Қазақстан
флорасы мен фаунасының
түрлік әртүрлілігі.
Қоғамның
әлеуметтік гүлденуіне ықпал ететін ғылыми-техникалық
прогресс, өндіргіш күштердің бұрын-соңды
болмаған ауқымда дамуы адамның табиғатқа
араласуын күшейте түседі. Соңғы онжылдықтарда
өндіріс пен ауыл шаруашылығының қарқынды
дамуына, қалалардың жедел бой көтеруіне
байланысты табиғи кешендердің өзгеруі
өсімдіктер мен жануарлар әлемінің азаюына,
олардың өспей кеміп кетуіне әкеліп соқтыруда.
Жаңа
елді мекендер мен ірі қалалардың,
мұнай және газ өткізу жолдарының,
электр тасымалдау жолдарының, автомагистральдар
мен теміржолдардың тез қарқынмен
салынып, бой көтеруі, өзендер
ағысын артық реттеу, тың және
тыңайған жерлерді игеру табиғи
шөп өсетін өңірдің азая түсуіне
жол ашты. Осының барлығы ең
соңында биологиялық түрлердің
жоғалуына әкеледі. Сондықтан,
дәл қазір табиғатты қорғау
қажеттілігі ерекше шиеленісе
түседі.
Қазақстан
флорасы әртүрлі таксондардың (түрлер,
туыстастық және б.) құрамы мен
саны бойынша, сондай-ақ географиялық
жағынан да, атап айтқанда, табиғи-климаттық
аймақтар мен жоғарғы белдіктер
бойынша да айтарлықтай өзгерістерге
ұшырай бастады. Далалар мен
шөлді аймақтардың жазық бөлігінде
флораның әртүрлілігі мен өзіне
тәнділігі батыстан шығысқа қарай,
ал таулыжүйелерде солтүстік
шығыстан (Алтай) оңтүстік батысқа
(Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай
көбейеді.
Қазақстан
аумағында өсімдіктердің 6000-ден
астам түрлері, 5000-ға жуық саңырауқұлақтар,
485 қыналар, 2000 астам балдырлар, 500 жақын
мүк тәрізділер түрлері тіркелген.
Жоғары өсімдіктердің құрамында
дәрілік, азықтық, техникалық, тағамдық,
әсемдік, ағаштық-бұталық өсімдіктері
бар. Негізгі емдік шөптер (80 %)
ресурстары Іле жотасында, Боралтай тауында,
Алтайда, Тарбағатайда таралған.
Қазақстан
фаунасын санау омыртқалы жаунарлар
бойынша ғана аяқталған, оның жеке
кластары бойынша фаунистикалық мәліметтер
жинақталған. Қазақстан аумағында омыртқалыжануарлардың
(Vertebrata) 835 түрлері тіршілік етеді, соның
ішінде: сүтқоректілер – 178, құстар – 489
(олардың 396 осында ұялайтын, қалғандары
не қысқа келеді, немесе көктем мен күзде
келеді). Жорғалаушылар – 49ғ қосмекенділер
– 12, балықтар – 114.
Антропогендік
факторлардың жануарларға
әсері.
Антропогендік
әсердің салдарынан көптеген
жануар түрлерінің саны азайды
және олардың тіршілік ету
ортасы қысқара бастады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі 1978 жылы
бекіткен Қазақстанның қызыл
кітабы осы құбылысты өте көрнекі
көрсетеді. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы
деректер бойынша оған омыртқалы
жануарлардың 125 түрі (15 %) және омыртқасыздардың
96 түрі (олардың 85 түрі буынаяқтылар) осы
кітапқа енгізілген.
Жойылып
кету қаупі төнген
түрлер саны
Ел |
Барлығы |
Қызыл кітапқа
енгізілгендері |
Іс жүзінде
жойылғаны |
Қауіп төнген күйде |
Шартты орнықты
күйде |
Қазақстан
Республикасы |
594 |
297 |
71 |
101 |
125 |
Сирек
кездесетін (реликті) жануар ақбөкен
(Saiga tatarica) ХХ ғасырдың басында жоғалып
кетуге жақындағанда ғалымдардың қажырлы
түрде күш салуы арқылы аман қалған еді.
Қазіргі уақытта, оның саны өсіп-өну арқылы
қалыпты өндірістік деңгейге жету үшін
2005 жылға дейін ақбөкен аулауға мемлекет
тарапынан тиым салынған.
Қазақстан
су флорасы мен фаунасының
күйіне ауыл және коммуналдық
шаруашылықпен, өнеркәсіппен, транспортпен
байланыстысу қоймаларының ластану
және эвтрофикация үрдістері
кері әсер жасауда. Тұрғындар
санының өсуі өзендер мен өзен
алаптарын антропогендік түрлендіріп,
су жүйелерінің қирауына соқтырады.
Сулық ортаның химиялық заттармен
ластануы су флорасы мен фаунасының
маңызды топтары өкілдерінің
қырылуына және тіршілігі бұзылуына
әкеліп соғуда.
Су нысандарының
(көлдер, өзендер, су қоймалары)
экологиялық жүйесі деградациялануы
осылар есебінен болады:
- Химиялық
және биологиялық (балық түрлері басқа
жақтан әкелінген) ластану;
- Органикалық
қалдықтармен ластанудан болған су қоймаларының
эвтрофикациясы;
- Суаруға өзеннен
су алу және өзеннің суы ағысын реттеу;
- Биоресурстарды
қолдануға бүкіл ел бойынша бақылау нашарлағанда;
- Бирациональдық
өндіру (шаруашылыққа құнсыздарын аз ұстап,
құнды түрлерін артық ұстау) салдарынан
биоценоздарды сапалық қайта құру.
Бұл жағдай
су флорасы мен фаунасы үшін
қауіп төндірді, балықтар бірлестігі
құрамының бұзылуына, судың физика-химиялық
қасиеттерінің су организмдерінің
тіршілік ету жағдайларын, балықтар
қоныс аударуы мен уылдырық
шашуын нашарлатты, су қоймаларының
биоөнімдік мүмкіндіктерін төмендетті.
Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына
балықтардың 14 түрі енді.
Үш категориядағы
800 биологиялық нысандардың (күйреуге
жақын қауіптілер; қауіп төнгендер
– орташа мерзімді; душар болатындар
– ұзақ мерзімді әрекеттегі) қауіп
төнгендердің ең көп санды
нысандардың басымы тауда тіршілік
ететіндері (228 түр) және нағыз орташа
шөлдерде (151 түр) тіршілік етеді. Онда
бірақ экожүйелер мен түрлер саны бар,
олар қорғауды және аялап күту тәртібін
қажет етеді.
Балық
аулау (тонна)
Ел |
1990 |
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
Қазақстан |
42800 |
- |
Орташа
бір жылда 43300 |
36680 |
Жойылып
кету қаупі бар
балықтар түрінің
саны
Ел |
Барлығы |
Қызыл кітапқа
енгізілгені |
Іс жүзінде
жойылғаны |
Қауіп төнген күйде |
Шартты тұрғылықты
күйде |
Қазақстан |
27 |
14 |
2 |
3 |
10 |
Әртүрлі
техногендік әрекеттердің
сипаты мен салдары
Биологиялық
әртүрлілікке техногендік әсер
етудің сипаты мына дәража
бойынша анықталады: күшті,орташа, әлсіз;
зоналық әрекеті бойынша (аралы);
жиынтық кешені бойынша бағаланады.
Биоәртүрлілік
үшін ластанған өзендердің, өнеркәсіптік
агрегациялардың және көршілес
орналасқан ракета-ядролық сынақ
полигондарының трансшекаралық әрекеттері
қауіпті. Басқа сыртқы елдерден технологиялардың
әкелуі және экологиялық ауқымы мен карантиндік
қауіптілігі бағаланбай биотаны интродукциялаудың
тәуекел қаупі бар.
Республикада
биоәртүрлілік үшін ішкі қауіп
төндіретіндер мыналар:
- Арал теңізі
бассейнінің, Семей ядролық полигонының
және басқа жер үсті және жер асты ядролық
сынақтарының күйреутушілік (кризис) жағдайлары;
- Мұнай өнеркәсіптері,
өнеркәсіп кешендері (Павлодар-Екібастұз,
Қарағанды-Теміртау және т.б.) ракеталық
сынақ полигондарының Байқоңыр-Бетпақдала
ауданы;
- Көптеген
жас экожүйелердің ландшафтық қалыптаспаушылығы,
өзін-өзі өндірудің жоғалуы, экожүйелер
өнімділігі мен түрлік популяциялар санының
төмендеуі;
- Урбанизацияда,
құрылыста, өзендер суалуында, жерлер
жыртылуда түрлер мен экожүйелердің құртылуы
(немесе қысқаруы мен әлсіреуі);
- Табиғатты
зиянды түрде балансталынбай пайдалану
және биологиялық ресурстарды игерудің
нормативтері болмауы;
- Стихиялық
апаттар, соның ішінде құрғақшылық, аяздар
мен кенет суық түсулер, өрттер, селдер,
тау көшкіндері;
Республикадағы
техногендік әрекеттердің ең
көп жиынтығы фауна мен флора
әртүрлілігіне тура қауіп төндіретін
мұнай өнеркәсібі дамыған Солтүстік
Каспий маңайында білінген. Павлодар-Қарағанды
өнеркәсіптік кешені әсер ететін аймақта
және Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіптік
өңдеу кешенінде қауіптілік дәрежесі
аз емес.
Республика
аумағының 6 % әскери-космостық нысандар,
бұрын орналастырылған ядролық полигондар
алып отыр. Ірі жолдар 27 млн.кв.км, электр
тасымалдау жолдары 458 мың км созылды.
Дамбалар, суару каналдары, су қоймалары
биотүрлілікке қомақты түрде әртүрлі
жаңаша әсер етеді.
Биологиялық
әртүрлілікті сақтау бойынша шешімдер
қабылдау үшін, әрекеттің нақтылы түрлері
үшін өңдеп шығарған ШРЕК өзгертетін,
бір қатар техногендік әрекеттерге биологиялық
әртүрліліктің жауап реакцияларын анықтау
және олардың жиынтық эффектісін табу
қажет. Өнеркәсіптік жүктемелер көтерген
аудандарда бұзылған жерлерде (экожүйелерде)
реабилитациялық шаралардың болмау факты
биоресурстар жоғалу тәуекелі қорқынышты
сигналы болып қызмет етеді.
Антропогендік
әрекет салдарынан зооценоздар
құрылымы өзгереді: жануарлардың
түрлік құрамының өзгеруі мен
жалпы санының азаюымен қатар
эврибиоттық өзгергіш түрлер (олардың
ішінде көбісі ауыл шаруашылығының
зиянкестері) көбірек бола бастады.
Ірі өнеркәсіптік қалаларда, әскери
полигондардың аумақтарында және
пайдалы қазбалар өндіру аудандарында
фауналар елеулі өзгерістерге
ұшырады. Даланың шөлге айналу
құбылысына қарсы жасаған адам
қызметтерінің кейбір түрлері фауна
жағдайына қолайсыз әсер жасады. Мысалы,
артезиандық құдықтармен суландыру шөлдің
түрін өзгертеді, көптеген шағын көлдер
пайда болады, бұрғыланған жерден өзінен-өзі
сулар ағады. Осындай суаттарға жануарлар
жиналады, бұл браконьерлікті оңайлатады
және күшейтеді. Жолдар салу, құбырлар,
электр тасымалдау жолдарын жүргізумен
байланысты құрылыс жұмыстары фаунаға
үлкен әсер жасайды. Олар табиғи ландшафтарға
бөтен элементтер енуіне жағдай жасайды,
олардың аборигендік фаунаға қолайсыз
әрекеттері болуы мүмкін.
Қазақстанда
антропогендік қызметтің қарқындылығы
нәтижесінде жануарлардың мекендеу орындары
азаюда. Сонымен бірге қалыптасудағы антропогендік
ландшафтар аумақтарында бастапқы табиғи
экожүйелер бұзылады, ол түрлердің көбінің
құрып кетуімен қатар жүреді.
Тіршілік
ету орнының негізгі өзгеруі
территорияларды ауылшаруашылық
және өнеркәсіптік игеруде, елде
мекендер мен әскери полигондар
салғанда, автомобиль жолдарын, ирригациялық
және басқа құрылыстар салғанда
болады. Қалалық өнеркәсіп құрылыстарын
салу салдарынан 35 млн. га жер
ауылшаруашылық егіс айналымынан
шығарылған. Жер жырту (31 млн.га),
флора, фауна аймақтары түрлері ареалдарының
және экожүйелердің қысқаруы 65 млн.га
асты. Өнеркәсіптік өңдеулерде және пайдалы
қазбалар өндіруде экоцид болады.
Адам
әрекетінен болған тіршілік орнының
аздап өзгеруі, ортаның жергілікті
және жаһандық ластануымен, түрлерді
іріктеп алумен, ылғалдану тәртібінің
өзгеруімен, өртенумен, продуценттердің
биомассасы азаюымен, түрлердің шеттен
кіруімен байланысты.
Таулық
далалар өсімдіктері де қомақты
өзгерістерге ұшырады, өйткені
жыртылмаған жер бөліктерінде
шөп шабылады, мал жайылады. Іле
Алатауының биік тауларындағы 123
ассоциаларының 50 % -нда трансформалану
болған.
Тау баурайын
ауылшаруашылық қарқындыигеру және
урбанизация нәтижесінде жер
бетіндегі өсімдіктер өте күшті
бұзылды, Қазақстан жерінің өзне
тән эфемероидтық-жусандық, жусан
шөлдер іс жүзінде жойылды
деуге болады. Қаратау тауларындағы
аса бірегей табиғат бірлестігіндей (Spireantus
schrenkianus) және Шу-Іле тауларындағы (Niedzwedzkia
semiretchenskia) бүгінгі жағдай үрей туғызады,
олар қорғалатын аумақтар сыртында және
мал жайылатын жерлерде орналасқан.
Өзеннен
су жіберілмеуіне байланысты
алап өсімдіктері деградациялануда
және көп түрлі жануарлардың
тіршілік орнына жарамай қалуда.
Қазақстанның
өсімдік ресурстары
Биосфераның
барлық өзара байланысқан –
элементтерінің, оның кәдімгі бірлігі
– экожүйе мен биогеоценоздың
негізі, жердің нәзік өсімдік
қабаты антропогендік әрекетке
шыдамайды. Аумағының басым бөлігін
экстрааридтік климаттық жағдайлардағы
жазықтар алып жатқан Қазақстанда өсімдіктер
жамылғысының антропогендік өзгерістері
өте анық білінеді. Малдың үзбей жайылуының,
дәрілік шөптердің шикізаты өндірілуінің,
таулы ормандарды жаппай кесу және бақылаусыз
жер жырту нәтижелерінде өсімдіктер бірлестігінің
едәуір конвергацияға ұшырағанын байқаймыз.