Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:36, дипломная работа
Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен майлардың тотығуындағы энергияның көп болуына қарамастан, организм үшін негізгі энергия көзі көмірсу болып табылады, себебі майлардың тотығу үшін де ең алдымен организмге көмірсу қажет, яғни майлар «көмірсулардың жалынында жанады». Организмдегі майлардың қоры 10-15 күнге жетсе, көмірсудың қоры 13-14 сағатқа ғана жетеді. Майлар, сонымен қатар А, Д, Е, К витаминдерінің еруіне ж
Дәрістің оқулық жоспары:
Липидтер, олардың жіктелуі.
Майлы қышқылдар және олардың өкілдері.
Глицеролипидтер.Ацилглицериндердің гидролизі.
Фосфоглицеролипидтер.
Сабындалмайтын липидтер. Стероидтар.
Сфинголипидтер және гликолипидтерге жалпы түсінік
Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы
Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің немесе стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар т.б.) кездеседі.
Холестерин (құрылысы)
Холестерин туындылары (өт қышқылдары, гормондар, витаминдер)
Холестерин
Холестерин (холестерол) стериндердің ең көп тараған өнімі. Холестерин барлық жануарлардың липидтерінде қан мен өтте болады. Ағзада бос күйінде және күрделі эфир түрінде кездеседі.
Холестерин жануарлардың жасуша мембраналарының міндетті құрушысы және басқа стероидтық қосылыстардың, гормондардың, өт қышқылдарының, витамин Д-нің т.б. биосинтез үшін негізгі материал болып есептеледі. Холестерин бауырда өт қышқылдарына айналады. Өт қышқылдарының көбісі холан қышқылдарының туындысы. Адам өтінен төрт түрлі қышқыл бөліні алынған, оларды холь қышқылдары деп атайды. Холин қышқылдарының негізгі бөлігі циклопентанпергидрофенантрен сақинасы болып табылады.
Стероидтық гормондарға
Гликокортикоидтар және минералдық ортикоидтар
Гликокортикоидтарға, мысалы, кортикостерон туындысы кортизол тобы мен кортизен жатады. Олар қабынуға қарсы әрекет жасайды. Организмде белоктардың, көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Минералды кортикоидтарға мысалы: альдостерон жатады. Бүйректе ол натрий иондарының сіңірілуіне мүмкіндік туғызады, сондықтан Na ионының несептен бөлініп шығуын төмендетіп, ал к ионының бөлініп шығуын күшейтеді. Жалпы алғанда альдестерон ұлпада Na мен К дің бір қалыпты байланысын сақтауға мүмкіндік жасайды.
Жыныс гормондары (эстрогендер) стероидтық гормондарға жатады. Жыныс гормондары жыныс бездерінен, мысалы: әйелдердің ағзасында жыныс гормондары аналық бездерден пайда болады. Жасушаның гранулезысында пісіп жетілетін аналық жасушаны қаптаған қабықшада және жасушаның ішкі жағынан да эстрадиол түзіледі. Ол ең активті немесе күшті эстроген болып есептеледі. Эстрогендер жатырдың, қынап пішінінің үлкеюіне мүмкіндік туғызады. Әйелдердің екінші жыныстық белгілерінің, яғни емшек бездерінің, әйел сымбатының дамуын қамтамасыз етеді.
Эстрадиол
Тестостерон ер адамның жыныс гормоны болып есептеледі. Ал андрогендер осы тестостеронның метаболизм кезіндегі өнімдері.
Тестостерон бойдың өсуіне, сыртқы жыныс мүшелерінің қаңқаның, бұлшықет жүйесінің қалыптасуына, қуық түбі безінің шәует көпіршіктерінің жетілуіне, ақуыздың алмасу процесінің артыруына және т.б. әсерін тигізеді.
Иллюстрациялы материалдар: презентация
Таблицалар, слайдтар.
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Патсаев Ә.Қ., Жайлауов С.Ж. «Органикалық химия негіздері». Шымкент, 2005, 1-кітап. – 359 б. 2005, 11-кітап. -441б., 2005, 111-кітап. 232б.
2. Патсаев Ә.Қ., Сейтімбетов Т.С,
Шитыбаев С.А, Дәуренбеков Қ.Н.
Қосымша:
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)