Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:59, реферат
Барлық мұнайлар құрамдарында күкiрт болады. Абсолютті күкіртсіз мұнайлар жоқ. Негiзiнде мұнайлардағы жалпы күкiрттiң мөлшері жүздік үлестен 8%-ға және 14%-ға дейін жете алады. Кейбір мұнайларда ол мынаны құрайды, %: манғышлак – 0,2, шаим – 0,5, ромашкинск – 1,8, амудария – 8,0. Татария табиғи битумдарының бір айрықша ерекшелігі – олардағы күкірттің жоғары мөлшері 2,8-5,4%. «Жалпы күкірт» деген ұғым барлық күкіртті мұнай қосылыстарындағы, яғни бос, күкіртсутекті, тиолды, сульфидті, дисульфидті, тиофенді және қалдық мұнай қосылыстарындағы күкірттердің мөлшерін білдіреді.