Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:32, реферат
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Жобаның мақсаты:
Оқушыларға мұнай жайлы мәліметтер беру;
Мұнай өнеркәсібімен таныстыру;
Мұнайшы ғалымдармен таныстыру;
Мұнай компанияларын атау және олардың қызметтерін түсіндіру;
Мұнайдан жасалатын заттарды көрсету және өздерінің жасауына қызығушылығын ояту.
Осы жобада көтерілген сұрақтар:
Мұнай жайлы біз не білеміз?
Біздің елімізде қандай мұнай өнеркәсіптері бар?
Мұнай жайлы жазылған кітаптар бар ма?
Қандай мұнайшыларды білеміз?
Мұнай компаниялары, мұнай серіктестігі, мұнай-газ аясындағы конференциялар жайлы не білеміз?
Мұнайдан қандай қызық заттар жасауға болады?
Жәрмеңкенің алғы сөзін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің агро-биологиялық қолданбалы зерттеу орталығының директоры Самалбек Қосанов бастады. Өз сөзінде жастардың жаңа технологияны игеруге барлық мүмкіндіктері бар екендігін айтып және жаңа жобаларды жасауда жас ғалымдарға сәттілік тіледі.
Жәрмеңкеге онға жуық жас ғалым қатысып, келген қонақтарға өз жобаларын таныстырды.
Алғашқылардың бірі болып, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің магистрі Ұлбосын Сарабекова «Жергілікті шикізат қорлары негізінде активті минералды ұнтақ алу технологиясы» атты жобасымен таныстырды.
Жобаның ғылыми-техникалық мазмұны, активті минералды ұнтақ алу өнідірісі Ресейде және шет елдерде кеңінен тараған. Аталған активті ұнтақ жол құрылысы материалдары — асфальтты бетон және органикалы минералды қоспалар құрамының белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады. Минералды ұнтақ тау жыныстарының, соның ішінде карбонатты тау жынысын 600-700 градус температурада қыздыру арқылы алынады. Минералды ұнтақтың шикізаты жергілікті тау жыныстарынан алынатындықтан, ол экономикалық тұрғыдан тиімді болып келеді. Сондықтан аталған минералды ұнтақ жергілікті кәсіпорындардың қызығушылығын туындатып отыр. Мысалы, Қызылорда қаласы бойынша «Автокөліктер жолдары басқармасы» осы ұнтақтың активсіз түрі өндірістік жолға қойылған. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің зертханаларында авторлар ұжымы ғылыми-эксперименттік жұмыстарды жүргізу нәтижесінде жергілікті шикізат ресурстары негізінде минералды ұнтақ алу технологиясы жасалынды.
Негізгісіне тоқталар болсақ,
өнімді іске асырудан күтілетін тиімділік,
ол минералды ұнтақ алу
Мұнан соң, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің №5 кәсіптік лицейінің арнаулы пән оқытушысы Әйгерім Жақсылықованың жобасы көпшілікке ұнады. Және осы жобаны одан әрі жетілдіруге «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғ.Байұлов өз көмегін көрсететінін ескере кетті.
Ә.Жақсылықованың айтуынша, осы жоба аясында студенттер арасында мониторинг жүргізгенде электронды оқулықпен оқыту әдісі арқылы студенттердің білімі 70 пайыздан 90 пайызға өскендігін байқаған.
Осы орайда айта өтетін жайт, Елбасының халыққа Жолдауында «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде нәтижелерін беруге тиіс» деп айтқан сөзі жүзеге асырылып жатқан секілді.
Ендігі жобаның бірі, «Мұнай өнімдерінен сабын алу». Бұл өте ерекше және мән берерлік жоба деп айтуға болады. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің 4 курс студенті Рақымжан Тұрманов, химия мамандығында білім алуда. Рақымжан мұнай өнімдерінен антибактериалды хош иісті сабын жасайды. Оның жасалу жолдары, мұнайдан алынған парофинді тотықтырып алады, оларды карбон қышқылдарына айналдырады. Оларды натрий гидроксидімен әрекеттестіреді, осы әрекеттесу кезінде карбон қышқылдарынан натрий тұздары алынады. Алынған тұз сабынның негізі болып табылады. Осы негізді әрі қарай өз жерімізде өсетін хош иісті раушан, жусан секілді өсімдіктермен қосады. Барлығының экстракциясын алып, сабын негізіне қосады. Жалпы лабороториялық деңгейде бұндай сабынды дайындау көп уақытты қажет етпейді екен.
Сонымен, «Жаңа әлемдегі — жаңа технология» тақырыбында өрбіген инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде осы іспеттес жас ғалымдардың тың жобалары айтылды. Және инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысқан үздік жоба иелері марапатталды.
Информация о работе Мұнай. Мұнайдың құрамы. Қасиеттері және алынатын өнімдері