Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 19:08, реферат
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.
Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
1. кірістер мен шығындардың белгіленуі
2. Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі
3. банктің кіріс операциясының есебі
4. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Алматы
Экономика және Статистика
Академиясы
Тақырыбы: «Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық
нәтижесіне оның әсері. Банк кірістері мен
шығындарының есебі»
Алматы,
2005 ж.
Жоспар:
1. кірістер мен шығындардың белгіленуі
2. Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі
3. банктің кіріс операциясының есебі
4. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар
Қолданылған әдебиеттер
1. кірістер мен шығындардың белгіленуі
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.
Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
Таза кіріс =кірістер-шығындар
Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.
Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.
Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:
Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды.
Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе:
Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс
Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады:
1.Келісімнің
аяқталуы, яғни келісім біткен
кезде барлық шоттары жабылады,
оның ішінде кірістер мен
2.пайыздың аяқталуы кіріс, шығын, жалпы табыс әр есеп беру кезінде белгіленеді.
Берілу кезіндегі кірістер
Бұл негізінде өнім мен қызметті беру кезінде орындалады. Келісім-шартты орындау және түсім алу мүмкіншілігі кірістің белгілеуі бойынша осы сәтте орындалады.
Берілгеннен кейінгі кіріс
Мұнда екі әдіс қолданылады: бөліп төлеудегі сатылым және шығындардың орнын толтыру.
Бірінші жағдайда сату кезінде емес, ақшаны қолға алған кезде ғана кіріс белгіленеді.
Екіншісі кіріс белгіленбеген жағдайда қолданылады.
Қызмет көрсету бойынша белгіленген кірістер мына әдістермен жүзеге асырылады:
Әрбір кірістер мен шығындардың түрлері банктің қызмет етуінің оңтайлы жүйесінің бағасы үшін жеке ашылады. Банктің қаржылық нәтижесін құру үшін кірістер мен шығындардың маңызы бойынша топтастырылады.кірістер мен шығындардың баптары мыналарды қосады:
орындалған операциялар бойынша келесі ашылулар:
Банктің кірісі мен шығынының құрамында кіріс пен шығынның жеке түрлері елеулі орын алады. Клиенттерге қызмет көрсетуде барлығы қолдануы мүмкін, тенгеде және шетел валютасында. Ол үшін валюта жағдайын білу керек.
Шығын активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы, есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың азаюы. Олар капиталдың азаюына себебін тигізеді.
Экономикалық шығын - кіріс алуда банктік өніммен қолданылады. Банк өнімінің қозғалысы есепте бейнеленеді. Концепциясында банк өнімім қолданып жұмсалған ақша сомасынан алған сома көп болуын көздейді. Кіріс көздерінде шығындар бейнеленеді.
2. Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі
кіріс – активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады.
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
Несиелік бизне, екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқс банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнесте пайыз формасында табыс түседі және де банктердің ең көп кірісі осы операция түрінен құралады.
Дисконттық бизнес- төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг ооперациясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сый ақы үшін тәуекелге барады.Факторингтік операциядан түсетін сый ақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1.сатып
алғаннан төлемнің түсуі
2.факторинг
операциясының түріне
Сақтау бизнесі- банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сый-ақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сый-ақымен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сый-ақыдан тұрады.
Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: