Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 14:02, реферат
16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақхандары ойрат билеушілерінеқарсыкүрестеедәуірбасымтүскен. Өйткенібұлкезде ойрат нояндарыМоғолстанғақарсыкүресжәне ойрат қоғамыныңөзішіндегіалаауыздықсалдарынанбіршамаәлсірегенболатын. Орыспатшасы Иван ЫВ-ніңНоғайұлыстарынажібергенелшісі Данила Губин Мәскеугеқазақтардыңкүштілігіжәнеолардыңойраттардыбағындырғаныжайындахабарлаған. 1594 жылдыңбасындаМәскеудеболғанТәуекелханныңелшісіҚұлмұхаммед те осындаймәліметкелтіреді. ОлТәуекелдіңінісі Шах-Мұхамедтіңқалмақтарға хан болғанынпатшасарайындаболғанәңгімесіндебаяндаған. Жоңғархандығынабіріккентөрт ойрат тайпасыныңшабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшыныңтұсындаөршитүсті. Соныңішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдарықазақжерінежасалғанжорықтардыңзардаптарыауырболды. 1643 жылы Батыр қонтайшыныңтуыастында 50000 жоңғарәскеріЖәңгір хан бастағанқазақжасағынақарсыіріжорықұйымдастырды. Қазақтарғақарсыбұлқандыжорыққахалхатайпасыныңбилеушісі Алтын ханныңбаласыОмбоЭрдениәскері де атсалысты.
Қазақ хандығының Ойраттармен
қақтығысы
16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат билеушілеріне қарсы күресте едәуір басым түскен. Өйткені бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван ЫВ-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.
[өңдеу]
Ойрат-қытай соғыстары
1690 – 97 жылдары ойрат-қытай
соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің
бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне
мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының
қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып
Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ
қалмақтарына да күйрете соққы берді.
Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.
[өңдеу]
Үш жүздің бірігуі
1710 жылы Үш жүздің басын қосқан Қарақұм жиынында жауға қарсы күш біріктіріп тойтарыс беру жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай батыр біріккен жасақтың қолбасшысы болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың адамдық Қазақ хандығының әскері Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.
Болат ханның үш жүздің
басын косуы
1726 жылы Жоңғар
шапқыншылығы қазақтар мен
Аңырақай шайқасы
Жоңғарлардың Қазақ хандығына шапқыншылығы оқиғалары
Күн-айы 1729 (1730)
Болған жері Аңырақай
Нәтижесі Аңырақай шайқасындағы
жеңіс жоңғар соғысында бетбұрыс жасаған,
қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа
деген сенімін бекітті
Соғысушы жақтары
Қазақ хандығы Жөңғарлар
Қолбасшылары
Әбілқайыр хан,
Жолбарыс хан,
Қанжығалы, Бөгенбай,
Қаракерей Қабанбай, ?
Пәрменді күштері
? ?
Құрбандары мен қаза тапқандары
? ?
Төле би
[өңдеу]
Аңырақай шайқасы
1728 жылдан бастап
жоңғар басқыншыларына қарсы
азаттық күресте түбірлі
Саяси және әскери бірлікке
қол жеткізген үш жүз жасақтары
1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай
жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл
кезде жоңғарлар қазақ жерін
тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың
әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың
оңтүстігінде үлкен шеп құрды.
Үш жүз жасақтары
шешуші шайқас алдында Хантауында,
Сұңқар тау ында (кейін бұл жер
Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас
солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар
даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі
аралықтағы жерлерде өткендігін осы
өңірлерде жиі кездесетін қазақ,
қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай
аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста
(40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.
Үш жүз жасақтарының
қимылын үйлестіру міндетін бас
қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды.
Көптеген қазақ батырлары соғыс
өнерін жетік білетіндігін көрсетті.
Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан
мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы
Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей
Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті
Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен
ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының
жеке жасағын ошақты Саурық батыр
басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы
шапырашты Наурызбай да қатысқан.
Бұл шайқаста көптеген
батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл
соғыста көптеген атақты батырлар қаза
тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған
қалмақтар сусыз сортаң жерде
шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай
Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
Қазақтар бұл соғысты
әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың
соңында Болат хан жараланып,
қайтыс болғаннан кейін басталған
тақ үшін талас кедергі келтірді.
Көпшілік Болат ханның баласы жас
Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы
болған Әбілқайыр майдан даласын
тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз
арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз
қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке
бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы
жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп,
болашаққа деген сенімін
1738 – 41 жылдары
қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық
әскерінің шабуылы –
Жоңғар мемлекетінің
әскери күш-қуатының нығаюы
1635 жылы Батыр
коңтайшы бастаған Жоңғар
Жоңғария өзімен
көрші мемлекеттердің жерін
Жоңғарларда әскери
іс-қимылдар жасаудың ерекше
Жоңғария тұғындары
да қазақтар сияқты көшпелі
және жартылай көшпелі халық
еді. Негізінен мал
[өңдеу]
Жоңғарлардың Қазақстан
аумағында басқыншылық соғыс
жүргізуінің себептері
Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.