«Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама»
ХВЫЫЫ ғасырдың 20- жылдарының
бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан
аумағына кезекті ірі жорық жасауына
қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы
жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс
жүргізіп келген Қытай императоры (боғдыханы)
Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың
Қытаймен бейбіт келісім жасасуға колы
жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы
ендігі жерде қауіпсіз болды. Жоңғар
билеушілері Еділ
Ақтабан шұбырынды.
М. Қаспақтың картинасы
бойындағы қалмақтардың
ханы Аюкеге елші жіберіп, қазақтарға
қарсы бірлескен соғыс қимылдарын
жүргізу мақсатын көздеді. Ертіс
бойында жақында ғана бой көтерген
әскери бекініс желісін нығайтумен
әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне
бәлендей қауіп төндіре алмайтын
еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан
екі көшпелі мемлекеттің өзара
қарым-қатынасына байланысты бейтарап
саясат ұстауға тырысты.Қазақ мемлекетінің
де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста
әбден әлсіреп, қансырағанын күтті.
Өйткені оған осылай болғаны тиімді
еді.
1723 жылдың көктемінде
алдағы болатын жойқын соғысқа
мықтап әзірленген, әрі қазақ
хандықтарының алтыбақан алауыз
болып ыдырап бара жатқанын
пайдалана қойған Цеван-Рабтан
өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға
қарай аттандырды. Жау жеті бағытта
шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының
алғашкы соққысына ұшыраған Жетісу
мен Ертіс бойының қазақтары
болды. Жоңғарлар ауылдарды өртеді.
Малды айдап әкетті, бейбіт халықты
қара шыбындай қырып салды.
Өйткені жоңғарлардың шабуылы
күтпеген жерден бірден төтенше
басталған болатын. Сондықтан
да амалы қалмаған Қазақтар
малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне
де қарай алмай, бас сауғалап
қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерлерінің
сан жағынан тым басым болғанына
қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен
ұрыс салып, қатты қарсылық
көрсетті. Жау қолына ешкімнің
де берілгісі келмеді. Әр қазақ
өзімнің туған жерімді, туған-туыстарым
мен жақындарымды жауыз дұшпаннан
қорғауға міндеттімін деп ұқты.
Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп,
қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар
әйелдерді, балаларды, карттарды
жаудың өкшелеп қууынан құтқару
үшін қырғын соғыс салды. Ташкент
қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының
басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы
дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен
кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа
да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын
соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде
Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан
өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың
қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда
Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар
ғана аман қалды.
Бұл кезең (1723-1727
жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген
атпен аталады. Оның қазақ халқына
тигізген зардабы — қайғы-қасіреті,
аштығы мен қайыршылық халге
душар етуі өте-мөте ауыр болды.
Мың-мындаған адам қырылды немесе
тұтқын ретінде айдалып кетті.
Жүздеген, мындаған ауыл қатты
күйзеліске ұшырады, мал-мүлік
талан-таражға түсті, бір кезде
гүлденіп тұрған қалалар жау
қолында қалып, аяусыз қиратылды.
Қазақтар қырғыннан аман қалу
үшін елдің батыс аймақтарына
қарай жылжып, Жайық бойына дейін
жетті. Қазақтардың жаппай қоныс
аударуы Ресей империясын және
оның қол астындағыларды - башқұрттар
мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды.
Патша үкіметі өзіне бодан
болған халықтарды қорғау үшін
бірқатар кешенді шаралар қабылдады:
шекара күзеті күшейтілді, Орал
аймағында жаңадан әскери бекіністер
салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың
едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің
аумағына қарай ойысты. Мәселен,
Сырдария өзенінен өтіп кеткен
Орта жүз руларын
ың көпшілігі
Самарқанд қаласының төңірегіне,
ал Кіші жүз қазақтарының едәуір
бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына
көшіп кетті. Қазақтар басынан
кешірген сол бір орасан ауыр
қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай»
атты зарлы жыр болды. Оның
мәтіні мен әуенін ақын, әрі
жауынгер Қожаберген жырау шығарған
деп те айтылады: Қаратаудың басынан
көш келеді, Көшкен сайын бір
тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан
айрылған жаман екен, Екі көзден
мөлтілдеп жас келеді. Мына заман
қай заман, бағы заман, Баяғыдай
болар ма тағы заман! Қарындас
пен кара орман қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Қазақтардың жеңілу
себептері
Қазақтардың жеңіліп,
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға»
душар болуының бірнеше себебі бар.
Біріншіден, қазақ жүздері ыдырап,
Қазақ хандығының басшылығында ауызбірлік
қалмады. Екіншіден, жоңғарлар бұл
шабуылға өте тыңғылықты әрі мұқият
әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың
басталатын уақыты Қазақ ауылдарының
бір-бірінен алыс, қыстаудан көктеуге
көшіп шығар абыр-сабыр кез болатын.
Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа
ұшыраған-ды. Жорыққа мінетін жөні түзу
ат жетіспеді. Төртіншіден, аймақта қалыптасқан
осындай гео-саяси жағдайды қалмақтар
дұрыс әрі мұқият ескере білді. Қытаймен
бейбіт келісім жасасты. Таяуда ғана аяқталған
орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып
үлгере алмаған Ресейдің күрделі жағдайы
да еске алынды. Бесіншіден, шабуылдың
күтпеген жерден, түтқиылдан жасалу факторы
да қазақтарға қолайсыз әсер етті. Ақыр
соңында, алтыншыдан, жоңғарлар жақсы
қаруланған болатын, әрі соғыс қимылдарын
қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де
қанық еді.
[өңдеу]
Жоңғар агрессиясының
салдарлары
«Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына
тигізген зардабы орасан зор болды.
Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының
быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал
жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы
және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы
бір кезде гүлденіп тұратын жасыл
жазиралар енді қараусыз қаңырап
бос жатты. Көршілес мемлекеттермен
сауда-саттық байланысы да уақытша
үзіліп қалды.
Бірақ ең ауыр
азапты қайғы-қасірет туған-туыстар
мен жақын жандардың қазасы
болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының
келтірген деректері бойынша,
қазақтардың үштен екі бөлігі
қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі
құлдыққа сатылып кеткен. Халық
ашаршылыққа душар болды. Өлмей
аман қалу үшін қайыңның сөлін
ішкен. «Қайың сауған» деген
сөз содан қалған. Тірі қалғандар
басқыншыларға шектен тыс ауыр
алым-салық төлеп тұрған. Қазақ
хандығының халқы елдің әр
түрлі алыс аймақтарына, тіпті
шекаралас жатқан шет мемлекеттерге
де тарап, босып кетті. Қазақтардың
батысқа қарай жаппай ағылуы
қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен,
башқұрттармен және қалмақтармен
жерге таласқан дау-дамайларға
алып барды. Қазақтардың Орал
Қазақтарымен де, Батыс Сібірден
орыстармен де өзара қарым-қатынастарын
шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның
бәрі әбден әлсіреп, қожыраған
Қазақ хандығын Ресей империясының
оңай олжа ретінде отарлап
алуымен аяқталды.[2]