Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, Гастриттер, асқазан және 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холецист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 11:47, реферат

Описание

Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі ездеседі.
Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер аызға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Работа состоит из  1 файл

Айдос биологиа.docx

— 29.38 Кб (Скачать документ)

 Емі. Созылмалы гастрит  емі балаларда кешенді, әрі  сатылы жүргізілуі тиіс.     

1. Өзіндік ауру пайда  болған кезде (қайлалау)баланы  ауруханаға жатқызып, төсектік режим  тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан  жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы  молайып, шырышты қабат репарациясы  жоғарылайды.    

7-10  күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.     

2. Кешенді әрекеттер арасында  ең маңызды орын диетотерапияға  беріледі (негізі механикалық, термикалық  және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 "а” диетасы тағайындалады,  содан екі апта бойы 1 "б”, кейін  Певзнер бойынша №1 стол (осылай  кемінде 6 ай бойы).     

 Клиникалық симптомдары  тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас  бір жылға №5 диетаға көшіріледі.     

 Тағамда В, С, А,  Е витаминдері мөлшері жеткілікті  болуы тиіс.

3.      Медикаменттік ем.

1.      (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол  беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал.      Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия

2. Витаминді терапия.

3. Ауырсыну синдромы өте  айқын жағдайда спазмолитик қосқан  жөн (папверин, но-шпа).  

4.Диспепсиялық синдромда  /құсуда/  реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді   

5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының  шырышты қабатына  трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.     

6. ферменттер (фестал, панзинорм,  мезим-форте) және өт айдайтын  дәрілер беру пайдалы.

4. Физиоем.  электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар

5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне  жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада  қол жеткен игі өзгерістерді  тұрақтандыру

Асқазан, 12-елі  ішек жарасы.

Асқазан және 12-елі ішектің  шырышты қабатында жараның пайда  болуымен сипатталатын ,рецидивті өтетін созылмалы ауру.

Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.

Клиникалық формалары:

І. Жараның орнына байланысты:  

1. Асқазан жарасы         

2. 12-елі ішек жарасы. 

3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

ІІ. Асқазанның секреторлық  қызметіне байланысты:

1.      Қышқылдығы қалыпты

2.      Қышқылдығы жоғары

3.      Қышқылдығы төмен        

 ІІІ. 1. Асқынған    2. Асқынбаған.

Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, аш қарында ауырсынулар /түнгі/.

Емі: Микробқа  қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.

Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы - ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке қарсы ем, денешынықтырудан босату.

2-3ші жылы-квартал сайын  бақылау, жылына 2 рет рецидивке  қарсы ем, дайындық тобында дене  шынықтыру. 

 


Информация о работе Ас қорыту мүшелерінің аурулары. Ауыз қуысының аурулары, Гастриттер, асқазан және 12-елі ішек аурулары, өт жолдарының дискенезиясы, холецист