Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:33, доклад
Тұтқырлық – сұйықтың (газдың) бір бөлігінің екіншісіне қатысты жылжуына қарсылық көрсету қасиеті. Жылжуға қарсылық күші нормалдың сұйық ағынына бағытындағы жылдамдықтың градиентіне пропорционал.
Мұнай өнімдерінің тұтқырлығы қозғағыштар, машиналар және механизмдердің кәдеге асуы жағдайларындағы қозғалмалығын анықтап, тасымалдау, сүзгіден өткізу, араластырудағы энергия шығынына елеулі ықпал етеді. Ол динамикалық тұтқырлықпен өлшенеді және Паскаль-секунд өлшем бірілігін иеленеді.
Тұтқырлық.
Тұтқырлық – сұйықтың (газдың) бір бөлігінің екіншісіне қатысты жылжуына қарсылық көрсету қасиеті. Жылжуға қарсылық күші нормалдың сұйық ағынына бағытындағы жылдамдықтың градиентіне пропорционал.
Мұнай өнімдерінің тұтқырлығы қозғағыштар, машиналар және механизмдердің кәдеге асуы жағдайларындағы қозғалмалығын анықтап, тасымалдау, сүзгіден өткізу, араластырудағы энергия шығынына елеулі ықпал етеді. Ол динамикалық тұтқырлықпен өлшенеді және Паскаль-секунд өлшем бірілігін иеленеді. Мұнай өңдеуде ШТ (шартты тұтқырлық) градустарымен өлшенетін кинематикалық (динамикалық тұтқырлықтың берілген сұйықтың немесе газдың тұтқырлығына қатынасы) пен шарттық тұтқырлық пайдалынады, бұлар өзімен біршама температура кезінде вискозиметрден мұнай өнімі ағуы уақытының 20 0С кезінде дистилденген су көлеміне тең ағуы уақытына қатынасын көрсетеді
Өзімен күрделі қоспаларды көрсететін мұнайлар мен мұнайөнімдері үшін тұтқырлық олардың химиялық құрамының функциясы болады. Тұтқырлықтың ең үлкен мәніне қозғағышқа берілетін отын мен жағар майлар ие. Түрлі кенорындары мұнайларының кинематикалық тұтқырлығы 20 0С кезінде 2-ден 300 сСт-ға дейін тербеледі және көптеген мұнайлар үшін әдетте 40-60 сСт-дан аспайды. Мұнай фракциялары үшін олардың молекулалық салмағы мен суалып қайнау температурасы өсуі мөлшері бойынша, тұтқырлық артады: 20 0С кезінде ол бензиндер үшін 0,6 сСт, ауыр майлар үшін 300-400 сСт құрайды.
Тұтқырлық вискозиметрлер көмегімен анықталады. Әдістемесі негізіне калибрленген қылтүтік арқылы сыналушы сұйықтың нақты көлемінің ағу уақытын өлшеу жатады.
Мұнайды құрайтын әртүрлі көмірсутектердің ішінен ең кіші тұтқырлыққа ие қалыпты құрылысты парафиндік көмірсутектер; сонан кейін ароматтық көмірсутектер және әрі қарай нафтендер; ең үлкен тұтқырлық шайырлық заттарда болады.
Тұтқырлық температураға өте күшті тәуелді, сондықтан оның анықталу температурасы әрқашанда көрсетіледі. Мұнай өнімдерінің техникалық талаптарында әдетте тұтқырлық 50 мен 100 0С, сирек 20 0С кезінде қалыптасады. Майлардың тұтқырлы-температуралық қасиеттерін бағалау үшін пайдалынатын келесі көрсеткіштер:
1) 50 мен 100 0С кезіндегі мұнай өнімінің кинематикалық тұтқырлықтарының қатынасы;
2) тұтқырлықтың температуралық коэффициенті (ТТК);
3) тұтқырлық индексі;
4) түтқырлы-температуралық
ТКК0-100= ((n0-n100)/n50(100-20))×100=(n
ТКК20-100= ((n20-n100)/n50(100-20))×100=
Сонымен, ТТК өзімен берілген температуралық аралықтағы тұтқырлық градиентінің 50 0С кезіндегі кинематикалық тұтқырлық мәніне қатынасын және оған 100 саны көбейтілгендегіні көрсетеді. Дина мен Девис тұтқырлық индексі анықталатын формула ТИ=((L-X)/(L-H))×100; мұндағы L – 37,8 0С мен ТИ=0 кезіндегі тұтқырлық, Н – сол тек ТИ=100; X – бұл да сол сыналушы май үшін.