Агробизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 15:37, реферат

Описание

Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.

Содержание

Негізгі бөлім
Ауыл шаруашылығының тарихы
Ауыл шаруашылығының маңызы
Аграрлық қатынастар
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығы
Ауылдың өркендеуі- халқымыздың өркендеуі
Ауыл шаруашылығының даму бағыттары
Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығының жағдайы
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Агробизнес РЕФЕРАТ.doc

— 333.50 Кб (Скачать документ)

 

1985-2009 жылдар арасындағы  тұжырымдар

1985-2009 жылдар аралығындағы қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастары, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және оның зерттелу мәселелері жөнінде мынандай тұжырымдар жасалды: 
- Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүргізген саясатының мәнін ашып, тәжірбиесін ой-елегінен өткізе отырып, ауыл шаруашылығының жағдайын сапалық жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсетілді; 
- Аграрлық қатынастарға кешенді, жан-жақты анықтама беру арқылы кейбір теориялық және методологиялық тұжырымдама жасау арқылы, өзіндік баға берілді; 
- Аграрлық қатынастардың мәні ретінде, жердің оның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетуде, заңдық-құқықтық актілерді орынды пайдаланған; 
- Агроөнеркәсіп кешенін мемлекет иелегінен алуда және жекешелендіру саясатын жүргізуде болған жағымсыз жақтары баспасөз материалдарын сараптау арқылы дәлелденді; 
- Жер қатынастарының өтпелі кезеңдегі ерекшеліктерін талдау нәтижесінде қазіргі нарықтық қатынастар негізінде жаңа өзіндік тұжырым жасалды; 

Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму мәселелері 
       Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму мәселелері: 
-1991 – 1995 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру саясаты жүргізілген кезеңдер. 
- 1995 – 1997 жылдар республикадағы экономиканы реформалау процесінде халықты еңбекпен қамту саласындағы проблемалар одан әрі шиеленіскен кезең. 
- 1998 – 2000 жылдар аралығы ауыл жағдайы бұрынғыдан да ауырлап, жергілікті ауыл халқы ауылдан қалаға көшу жиілеп, елді мекендер қаңырап бос қалды. 
- 2001 – 2003 жылдар аралығы Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және аграрлық салаға шетел инвестицияларын тартуға негізделген кезең. 
- 2003 – 2005 жылдар аралығы «Ауыл жылдары» бағдарламасының орындалу кезеңі. 
- 2006 жыл – Қазақстан өте қарқынды дамыған 50 мемлекеттің қатарына еуропалық стандартқа сай келетін, мінсіз де нақты дамыған ауыл шаруашылығы жүйесімен кіруі үшін ең өзекті мәселесі – бұл Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдау кезеңі. 
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға, тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның 41,5%-і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га, жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс 223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал-азық дақылдары 5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2 мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т, картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының әр га-дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц, картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1 мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.

Ауыл шаруашылығының даму бағыттары

 

Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.

Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл  топ ауыл шаруашылығының екі түрінен  тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.

Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);

ә) егіншілік және егіншілік  пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда ФТП нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:

а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазакстан) аумақтары;

ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен  Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;

б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы  ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;

г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;

ғ) интенсивті егіншілік  пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем  дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа  және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік  Америка елдері мен Жапонияға  тән.

 

Соңғы жылдары экономикасы  дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын қайта түлету ХХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған "жасыл революция" арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп сапалы өнім береді.

 

Сонымен қатар осы  заманғы техниканы, тыңайткыштар мен  зиянкестерге қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл революция нәтижесінде  кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі-үш есеге артып, аштықты жоюға мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана емес, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болатынын тағы да көрсетті.

 

ХХ ғасырдың 80-жылдары  басым түрде дамыған елдер  аясында екінші "жасыл революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді. Гендік инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс.

 

Қазіргі ауыл шаруашылығына  тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді.

 

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен  ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге көтерілуіне себепші болып отыр.

Аграрлық қатынастар

 

Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен  тығыз байланысты екі саладан  — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің  әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен  еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.

 

Бүгінгі таңда жерге  иелік етудің бірнеше түрі қатар  кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік  меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.

 

Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз  бөлігі ірі жер иеленушілердің —  фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет. Мысалы, АҚШ-та жер қорының 1/4-і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру-тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері — латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3 мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері енгізілуде

Біздің еліміз әлемдік  астық экспорттаушылардың жетекші  ондығына кіреді және ұн экспорты жөнінен көшбасшылардың бірі болып табылады. Үстіміздегі 2011/2012 маркетингтік жылы астық экспорты бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізудің сәті түсті – астық эквивалентіндегі ұнды қоса алғанда 12,0 млн. тонна, оның ішінде астық түрінде – 8,3 млн. тоннадан астам, ұн – 2,6 млн. тонна. Сол сияқты елдің жалпы ауылшаруашылық өнімдері экспортында мақта (15%), тері және жүн (25%) айтарлықтай үлес алады. Ел 2012 астығының қорытындыларын күтуде. Үстіміздегі жылы ауылшаруашылық дақылдарының егістік алаңы 21,5 млн. га құрады. Аграршылар жыл сайын ылғал сақтау технологиясын қолдану аумақтарын ұлғайтуда (2012 жылы дәнді дақылдар егістік алқабының 76,5%-ы).

 

Сондай-ақ, мал шаруашылығы  да ауыл шаруашылығының басымдықты саласы болып қалып отыр. Өткен жылдан бастап республикада етті мал шаруашылығын дамыту жобасы өмірге белсенді енгізілуде.

 

АӨК-те қайта өңдеу  саласы қарқын алуда. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты­жылдығында тамақ  өнімдері өндірісі көлемі 6%-ға артып, ақшалай  көріністе 359,1 млрд. теңгені құрады. Атап айтқанда, ұн өндірісінің – 30%-ға, өсімдік майының – 40%-ға, жарманың – 6,6%-ға, кондитерлік бұйымдардың – 5,8%-ға, макаронның – 2,2%-ға, шұжық бұйымдарының – 18%-ға, өнделген сүттің 11,1%-ға артқаны байқалды.

 

Село экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жылда АӨК пен ауылды дамыту және қолдау жөнінен қомақты қаржы ресурстарымен нығайтылған салалы бағдарламалар қабылданды. Қазақстанда ауылшаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың ықпалды құралдары қалыптасты және жұмыс істеуде – олар жеңілдікті салық салулар, несиелеу, субсидиялау, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарға арзандатылған лизинг.

 

Мемлекеттік үдемелі  индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында  АӨК-ке маңызды рөл берілген. Бағдарлама бойынша агроөнеркәсіп кешенінде 20-дан кем емес ірі жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде мал шаруашылығы кешендері, құс фабрикасы, жылыжайлар, тауарлы-сүт фермалары, ет комбинаты, нан-тоқаш бұйымдарын өндіретін зауыттар құрылысы, мақтаның сортты тұқымдық материалы және басқа да жобалар қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының бір негізгі саласы болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қазақстандық қоғамның әрқашанда экономикалық және саяси тұрақтылығының айқындаушы факторы болып келген және болып табылады.

 

Елдің ішкі жалпы көлемінің нақты өсуіндегі (ВВП) ауылшаруашылық үлесі 4,5 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемінің нақты өсуі 2010 жылы 1442,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы 662,7 млрд. теңгені құрады, мал шаруашылығы  – 774,1 млрд. теңгені құрады. 2005 жылдан  2010 жыл кезеңінде өндірістің өсуі ақшаға шаққанда 88,9%-ды құрады.

Информация о работе Агробизнес