Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 16:49, реферат
Ауыспалы егістер жәніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп ор-наластыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 — сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай, 4 — арпа. Да-қылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта үзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атай-ды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады.
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерінің түр құрамы
2.2. Дәнді бұршақ дақылдары
2.3 Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері.
2.4. Ноқат
2.5 .Асбұршақ
а)Морфологиялық ерекшеліктері
ә)Қарқынды өсіру технологиясы
2.4. Дәнді бұршақ дақылдарының химиялық құрамы
2.5. Белок өндірісін арттырудағы дәнді бұршақ дақылдарының алатын орны
2.6. Қазақстанның қуаң даласында бұршақ тұқымдас дақылдарды егу технологиясы
2.7. Бұршақ дақылдарының қауіпсіздік шаралары, талаптары
III.Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
12. Астық өндіру процесінде
13. Астықты сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретін, астық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін астық сақтау қоймаларында жүзеге асырылады.
14. Астық сақтау қоймаларының
аумағы қоршаулы және
Ғимараттардың жертөлелік қабаттарының және жерасты тоннелдердің жайғастырылуы оларға жерасты суларының өтуін болдырмауы тиіс.
15. Астық сақтау қоймалары
16. Өндірістік үй-жайлар
Астық сақтау қоймаларының
едендері ойықтар мен
17. Астық сақтау қоймаларында астықты өңдеудің технологиялық процесі астықпен байланысты барлық операцияларды ағылмалы механикаландырылған түрде жүргізуді қамтамасыз ететін технологиялық желілерді қолдану базасында ұйымдастырылуы тиіс. Ағылмалы технологиялық желі операциялардың мынадай дәйектілігін көздеуі тиіс:
келіп жатқан астықты өлшеу;
астықты механикаландырылған жолмен түсіру;
астықты алдын-ала қалдықтазартқышта тазалау;
дымқыл астықты уақытша
дымқыл және су астықты кептіру;
астықты айырғыштарда тазалау;
астықты триерлерде және басқа да астықтазалағыш машиналарда тазалау;
тазаланған астық пен
өңделген астықты астық
18. Біртекті технологиялық жабдықтың әрбір тобына пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс.
19. Астық сақтау қоймаларында:
1) астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықты сақтауға;
2) қоймалық үй-жайлардың ішінде астық тазалау, басқа да машиналарда іштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;
3) қойманың екі жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге;
4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерде тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндер факелдың көмегімен жағуға;
5) кептіргіштерде ақауы бар температура бақылау аспаптарымен және оттықтағы от сөніп қалған кезде отынды беруді автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлі тұтату жүйесімен немесе оларсыз жұмыс істеуге;
6) астықты транспортер лентасынан биік етіп үюге және лентаның транспортер тетіктерімен үйкелуіне жол берілмейді.
20. Кептіргіш жұмыс істеп тұрған кезде астық температурасын бақылауды үлгіні әр 2 сағат сайын алу жолымен жүзеге асырылады.
Арту-түсіру тетіктерін шаң-тозаң мен астықтан тазарту жұмыстары бір тәуліктен кейін жүргізіледі.
20-1. Бидайдың, қара бидайдың, арпаның,
күнбағыстың, қарақұмықтың, тарының, сұлының
тұқымдық астығының ең жоғарғы қызуы 40 оС-тан,
ал кептіру агентінің температурасы -
70 оС-тан аспауы тиіс. Бұршақты дақылдар
мен күрішті кептіру кезінде тұқымдық
астықтың қызуы 35 оС-тан, ал кептіру агентінің температурасы
- 60 оС-тан аспауы тиіс.
Ылғалдылығы 19 %-дан жоғары тұқымдық астықты
кептіру кезінде тұқым ұрығының зақымдануына
жол бермейтін жұмсақ режим қолданылады,
бұл ретте бірінші аймақта қыздырудың
шекті температурасын 5 оС-қа, ал кептіру агентінің температурасын
- 10 оС-қа төмендету жүргізіледі.
22. Астықты тасымалдау астықтың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Астық құрғақ, таза, бөтен иіссіз, зиянкестермен залалданбаған көлік құралдарында тасымалданады.
24. Астық тасымалдауға арналған автокөлік құралдары техникалық тұрғыдан жарамды, таза, бөтен иіссіз болуы тиіс. Астықты атмосфералық жауын-шашынның әсерінен бүлінуден сақтау және шығындарды болдырмау үшін тасымалдаушылар кузовтардың едендері мен борттары қосылатын жерлерді тығыздауды және кузовтарды жамылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс.
25. Астықты темір жол көлігімен (арнайы вагондармен-астық тасушылармен, жабық вагондармен немесе контейнерлермен) тасымалдау кезінде тиеуге жарамды және тазаланған, қажет болған жағдайда жуылған вагондар мен контейнерлер беріледі, оларды тиеуге бергенге дейін станциядағы тасымалдаушының өкілі қарауы тиіс.
26. Арнайы вагондар-астық тасушылар тиеуге жарамды кузовтарымен беріледі, тиейтін және түсіретін люктердің қақпақтарында саңылаулар болдырмайтын резиналық тығыздағыштар, сондай-ақ ілмек-пломбалық құрылғыны бұзбастан люктің ашылуын болдырмайтын ілмек тетіктері мен жарамды шектеу қондырғылары болуы тиіс.
27. Жабық вагондар астық тасымалдауға тасымалдаушы берген ақаусыз есік тоспалары (қалқандары) болған жағдайда жіберіледі.
28. Вагондар мен контейнерлерді жуу және дайындау пункттерінде өсімдік карантині саласындағы уәкілетті органның өкілі жүк жөнелтушінің өкілімен бірлесе отырып вагондар мен контейнерлердің астық тиеуге жарамдылығын алдын-ала қарауды жүргізеді.
29. Карантиндік объектілермен залалдану
анықталған жағдайда залалданған астық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер
карантині туралы заңнамасының талаптарын
30. Залалданған астықты түсіргеннен кейін жүк алушы вагондар мен контейнерлерді жуады. Залалданған астықты тасымалдағаннан кейін вагондарды, контейнерлерді және қалқандарды залалсыздандыру жүк алушы немесе тасымалдаушы жүк алушының есебінен тасымалдаушы мен жүк алушы арасындағы шарттармен белгіленетін тәртіппен жүргізіледі.
31. Астық тасымалдаудағы көлік құралдарына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілегентәртіппен санитарлық паспорттар ресімделеді.
32. Эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша ұтқыр бригадалар және (немесе) мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын қолдана және қолдану режимін, қауіпсіздік шараларын, кәдеге жарату әдістерін, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтай отырып астық сақтауға арналған вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін өңдеуді жүргізеді.
33. Вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін өңдеу жөніндегі жұмыстардың аяқталуы вагонның, контейнердің, трюмнің нөмірін, жүктің атауын, жұмыстарды жүргізу күні мен уақытын, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарының атауларын және жұмысты орындаушыны көрсете отырып белгіленген нысандағы анықтамамен ресімделеді.
34. Анықтама үш данада жасалады, оған жұмысты жауапты орындаушы және темір жол көлігіндегі, аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы, жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының өкілдері қол қояды.
Қорытынды.
Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдауында ауыл шаруашылығына көп көңіл аударған. Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі халықтың ауыл шаруашылығы тауарларына деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық тамақ және жеңіл өнеркәсіптерді дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.
Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері.-Ақмола,
2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.
3.Қ.Ш. Жанабаев және т.б. "Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру" Алматы, 1994, 128-144 б
4. В. П. Черногольвин " Дәнді бұршақ дақылдар " Алматы, 1982, 39-48б
5.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.
6.Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы-Астана 2010
7.Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдау