді.  
 
Ұлы Отан соғысы кезінде Алматы қаласы мен облысына уақытша басып алынған аудандардан бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар көшірілді. Электр энергиясына деген орасан тапшылық туындады, сондықтан жаңа қуат көздерін енгізу керек болды.  
 
1942 ж. Алматы ГЭС Каскадының құрылысы басталды. Бұл құрылысқа халық өкілдері қатысты. 1944 ж. Каскадтың алғашқы электр станциялары – ГЭС-9 және ГЭС-11 пайдалануға берілді. 1943 ж. 9 тамызда КСРО электр станциялары халық комиссарының бұйырығымен Алматы ЦЭС, Алматы Каскадының салынып жатқан ГЭС базасында «Қазақэнерго» Қазақ аудандық энергетикалық басқармасы ұйымдастырылды. Оның атауы 1963 ж. «Алматыэнерго» РЭУ деп өзгертілді.  
 
Соғыстан кейінгі кезеңде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы жаңа энергетикалық қуаттарды жаңа сапалық негізде енгізуді талап етті. Осылайша, 1959 ж. жалпы қуаты 45,8 мың кВт Алматы ГЭС Каскадының, соның ішінде елдегі бірегей, әрі жоғары қысымды №1 ГЭС-ның құрылысы аяқталды.  
 
1960 ж. Алматы ЦЭС-інде жоғары қысымды бірінші қазандық агрегаты пайдалануға берілді. Тап осы жылы энергия жүйесінің құрамына екі ЖЭО және Қаратал ЖЭО-мен бірге, жалпы қуаты 43,4 мың кВт Текелі энергокомбинаты кірді.  
 
1962 ж. Алматы ГРЭС-ның қуаты 50 мың кВт бірінші энергоблогы іске қосылды. Бұл елдегі жартылай ашық типтегі бірінші жылу станциясы саналып, энергия жүйесіндегі негізгі станцияға айналды. 1965 жылы ГРЭС-ның қуаты жобалық 200 МВт-қа жетті. Энергетикалық қуаттың өсуімен қатар, басқа да энергия жүйелерімен электр байланысын қалыптастыру мақсатында электр берілісі және трансформаторлық аралық станциялар линияларының құрылыстары салынды. Бұл энергия көздерінің жұмыс тиімділігін арттыруға және электр энергиясының тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.  
 
1968 ж. «Алматы-Фрунзенің» қысымы 220 кВ бірінші желісі енгізілді және Алматы энергия жүйесі Қырғыстанның энергия жүйесімен, кейіннен Орта Азия ОЭС-мен параллелді жұмысқа бірікті.  
 
1971 ж. Алматы қаласына жақын Іле өзенінде қуаты 434 МВт Қапшағай ГЭС салынды.  
 
1974 ж. бірінші кезегінің жобалық қуаты 240 мың кВт жаңа Алматы жылу электрцентралының құрылысы басталды. Алматы ЖЭО-2 бірегей типтегі электр станциясы болып табылады. Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында станция 12 метрге тереңдетілді. Станцияда елімізде бірінші рет сейсмикалық тұрғыда орындалған бу шығару өнімділігі сағ. 420 т қазандық агрегаттары енгізілді.  
 
1980 ж. «Алматыэнергоның» электр желілерінен екі облыстың барлық колхоздары мен совхоздарын толық электрлендіру аяқталды.  
АЖЭО-2 бірінші кезегі 1982 ж. іске қосылды, қуаты 270 мың кВт екінші кезегі 1988 ж. пайдалануға берілді. Станцияның жиынтық қуаты 510 МВт құрады.  
Энергия жүйесінде алғаш рет АЖЭО-2-де қуаты 110 МВт жылуландыратын бу турбинасы пайдалануға берілді.  
 
1988-1992 жж. қысымы 500 кВ «Ағадыр-ЮКГРЭС» және 500 кВ «Алматы» аралық станциясы бар «Алматы-Фрунзе» электр беріліс желілері жасақталды. Бұл электр жүктемесі барынша жоғары болатын сағаттарда электр энергиясын Солтүстік Қазақстанның энергия жүйесі мен Орта Азияның электр жүйесінен қабылдауға мүмкіндік берді. Осы арқылы Алматы энергия жүйесі КСРО-ның біртұтас энергия жүйесіне кірді.  
 
Жылу энергиясы: 60-70-жылдары Алматы қаласында өнеркәсіптік негіздегі тұрғын-үй құрылысы жылдам өсе бастады. Бұл жылумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған әдісін енгізуді талап етті. Мұндай қажеттілік қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен байланысты болды. Осы мақсатта Алматы ЦЭС-де жаңа жылу-техникалық жабдықты енгізу арқылы технологиялық схеманы реконструкциялау жүргізілді. Бұл ГВС пен жылуға керекті жылу энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілікті уақытылы және сенімді түрді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.  
 
Алматы қаласы – бұрынғы КСРО кеңістігіндегі тұтынушылары (халқы, коммуналды мекемелер, өнеркәсіп) су бөгетінің ашық схемасы бойынша «Алматыэнергоның» жылу желісінен ыстық сумен қамтамасыз етілетін санаулы қалалардың бірі. Осы мақсатта Алматы ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де жылу желісіне сағат сайын 5000 текше м таза су дайындап, құятын химиялық су тазалау бойынша қуатты станциялар салынған.  
 
1972 ж. энергия жүйесінде ЭВМ пайдалану арқылы автоманттандырылған басқару жүйесін құру басталды.  
 
АПК АҚ 1996 жылы тамызда жекешелендірілген Алматыэнерго мемлекеттік компаниясының бас мирасқоры болып табылады. АПК АҚ 1996 жылы 5 тамызда тіркелді – компанияның 100 % акциясы Бельгияның «Трактебель» компаниясы 1999 жылы 18 мамырда құрған «Пауэрфин Холдинг» компаниясының иелегінде болды. 2003 жылы 30 маусымда компания ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес «АПК» ЖАҚ, кейіннен «АПК» АҚ болып қайта тіркелді.  
 
2000 жылы мамырда Бельгия компаниясы кеткеннен кейін, «Трактебельдің» «Пауэрфин Холдингтегі» үлесі «КазТрансГаз» ЖАҚ-на сатылды. 2001 жылы Алматы қаласының әкімдігі 100 % акциясын сатып алып, «АПК» АҚ-ның жалғыз иесі болды.  
 
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның алдындағы қаржылық міндеттемелерді мерзімінде орындау мүмкін болмағандықтан, Қазақстан Үкіметі мүліктік кешенді бүгінде «АПК» АҚ-ның иесі болып табылатын «ҚазТрансГаз» компаниясына сату туралы шешім қабылдады. 
 
АПК АҚ-ын реформалаудан кейін «Алматы электр станциялары» АҚ 2007 ж. 15 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады.

www.ales.kz

Адам. Энергия. Атом»

Журналистер Одағының баспасөз орталығында (Алматы қаласы) 2008 жылғы 12 желтоқсанда «Адам. Эгнергия. Атом» атты ғылыми-публицистикалық  журналдың алғашқы екі басылымының  тұсаукесері өткізілді 

Аталмыш басылым  ғылыми ядролық орталықтардың жұмысын, атом ғылымы мен техникасының жетістіктерін жан-жақты көрсету үшін, ядролық энергетиканың беделін арттыру үшін, Қазақстан Республикасының атом саласы кәсіпорындарының қызметі жайлы шынайы фактілерді тарату және халықты атом электр станцияларының ерекшеліктерімен таныстыру үшін, олардың жұмысына жүргізілетін бақылаулар, оларды орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар, радиацияның адам үшін қауіпті және қауіпсіз деңгейлері жөнінде ақпараттандыру үшін қажет.   

«Адам. Эгнергия. Атом» ғылыми-публицистикалық журналының бас редакторы В.Школьниктің үндеуі жеке берілген (файлға сілтеме)

Барлық сұрақтар бойынша жауапты хатшы Мұқышева Майра Қизатқызына  mukusheva(at)nnc.kz мекен-жайы бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз, тел. 8-722-51-2-33-35.  

Back

КоференцияларЖаңалыктарАрхив новостей за 2010 год2009 жылғы жаңалықтар мұрағаты2008 жылғы жаңалықтар мұрағаты2007 жылғы жаңалықтар мұрағаты2006 жылғы жаңалықтар мұрағаты2005 жылғы жаңалықтар мұрағаты2004 жылғы жаңалықтар мұрағаты2003 жылғы жаңалықтар мұрағатыГосударственные награды 

ЕЛ ЕРТЕҢІ - ЭНЕРГЕТИКАДА

22-Желтоқсан, 2010 | 248 рет қаралған

Бұдан тура 90 жыл бұрын, 1920 жылдың 22 желтоқсанында  сол кездегі КСРО-ны жаппай электрлендіру  жобасы – ГОЭЛРО жоспары туындаған  еді. Мұның басы-қасында қазір сан-саққа жүгіртіле сыналып та, мадақталып та жүрген «Күн-көсем» В.И. Ленин мен оның серігі, академик Г.М. Кржижановский болатын. Тарих доңғалағын кері айналдырсақ, аталмыш жоба сол тұстағы ең серпінді әрі дер кезінде іске асырылған-тұғын. Сөйтіп өнеркәсіп өзегі болған энергетикалық өрістің арқасында КСРО 1935 жылы индустрияның дамуы жөнінде озық капиталистік елдермен теңескен еді.Бізде 90-шы жылдары өткенді тек мансұқтау белең алды. Ал, өркениетті жұрт өткеннің озығын алып, тозығын тастайды. Ғылыми қағида бойынша әр дүниенің ұтымды дәнін теріп алу керек. Бұл тұрғыда ГОЭЛРО жоспары ауқымы мен тереңдігі, келешекті болжағыштығы мен ғылыми сауаттылығы жағынан лайықты орынға ие болды. Тек кейінгі жылдары ғана біздің еліміздің экономикасын серпілтетіндей серпінді әрі сенімді жобалар пайда бола бастады. Соның ішінде – елімізде энергияға зәрулікті болдырмайтындай Қазақстан электр энергетикасының 2015 жылға дейінгі даму бағдарламасы. 
Қазақстанның да қарыштап дамуы ел экономикасына қан жіберетін энергетика саласымен тығыз байланысты. 2020 жылға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасында да осынау салаға айрықша көңіл бөлінген. Экономиканың қай тармағын алып қарасаңыз, ешбір қондырғы, агрегат, құрал-жабдықтар, сан қилы аспаптар, әралуан техникалық, әлеуметтік жүйелер мен нысандар электр энергиясыз өздігінен жұмыс істей алмайды. Оның үстіне электр энергетикасы - тіршілік көзі де. Сөйтіп бүткіл шаруашылық жүйесінің қан тамыры болып табылатын Қазақстан энергетикасының жалпы ахуалы қазір қандай? Соған келейік. 
Еліміздегі күллі энергия көздерінен өндірілуді, тасымалдауды реттеп отыратын кешен - Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ). Ол республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы стансалардың жиынтығын құрайды. 
Электр энергетикасы саласында энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандыру және электр мен жылу энергиясын жеткерушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру үшін мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Ал, Қазақстанның Біртұтас электр энергиясы жүйесін қалыптастыратын Жүйелік оператор ретіндегі «KEGOC» АҚ электр тұтынудың болжамды жоғары деңгейін, жаңа ірі жылу (МАЭС, ЖЭО), газ (ГЖЭС), гидравликалық (ГЭС), атом электр станцияларының қуатын беруді, 220 кВ-тық тартымдық және қосалқы станциялар мен желілерді салумен бірге темір жолды ауқымды электрлендіруді әрі жаңғырмалы (бейдәстүрлі) энергия көздерін (ЖЭК) қарқынды дамытуды қамтамасыз етеді. Биылдың өзінде «KEGOC» АҚ-тың Қазақстандағы сапалы жұмыстарды игеру сомасы 15 млрд теңгені құрады. 
Еліміздің экономикасының қарқынды дамуына байланысты электр энергиясын тұтыну да артады (мұнай-газ және мұнай-химия, металлургия және өңдеу өнеркәсібі, көлік секторы). Электр энергиясын тұтынудың өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтумен қатар жаңа жылу, гидравликалық, атом электр станцияларын салу ұсынылады. Олардың қатарында: Мойнақ ГЭС, Бұлақ ГЭС, Кербұлақ ГЭС, Балқаш ЖЭС, Астана қаласындағы ЖЭО-3, Ақтау АЭС және тағы басқалар. 
Ал, Қазақстанның ұлттық электр торабы (ҰЭТ) электр энергиясының 2020 жылға дейінгі болжамдық теңгеріміне сәйкес 2015 жылы электр энергиясын тұтыну 100,5 млрд. кВтсағ. құрайды, электр энергиясын өндіру - 103,4 млрд. кВтсағ. Сондай-ақ 2020 жылы электр энергиясын өндіру - 116 млрд. кВтсағ, электр энергиясын өндіру - 120 млрд. кВтсағ. 
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әртүрлі 60 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 981,3 МВт-ты, мүмкіндігі – 14 788,0 МВт-ты құрайды. 
Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-тың теңгеріміне кіреді. 
Қазақстан Республикасының электр тораптары қосалқы станциялардың (ҚС), таратушы құрылғылар мен олардың кернеуі 0,4-1150 кВ болатын электр қуатын жеткізуге арналған электр жеткізуші желілер жиынтығын құрайды. Елімізде жүйелерді топтастырушы торап қызметін ҰЭТ атқарады. Республикамыздың экономикасын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында «KEGOC» АҚ Қазақстанның ҰЭТ дамыту жөніндегі бірнеше мынадай ірі инвестициялық жобаларды әзірлеп жоспарлаған еді: 
Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғырту - I кезең: 2000-2010жж, ол іске қосылып жұмыс істеуде, енді II кезең: 2010-2016 жж. 
Компания республика үшін стратегиялық маңызы бар тағы келесі үш жобаны іске асыруға кіріседі: 
Кернеуі 500, 220 кВ желілермен Қазақстанның ҰЭТ-қа қосуымен бірге 500 кВ-тық Алма ҚС-ның құрылысы» жобасы Алматы қаласы мен Алматы облысының өңірін (Алматы қаласының индустриалдық паркі, 2011 ж. Азия ойындары объектілері, серіктес қалалар) энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол ең алдымен Балқаш ЖЭС-ның 1320 МВт қуатын беруді қамтамасыз етеді. Құны - 30,0 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі-2010-2014 жылдар. 
«Мойнақ ГЭС-ның қуатын беру» жобасы Мойнақ ГЭС қуатын 300 МВт дейінгі көлемде беруге мүмкіндік береді. Құны - 10,3 млрд. теңге. Мерзімі - 2011ж. 
«Балқаш ЖЭС-ның қуатын беру» жобасы Балқаш ЖЭС-ның толық қуатын (2640 МВт) беруді қамтамасыз ету үшін қажет. Құны – 31,3 млрд. теңге. Жоспарланған іске асыру мерзімі – 2010-2016 жж. Бұл жоба еліміздегі 28 серпінді жобалардың ішіне кіреді. Осы жоба бойынша 2010 жылы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жоспарланып отыр. Биыл Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің оңтүстік-бастыс бөлігінде орналасқан Үлкен кентінде Балқаш ЖЭС-не керекті ең маңызды коммуналдық объектілер салына бастады. Мұндағы ауыз су қондырғысы, «Қайраткөл бекеті-Балқаш ЖЭС» темір жолы қайта жарақталып, Қайраткөл бекеті кеңейтіледі. Станция құрылысына төрт мыңға жуық адам атсалысады. Болашақта станцияны жегімдеу кезінде қазақстандық энергетиктер 800 жұмыс орнына ие болады. Балқаш ЖЭС ең жаңа технология бойынша салынады, қоршаған ортаға зиянды қоспалары аз таратылады. Сауатты техникалық шешімдер Балқаш көліне қалдықтардың төгілуін болдырмайды. Жоба жекеменшік инвестициялар мен қарыз қаражаты есебінен іске асырылады. 30% - «БЖЭС» АҚ акционерлерінің өз қаражаты. 2014 жылы аяқталуы тиіс ЖЭС құрылысына стратегиялық инвестициялық серіктесті таңдау жөніндегі ашық халықаралық конкурсты жеңіп алған оңтүстік кореялық корпорации Samsung және КЕРСО корпорациялары қатысады. 
Енді кезінде күллі Одаққа әйгілі болған Екібастұз МАЭС-1 туралы. Бұл алпауыт кәсіпорын «Қазақмыс» тобына кіреді. Мұнда негізгі және қосымша жабдықтарды қайта жарақтаудан соң №5 энергоблок іске қосылды. Инвестициялар сомасы 3,9 млрд. теңгені құрады. 35 қазақстандық және шетелдік мердігерлік ұйымдар, жалпы саны 800 адам жобамен жұмыс істеп, электр станциясының иелік қуатын 2450 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік берді. 
«Қазақмыс» тобындағы энергетикалық қуаттарды қалпына келтіру бағдарламаларының бірі - Екібастұз МАЭС-1 стансасын жобалық 4000 МВт-қа жеткізу. Бұл мұғдарда аталмыш топ-корпорация стансаға 2008 жылдан бері 170 млн доллардан астам қаражат жұмсады. Сондай-ақ мұнда қоршаған ортаға залалды азайту үшін 8 электр сүзгішін орнатуды, басқа да экологиялық жобаларды іске асыру көзделіп отыр. 
Бұлардан басқа, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық шеңберінде қазіргі таңда «KEGOC» АҚ Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, Қырғызстанда 500 кВ-тық әуелік желісі (ӘЖ) мен Қазақстан-Қырғызстан өңіраралық байланыс жүйесін салу жобаларын іске асыруға қатысу мәселесін пысықтап жатыр. 
Аталған өңіраралық байланысқа қажеттілік Қазақстанның оңтүстік өңірінде электрмен жабдықтау сенімділігінің төмендеу қаупіне және қырғыз ЖЭС-нен реттеуші қуат жеткізудегі ықтимал шығындармен байланысты болып отыр, бұл Өзбекстанның жұмыс істеп тұрған жүйе қалыптастырушы 500 кВ-тық Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан ӘЖ электр энергетикалық сақинасын ажыратуды көздеуінен туындауда. 
Осыған орай 500 кВ-тық Орталық Азия өңірінде Қырғызстан өз аумағында салуды жоспарлаған 500 кВ-тық Кемин-Алма (200 км) мемлекетаралық желісімен 500 кВ-тық Датка-Кемин қосалқы станциясын сала отырып жаңа энергетикалық сақина қалыптастыру қажет. 
Аталмыш жобаны іске асыру Қазақстан БЭЖ жұмысының сенімділігін арттыруға, экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін іске асыруға және Қазақстан мүддесі үшін су-энергетикалық мәселелерді шешуді оңтайландыруға мүмкіндік береді. 
Шығындар шамамен алғанда 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл жобаны іске асыру үшін бірлескен Қазақстан-Қырғызстан кәсіпорнын құру қажет (Ресейдің қатысуымен). 
Ұзақ мерзімді перспективада ҰЭТ-ты дамыту Қазақстан БЭЖ-нің барынша сенімді жұмысын қамтамасыз ететін бірқатар сақиналарды құратын дамыған 500 кВ-тық торап жасауды болжамдайды. 2020 жылға дейінгі кезеңде мынадай бағыттар бойынша 220-500 кВ-тық желілерді салу жоспарлануда:

Қазақстанның  батыс өңірінде: 
- Қазақстанның батыс аймағындағы облыстар арасындағы электрлік байланысты күшейту және жоспарланып отырған Ақтау АЭС қуатын беруді қамтамасыз ету үшін 500 кВ-тық МАЭС-Бейнеу-Құлсары-Атырау (800 км) транзиті (өткіні); 
- Қазақстанның Батыс аймағының облыстары арасында электрлік байланыстарды күшейту үшін 220кВ-тық Орал-Атырау және Құлсары-Теңіз транзиттерінің екінші ӘЖ (625 км).

Солтүстік және орталық өңірде: 
- Астана қаласы мен Ақмола облыстарын электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін 500кВ-тық Нұра-Астана ӘЖ-мен (200 км) 500кВ-тық Астана ҚС. 
- Жезқазған энергия торабын электрмен қамтамасыз ету сенімділігін қамтамасыз ету үшін 500кВ Нұра-Жезқазған транзиті (550 км).

Еліміздің шығысында: 
- Шығыс өңірдің Қазақстанның БЭЖ-мен байланысын күшейту, контрреттеуішті Бұлақ ГЭС енгізген кезде Шульба ГЭС-ның толық қуат беруін қамтамасыз ету үшін 500кВ-тық Екібастұз-Шульба ГЭС–Өскемен (700 км) транзиті. 
2020 жылдарға белгіленген 220-500 кВ-тық жаңа желілердің шамамен алғандағы жалпы ұзақтығы жуықтап алғанда 4 600 км, сондай-ақ 6 жаңа 500 кВ-тық ҚС салынуы тиіс. Барлығы 2020 жылға дейінгі кезеңде ҰЭТ-ты дамытуға инвестиция көлемі 430 млрд. теңгені құрайды. 
Осы ауқымды да қарқынды жобаларды іске асыруды «KEGOC» АҚ отандық және қаржы институттарының қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асыруды жорамалдайды. Алда елімізде электр энергиясының тапшылығын жоятындай кезек күттірмейтін істер, алынатын асулар мен белестер күтіп тұр.

Бақытжан Тобаяқов 
«КЕGОС» АҚ-тың бөлім бастығы 
ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының 
мүше-корреспонденті 
Қазақстанның құрметті энергетигі 
Астана

 

 
Н. Әбіқаев: атом станциясын салу мәселесін кейінге шегере берудің қажеті шамалы

16:38 | 4.05.2011

«ҚазАқпарат»

0 / 5 жулдыздар (барлығы 0)

Қазақстанда атом станциясын салу туралы мәселені кейінге шегере берудің қажеті шамалы.

Ең бастысы, орналасатын жері мен қауіпсіздігіне қатысты шараларды түпкілікті терең талқылау керек. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан IV Астаналық Экономикалық форумы барысындағы 2012 жылғы «РИО+20» тұрақты даму жөніндегі бүкіләлімдік саммит үшін жаһандық энергия-экологиялық стратегияны құру жөніндегі панельдік сессия бойынша баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының президенті Нұртай Әбіқаев осылай мәлім етті.

«Қазақстанда Атом стансасын салу туралы мәселе көтерілгеніне біраз жылдың жүзі болды. Бір кездері депуатттық корпустың қарсылығына орай, мәселе кейінге шегерілген еді. Одан кейін жақындағы Жапония қасіретіне дейін де біздің нақты жоспарларымыз болған. Дегенмен, менің ойымша, бұны кейінге ысырудың немесе шегіндіре берудің еш қажеттілігі жоқ», - деді Н. Әбіқаев.

Оның айтуынша, Атом электр стансасына қатысты басты мәселе - оны қайда салу және ондағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қалай қамтамасыз етуге қатысты болып отыр. «Мәселен, бұған дейін Ақтауға саламыз деп келдік. Кейін ол өңірге дұрысы мұнай мен газ негізінде салу керектігі айқындалды. Ал ең алғашқы таңдалған өңір Балқаштың маңы еді. Жалпы, бұндағы мәселе туралы айтатын болсам, мен атом энергиясынан бас тартуға болмайды деп санаймын. Негізгісі осы бойынша жан-жақты талқылаулар болып, жобаның орналасатын жеріне, оның қауіпсіздігіне көбірек алаңдау

Технологиялар және қатынастардағы жұлқыну

13.06.11 10:51 (просмотров: 70)  

Қазақстан қатынасы және Қытай көп жоспарлы жеткiлiктi. Олар бiрнеше жыл тиiстi келiсiмнiң қол қоюынан кейiн артқа сипатталған стратегиялық әрiптестiк тұжырымға экономикалық iстестiк және аймақтық қауiпсiздiктiң саласындағы iстестiк, және де кiредi. Экономика бұл турасында, онда тоқсаныншы жылдарда Қытай көп қазақстандық жанұяларға дүкен есебiнен өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн арзан тауарлардың жабдықтаушымен - туризм. Ол уақытпен бiрақ қазақстандық шикiзаттың бас тұтынушысында айналып кеттi.

Мағына бұның  ҚХР бiздiң ел тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында мұнаймен және металлдармен ең алдымен бiзде көңiл қойған батыс серiктестiктерi алмастырды. Дүниелiк қаржыдан кейiн және экономикалық дағдарыс шикiзатқа экономикалық стагнация, сұраныс бүкiл әлемде басайын деп қалды төмендедi. Және тек қана Қытай қажеттiктi сақтады. Болғанша Қазақстан ел үшiн объективтi түрде қор болатын шикiзаттың жабдықтаушысын базарға халықаралық бөлiсiп еңбектену болып қалады. Бұдан басқа қазақстандық экономиканың финсектораның несие берушыларымен егер ертерек Еуропа және Америкалар болатынын атап өту керек, онда Қытай ендi бүгiн сол көп мемлекеттiк бағдарламалардың iске асыруы үшiн қажеттi қарыздар iлiгедi. Екiбастан, бiздiң елдерлер екi-шi әрiптестiк тiптi толық емес мөлшердемiз, бiрақ едәуiр дәрежеде, өздiң әрiптестiк Қазақстан қатынастарында батыстық елдермен бейнеледi. Бұл жылдамдатылған Қытай экономикалық өсуiн нәтижелер көбiнесе.

Биiк технологиялардың төңiректерiдегiн iстестiктiң элементiнiң пайда болып бүгiн, сөздiң тоқсаныншы жылдарында не туралы жүрмедi. Тiптi болмаса сонда ҚХР өнiмнiң жабдықтаушысын Қазақстан үшiн хай болғанын есептедi - ақты, арзан кроссовкалар және спорт костюмдарына ғана емес. Жеке тақырып Жапониядағы атом электр станцияларына елдер көпшiлiгiнде апаттан кейiн атом энергетикасының дамытуларына елегiзiлген жататын байланған. Мысалы, Германия өз бағдарламаларының тоқтатуы туралы мәлiмдедi. Қытай ештеңе бұрылсын, атом электр станцияларының құрылысы бойынша барлық бағдарлама сақталынатын болмайды.

Информация о работе Автомобильдің жалпы сипаттамасы