Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 07:04, реферат
Физика ғылымының жарық құбылыстарын зерттейтін бөлімін оптика деп атайды. Кристалл заттарға түскен жарық сәулесі оның решеткасы арасында әр түрлі құбылыстарға ұшырайды: сынады, бұрылады, қосылысады, шағылады, сіңеді, спектр түстеріне бөлінеді т.с.с. Осы оптикалық құбылыстар, кристалдардың құрылысына қарай әр түрлі кристалда түрліше болады. Сондықтан, кристалдарды осы қасиетіне сүйене отырып, оптикалық әдіспен зерттейді. Кристалға түскен жарық сәулесі құбылыстарын зерттеуде микроскоп қолданылады. Сондықтан кристалдарды оптикалық жағынан зерттеуді кейде микроскоптық зерттеу деп те атайды.