Дәнді бұршақ дақылдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:49, реферат

Описание

Ауыспалы егістер жәніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп ор-наластыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 — сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай, 4 — арпа. Да-қылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта үзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атай-ды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады.

Содержание

I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерінің түр құрамы
2.2. Дәнді бұршақ дақылдары
2.3 Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері.
2.4. Ноқат
2.5 .Асбұршақ
а)Морфологиялық ерекшеліктері
ә)Қарқынды өсіру технологиясы
2.4. Дәнді бұршақ дақылдарының химиялық құрамы
2.5. Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны
2.6. Қазақстанның қуаң даласында бұршақ тұқымдас дақылдарды егу технологиясы
2.7. Бұршақ дақылдарының қауіпсіздік шаралары, талаптары
III.Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Didar_asd.docx

— 56.14 Кб (Скачать документ)

Ноқат (Cіcer) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның оңт. аймақтарындағы таулардың қиыршық тасты беткейлері мен тастақты жерлерінде, тау өзендерінің аңғарларында өсетін 3 түрі бар. Олардың биікт. 15 – 70 см. Жай қауырсынды жапырақтарының ұштарында мұртшалары не өскіндері болады, олардың сыртын безді талшықтар (қымыздық, лимон, алма қышқылдарын бөледі) жапқан. Дара гүлдері ақ, қызғылт не қызыл түсті болады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршақ. Тұқымы қарақоңыр түсті, жұмыртқа тәрізді, екі бүйірінен бұдырлы келеді. Н-тың тұқымында белок, май, азотсыз экстрактты заттар, В витамині болады. Сондықтан Н-ты тағам ретінде пайдаланады, кондитерлік өнім алуда қолданады. Сондай-ақ Н-тар – жақсы мал азығы.

Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді  бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы  дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мың/га) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік  мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.

Биологиялық ерекшеліктері.  Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу кезеңдеріне барынша  оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену  мен дәннің толысу  кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін  шығындайтын ылғал мөлшері бойынша асбұршақ ылғал сүйгіш  өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына  байланысты, ол көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б. қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-гүлдену  кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі  топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады. Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті  300-600 аралығында. Гүлдену кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді.  Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б.  топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр , сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда да ол нашар өседі.

Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады.  Асбұршақ бір танапта  қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді.  Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады.  Себу алдындағы топырақ  өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда  өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында  түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын күшейтеді.Ауруларға қарсы нитрагинмен  дәрілейді.Асбұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млн/га өнгіш тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.

Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ  тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.  

 

2.4. Дәнді бұршақ дақылдарының  химиялық құрамы

Дәннің құрамына кіретін барлық заттарды органикалық (көмірсулар, ақуыздар, липидтер, пигменттер, ферменттер, дәрумендер) және бейорганикалық (су, минералды  элементтер).  Химиялық құрамы бойынша барлық дәнді-дақылдардың дәндерін крахмалды өсімдік шикізатына, өйткені олардың құрамында крахмал көп. Бұршақ дақылдарын ақуыздар тобына құрамында ақуыз көп, ал майлы дақылдарда липидтер көп.

 

2.5.  Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны 

Белок-жер шарындағы өмірдің  кілті. Белоктар - әр қырлы биологиялық  катализаторлар, оларсыз организмде бірде-бір биохимиялық процестер  жүрмейді. Организмде белоктар зат  алмасу процесінде азайып жұмсалады  да, олардың қоры әр қашан да толықтырылып тұрады. Организмнің 1/5 бөлігі белоктан тұрса және 2/3 бөлігі қатты қалдықтан  тұрады, сол себепті адам организмі  белок резерві онша көп болмайды. Сондықтан күнбе-күн белокті тамақты  аминоқышқылдармен жолықтырылып отырылады, олар адамзаттың қоректенуі үшін табылмайтын  және басқамен ауыстырылмайтын қорек  болып есептеледі. Негізгі ауыстырылмайтын  амин қышқылдарымен тамақты толықтыру  белокті құрамының толық бөлінуіне  талап етеді (аргенин, метионин, лезин, гисьяин, фенил-аларин, летсин, вомен, турифтедан, теонин). 
Егер адам организмі белокпен бірге 8 негізгі аминқышқылын қабылдау керек болса, ал бала организмі оған қосымша тағы екі аминқышқылын талап етеді (аргинин,гистидин). 
Егер, ұзақ уақыт тамақта белок аз болса онда ол денсаулыққа зиян тигізеді, яғни салмақты азайтады, қанның мөлшерінің азаюна себепші болады, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді және т.б. Ал егер тамақта белок көп болса ол да әрбір ауруларға себепші болады. Сондықтан адамның тамағында нағыз белоктардың болғаны абзал. Орта жастағы адамға күніне 80-100г белок қажет, немесе 1.6-1.3 г белок 1кг дене салмағына қажет. Белок қабылдау нормасы адамның жасына,жұмыс тәртібіне,денсаулығына байланысты болады. 
Адам организмін негізінен белокпен қамтамасыз етушілер өсімдік және мал шаруашылықтар өнімдері.  
Дәнді бұршақ дақылдарын тағамға пайдалану, басқа тағамдарға қосымша, организмді сапалы тез қорытылатын белоктармен, минералды заттармен және витаминдермен қамтамасыз етеді.Витаминдер организмінің асқорыту мүшесін 

 

2.5. Қазақстанның қуаң  даласында бұршақ тұқымдас дақылдарды  егу технологиясы

Бұршақ тұқымдас дақылдар туралы айтатын  болсақ,оның бірнеше оңды қасиеттерін  атап өтуге болады. Біріншіден, осы  өсімдік тұқымдастары өзінің тұқымдарында, және жасыл жиынтығында өсімдік  ақуызын аса мөлшерде сақтау қабілеті бар (малдарды толық азықтандыруда  маңызы зор). Екіншіден, бұл өсімдіктердің  азотжинақтаушылар сияқты агротехникалық маңызы зор (бұлбұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында орналасатын және ауадан тәуелсіз азотты сіңіріп, оны өсімдіктерге қолайлы қалыпқа аударуына қабілетті  түйнек бактерияларының қызметімен түсіндіріледі). Үшіншіден, бұршақ тұқымдастар көптеген астық дақылдарына мүмкіндігі аз, яғни олар астық және де басқа дақылдарға жол салушы, ауыр еритін фосфорлы қоспасына қатысты тамырлы жүйесінің сінімділігі қабілеті бар. Төртіншіден, бұршақ тұқымдастар (асбұршақ, нут) рынокта жоғары бағаны ұстап тұр. Бесіншіден, бұршақ тұқымдастардың дәнді, жарма және техникалық дақылдармен бірлесіп ауыспалы егістікте өңдегенде шаруашылықты ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғандай, бұршақ тұқымдас дақылдар – жан-жануарлар үшін жақсы  азық. Президент Жолдауында аграрлық секторде мал шаруашылығын дамыту бойынша  теңдессіз жоба жүзеге асырылады  деп айтылған, сондықтанда келешекте  Солтүстік Қазақстанда өсірілетін дақылдар арасында бұршақ тұқымдастарға  нарықтық сұраныс жетекшілік орын алады.

Қостанай НИИ СХ тәжірибелерінде  бұршақ тұқымдастрады өңдеуде қорсақтағыш  технологиясы қолданылады. Орылған  аяда негізгі өңдеу жүргізілмейді. Егіс алдындағы өңдеуде біріңғай әсердегі гербицидтер қолданылады. Себу амалы – қарапайым. СКП - 2,1 тұқым сепкіші қолданылады. Оңтүстік жеңілсазды қара топырақтарында асбұршақ үшін тұқым себу нормасы 0,8 ден – 1,0 млн. шт./га дейін, нут үшін - 0,6-0,8 млн. шт./га. Тұқым өңдеу тереңдігі 6-8 см. Бұршақ тұқымдас дақылдарды егуді жоғарысапалы тұқыммен аймаққа оңтайлы мерзімде өткізген жөн: нут үшін - 10-20 мамырда, асбұршақ үшін - 15-31 мамырда. Вегетация кезеңінде асбұршақты егуде егістікті гербицидтпен бүрку жүргізіледі. Нутты егу кезеңінде біржылғы ғана емес, көпжылғы дәнді дақыл арамшөптерімен күресуге болады. Сонымен қоса кеңжапырақты арамшөптертермен күресуде проблемалар пайда болады, өйткені гербицидтер оларға қарсы өсімдіктің жойылуына мәжбүр етеді, тиісінше, нутқа кеңжапырақты арамшөптертерден таза алаң таңдаған жөн. Нутты тіке комбайндаумен, ал асбұршақты жеке әдіспен жинау қажет. Астық жинау кезінде барлық өсімдік қалдықтары ұсақталған күйде егінжай бетінде қалады. Егістіктің арамшөптілігі бойынша мәліметтер 1 кестеде соңғы 5 жылға көрсетілген.

 

 

1 Кесте - 2006-2010 ж.ж. толық шығу фазасындағы бұрщақ тұқымдас егістіктің арамшөптілігі.

Дақылдар

Арамшөптер саны 1 м2, саны

Барлығы

Соны мен қатар

біржылдық

көпжылдық

Бұршақ

Нут

91,3

80,8

88,7

76,2

2,6

4,6


 

Арамшөптер саны (біржылдық және көпжылдық) 1 масбұршақ тәжірибесінде нутқа қарағанда арамшөптілілігімен 1,13 ретке дейін асып түседі. Бірақ нутты егуде көпжылдық арамшөптер көп болды (дала қалуены, дала шырмауығы) және асбұршақ арамшөбінен 1.7 рет артып кетты, сондықтан нут үшін егістік таңдағанда, көпжылдық арамшөптері бар алаңдардан аулақ болу қажет. Бұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, алдыңғы дақылдарды жиниғаннан кейін зиянды көпжылдық арамшөптермен күресу қажет. Біржылдық арамшөптердің басым бөлігі (алабота, қыл, арам тары және т.б.) асбұршақ алаңында байқалды. Бұндай үлкен дәрежедегі арамшөптілік бұршақ тұқымдастардың даму кезеңіндегі армшөп өсімдіктері үшін нашар бәсекеші болғандықтан пайда болды.

Астық шығыны туралы айтатын болсақ, біз ылғыл сақтағыш технологиясы артықшылығы есебімен жылдар бойы бұршақ тұқымынан өнім алатынымызды атап өткен жөн. (2 кесте).

2 Кесте – Тәжірибе жылдарындағы бұршақ тұқымдастар өнімі (2006 – 2010 жж.)

Культура

Жылдық бидай өнімі ц/га

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

2010ж

Орташа 5 жыл

Бұршақ

Нут

15,9

15,3

19,2

18,5

15,4

14,2

23,9

22,3

14,7

11,4

17,8

16,3


 

Орташа 5 жылға алғанда асбұршақ өнімді болды. Оның өнімділігі нуттан 1,1 рет басым болды. Асбұршақ –  ауыл шаруашылығы малдары үшін бағалы белокты азық. Құрамында 18-22% белогы бар жасыл жиын және шөптің үлкен  азықтық маңызы зор. Бірақ нут, кұрғақшылыққа  төзімді дақыл ретінде Қазақстанның солтүстік аймақтары үшін үлкен  қызығушылық тудырады. Нуттың басқа  бұршақ тұқымдас дақылдардан тағы бір  ерекшелігі, ол аз мөлшерде зиянкестерге және ауруларға шалдығады. 

Жоғарыда атап өткендей, топырақ өңдеуді минималдандыру бұршақ тұқымдарын егу кезінде ең маңызды жағдайлар ретінде қарастырылатынын атап өткен жөн. Жабындау егін шаруашылығын қолдануына байланысты топырақ биотының қалыптасуы байқалады, топырақтың микробиологиялық белсенділігі артады, бұл өсімдік материлдарының тезірек қоректендіргіш заттарға айналуына көмектеседі. Сонымен қоса, алаң бетіндегі өсімдік қалдықтарын біркелкі орналастырылуы, жел немесе су эрозиясынан топырақты қорғайтынына көңіл аударған жөн. Өз кезегінде, топырақ қабатындағы өсімдік қалдықтары арқасында жиналатын қорек элементтері мен ылғал қорлары, бұршақ дақылдарының дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызып отырады.

Қорытынды ретінде, Қазақстанның қуаң даласында бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу тиімді және өңдеу технологиясы дұрыс сақталған жағдайда жоғары өнім алынатына кепілдік берілетінін  атап көрсеткен жөн.

 

2.7.  Бұршақ дақылдарының  қауіпсіздік шаралары, талаптары

Өндіру процесінде астық  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Астық өндіру экологиялық  және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің  экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін, құнарлылығын сақтауды және ұдайы молықтыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді болдырмайтын немесе шектейтін ғылыми негізделген және ұсынылған тәсілдермен жүзеге асырылады.

1. Астықты өндіру кезінде:     

1) қолданыстағы нормалар, нормативтер,  агротехникалық, агрохимиялық, мелиоративтік,  фитосанитарлық және эрозияға  қарсы іс-шараларды жүргізу ережелері  сақталуы;     

2) зиянкестер, өсімдік ауруларын  қоздырғыштар және карантиндік  маңызы бар арамшөптер болмайтын  тұқымдар пайдаланылуы;     

3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді  қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолданылуы тиіс.     

10. Астық өсіру кезінде пайдаланылатын  пестицидтер (улы химикаттар) мен  тыңайтқыштар Қазақстан Республикасының  химиялық өнімнің қауіпсіздігі  туралы заңнамасының талаптарына жауап беруі тиіс.     

 Астықта улағыш заттардың  жинақталуын болдырмау тыңайтқыштар  мен гербицидтерді қолдану жөніндегі  талаптарды (енгізу және өңдеу  мерзімдері, тәсілдері, мөлшерлері  және еселігі) сақтау арқылы  қамтамасыз етіледі.     

11. Тыңайтқыштар мен өсімдік  қорғау құралдарын қолдану жөніндегі  автокөліктің, ауыл шаруашылығы  техникасының, машиналардың және  жабдықтың техникалық жай-күйі, оларды  пайдалану тәртібі машиналар  мен жабдық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сай болуы тиіс.     

Информация о работе Дәнді бұршақ дақылдары