Мұнай. Мұнайдың құрамы. Қасиеттері және алынатын өнімдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:32, реферат

Описание

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Содержание

Жобаның мақсаты:
Оқушыларға мұнай жайлы мәліметтер беру;
Мұнай өнеркәсібімен таныстыру;
Мұнайшы ғалымдармен таныстыру;
Мұнай компанияларын атау және олардың қызметтерін түсіндіру;
Мұнайдан жасалатын заттарды көрсету және өздерінің жасауына қызығушылығын ояту.
Осы жобада көтерілген сұрақтар:
Мұнай жайлы біз не білеміз?
Біздің елімізде қандай мұнай өнеркәсіптері бар?
Мұнай жайлы жазылған кітаптар бар ма?
Қандай мұнайшыларды білеміз?
Мұнай компаниялары, мұнай серіктестігі, мұнай-газ аясындағы конференциялар жайлы не білеміз?
Мұнайдан қандай қызық заттар жасауға болады?

Работа состоит из  1 файл

Мұнай.docx

— 122.03 Кб (Скачать документ)

 
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары  мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.[3]

Пайдаланылған әдебиеттер

Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.

  1. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
  2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.

                         Мұнай өнеркәсібі

Мұнай Өнеркәсібі– Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.

Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға  арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.

1960 жылдардың ортасында  осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.

Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.

1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.

1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.

Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.

Қазакстаннан түрлі маркадағы  мұнай өндіріледі.

Мұнай мен газды  ірі компаниялар өндіруде:

  • «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
  • ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
  • Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).

«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.

1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.

Көш бастаушы Атырау облысы.

 
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір  жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.

Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын  құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы  магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент.

Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт  көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.[1] [2]

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.
  2. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

                           The Prize (кітап)

The Prize (кітап)  

Author(s)

{{{author}}}

ISBN

ISBN 0671502484 (қатты мұқаба) 
ISBN 0671799320 (жұмсақ мұқаба)


The Prize: The Epic Quest for Oil, Money, and Power (қаз. мұнай, ақша және билік жолындағы әлемдік күрес тарихы) - Даниел Эргиннің мұнай тарихы туралы жазған еңбегі.

Оның желісі 1860 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі тарихты қамтиды. Кітап 1990 жылы басылып шықты. Бірден бестселлерлер қатарына қосылды.

Автор өз шығармасында мұнайдың тарихи маңызының артқандығын түсіндіреді, көптеген кейіпкерлер арқылы бүгінгі  экономиканың және саясаттың дамуына  да тоқталады. Аталған еңбекте әлемнің  ең ірі трансұлттық корпорацияларының жұмыс істеу негіздері тарихы айтылады. 1973 жылғы мұнай өндіруші Араб елдерінің ұстанымы әлемдік экономикалық қатынасты өзгертті.

1992 жылы The Prize Пулитцер сыйлығының иегері болды[1]. Кітап көптеген тілдерге аударылды. Орысша аударылған нұсқасында "Добыча" деп аталады. Орыс тіліне аударуға демеушілік көрсеткен мұнай компанияларының арасында қазақтың "ҚазМұнайГаз" Ұлттық мұнай компаниясы да бар, дегенмен қазақ тілінде әлі аударылған жоқ.

Дереккөздер

  1. http://www.pulitzer.org/bycat/General-Nonfiction

                 Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев

Ермек Нәсіпқалиұлы Марабаев (1959 жыл 26 желтоқсан, Мәскеу, КСРО) - мұнайшы, иженер, ұлттық мұнай компанияларының басшысы.

Білімі

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын (1982) кен  инженері мамандығы бойынша;

Кингстон университеті магистратурасын (Лондон қ., 2004);

«General management» ХША Мәскеу әлеуметтік және экономикалық ғылымдар мектебін бітірген (2004).

«Үңғыманың вертикалды діңгегіндегі қайтарушы» авторлық куәлігіне ие (1986). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Биографиясы

  • 1982 жылдан - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері.

1984 жылдан Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасының бұрғылау шебері, ауысым бастығы.

1987 жылдан - Құмкөл тереңнен бұрғылал пайдалану экспедициясы бастығының орынбасары, бас инженері, бастығы.

1989 жылдан - Жетібай бұрғылау  жұмыстары басқармасының кәсіподақ  комитетінің төрағасы.

1991 жылдан - Маңғыстау облыстық  табиғат қорғау комитетінің белім  бастығы, Маңғыстау облыстық экологиялық  және табиғат пайдалану комитеті  төрағасының орынбасары.

1993 жылдан «Қазақстанмунайгаз» компаниясының сыртқы экономикалық байланыстар департаментінің бас маманы, мұнай, маркетинг және коммерциялық операциялар жөніндегі департаментінің бастығы.

1995 жылдан - Лондондағы ҚР  сауда үйінің мұнай департаментінің  бастығы, «Дрилкон Инк.» фирмасының  Қазақстан Республикасындағы кеңесшісі,  Қазақстандағы американдық компания  филиалының басқарушы директоры.

1997 жылдан «ҚуатАмлонМұнай » БК бас директорының орынбасары.

1999 жылдан - «Харрикейн Құмкөл  Мұнай» ААҚ вице-президенті.

2001 жылдан - «Шевронмұнайгаз» компаниясының коммерциялық менеджері.

2005 жылдан - «Кұрманғазы Петролеум»  ЖШС бас директоры.

2007 жылдың сәуір айынан - АҚ «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, 2007 жылдың қыркүйек айынан бері - бас директоры.

Наградалары

«Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгісі,

«Самұрык-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (2009) Құрмет грамотасы.

Әскери атағы - запастағы  аға лейтенант.

Отбасы

  • Әкесі - Марабаев Нәсібқали Әбуғалиұлы (1936-2007), «Мұнайшы» ҚҚ негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға зор улес қосқан.
  • Анасы - Марабаева Ләйлә Оқанқызы,зейнеткер, Маңғыстау облысының мұнай-газ комланияларының кадрлар бөлімінің жетекшісі болған.
  • Інісі - Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы
  • Қарындасы - Марабаев Сәуле Нәсіпқалиқызы
  • Жұбайы - Марабаева Алмагүл. 4 баласы бар [1].

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

                             Сафи Өтебаев

Өтебаев Сафи (1909, Атырау облысы, Қарабау ауылы – 2006, Алматы) – мұнайшы, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-інің ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері. 1928 – 30 ж. Орынборда жұмысшы факультетінде, 1931 – 35 ж. Баку қаласында мұнай институтында оқыған. 1936 – 45 ж. Ембі мұнай өндірісінде жауапты қызметтер атқарды. 1945 – 51 ж. Жылыой аудан партия комитетінің 1-хатшысы, 1951 – 57 ж. «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы, 1957 – 65 ж. әуелі Гурьев, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы, 1965 – 71 ж. «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің басшысы, 1971 – 80 ж. Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық информация институты бастығының орынбасары болды. Маңғыстау байлығын игеру мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылым мақалалары салалық-техникалық журналдарда, брошюраларда және және басқа да басылымдарда жарияланған. Өмір жолын Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қаз тұру, даму кезеңдерін суреттейтін «Өмір мұраты» (1988) атты кітабы жарық көрді. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің (1938 – 59), кейін КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған. Ленин, Октябрь революциясы, Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.[1][2]

Өтебаев Сафи туралы Фильм

2009 — «Қазақ мұнайының атасы — Сафи Өтебаев» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: Умаров К.Н. и "Нефтяник" общественный фонд. им.Н.Марабаев

Пайдаланған әдебиет

  1. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

                     Chevron Corporation

                                                

Chevron Corporation (қаз. Шеврон корпорациясы) – байырғы аса ірі мұнай компаниясы.

Тарихы

1873 жылы Лос Анжелесте (АҚШ) құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері — Сан-Францискода (Калифорния штаты). Шеврон мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады, сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады.

Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмыс жасайды, 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын, өз елінде табиғи газ өндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді. Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады, “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты, сондай-ақ Каспий мұнай құбыры консорциумына белсене қатысушы.

Қазақстан

Шеврон Қазақстандағы  ең ірі жеке меншік мұнай өндіруші компания болып саналады.[1]

Дереккөздер

  1. Template error: argument title is required.
  • Қазақ энциклопедиясы, 9 том

                                KIOGE

KIOGE - Қазақстанда жыл сайын өткізілетін халықаралық мұнай-газ көрмесі және оның аясындағы конференция. Көрме мұнай-газ өнеркәсібі саласындагы жетекші халықаралық компаниялардың өнімдерімен және ұсынатын қызметімен таныстырады. KIOGE Қазақстанның мұнай саясатының әлемдік айналысына енгендігінің күәсі іспетті

                       Аби Петролеум Капитал

Аби Петролеум  Капитал - Атырау облысы Махамбет ауданындағы "Грядовое" кенорнының мұнайын барлаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Құрылтайшысы - "Meerbusch" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан. "Аби Петролеум Капитал" серіктестігі 2002 жылы 29 желтоқсанда құрылған. Атырау облысының Махамбет ауданындағы "Грядовое" кенорнының көмірсутек шикізатын игеру құқығы бұл серіктестікке жер қойнауын пайдалану операцияларын жургізуге рұқсат етілген келісім-шартты Мемлекеттік тіркеу актісіне сәйкес берілген. Келісім-шарт 2002 жылы 29 желтоқсанда тіркелген, тіркеу №1082, оған 2003 жылы 20 наурызда №1 қосымша енгізілген).

            Мұнай сабыны — жас ғалым жаңалығы

Ендігі  жобаның бірі, «Мұнай өнімдерінен  сабын алу». Бұл өте ерекше және мән берерлік жоба деп айтуға болады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 4 курс студенті Рақымжан Тұрманов, химия мамандығында білім алуда.  Рақымжан мұнай өнімдерінен антибактериалды хош иісті сабын жасайды. Оның жасалу жолдары, мұнайдан алынған парафинді тотықтырып алады, оларды карбон қышқылдарына айналдырады. Оларды натрий гидроксидімен әрекеттестіреді, осы әрекеттесу кезінде карбон қышқылдарынан натрий тұздары алынады. Алынған тұз сабынның негізі болып табылады. Осы негізді әрі қарай өз жерімізде өсетін хош иісті раушан, жусан секілді өсімдіктермен қосады. Барлығының экстракциясын алып, сабын негізіне қосады. Жалпы лабороториялық деңгейде бұндай сабынды дайындау көп уақытты қажет етпейді екен.  

                                               

Аймағымызда жастар саясатын дамыту мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы, «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігі және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің агро-биологиялық қолданбалы зерттеу орталығының бірлесе жүзеге асырып жатқан «Жастар үшін ғылыми орталық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында ғылыми ізденістермен айналысатын облысымыздағы және қаладағы мектеп мұғалімдері мен оқушыларына, яғни жас ғалымдарға ғылыми кеңестер беріп, жаңа технологияны игеремін деген жастарға жөн сілтеп келеді. Соның бір айғағы ретінде, «Қазақстан білім қоғамы жолында» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жастарына арнаған интерактивтік дәрісін насихаттау бағытында, «Жаңа әлемдегі — Жаңа технология» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің өткізілуі дер едік.

Осы аптаның басында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында инновациялық идеялар  мен жобалар жәрмеңкесі болып өтті. Аталмыш жәрмеңкенің мақсаты «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының аясында білім беру ісінің даму мәселері мен болашағын насихаттап, білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану болып табылады.

Айта кететіні, «Жаңа әлемдегі — Жаңа технология» тақырыбында  инновациялық идеялар мен жобалар  жәрмеңкесі аясында, қазіргі таңда  облыс пен республика  көлемінде өзекті мәселелердің бірі саналып отырған, жастарды ғылым жолына баулу әрі оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында, зерттеушілерге ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын талаптар, олардың жазылу тәртібі, тақырыптардың өзектілігі, шынайылылық пен жаңалық дәрежесінің қамтылуы және тәжірибелік маңыздылығы туралы облыс ғалымдары тарапынан әдістемелік кеңес беріліп, ізденушілерге ғылыми жұмысты бағдарлау және олардың жазылу тәртібі бойынша тәжірибелік көмек берілуде.

Информация о работе Мұнай. Мұнайдың құрамы. Қасиеттері және алынатын өнімдері