Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:37, реферат
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығының тарихы
Ауыл шаруашылығының маңызы
Аграрлық қатынастар
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы
Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының жағдайы
Қорытынды
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар
Бүгінде еліміз ауыл бағдарламасында көрсетілгендей, дамыған елдердің аграрлық салада қол жеткізген тәжірбиелерінің саяси-экономикалық әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдарына сәйкес, ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың ең басты іс-шараларын нақтылау міндетін қойып отыр.
Ауыл шаруашылығының тарихы
Қазақ жерінде б.з.б.
2-мыңжылдықтан бастап адамдар
қолда мал өсіре бастады.
Соғыстан кейінгі ауыл шарушылығы
Қазақстан Республикасы
ХХІ ғасырға күрделі
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар [2].
Кеңес өкіметі кезеңіндегі
жүргізілген ауылдағы
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады». Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн – деп түсінеміз. Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.
Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.
Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.
Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.
Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.