Генетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:43, реферат

Описание

Генетика – ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштікті зеріттейтін ғылым. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін (құрылысы, даму, қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті. Өзгергіштік деп ағзалардың жаңа белгілерді иемдену қабілетін айтамыз. Тұқым қуалаушылықпен өзгергіштік тірі ағзалардың бір-біріне қарама-қарсы, сонымен қатар бір-бірімен тығыз байланысты қасиеттері.

Содержание

I. Тұқым қуалаушылық.
1. Негізгі ұғымдар
2. Буындастыру (гибридизация).
3. Жыныс генетикасы.
4. Адамдың тұқым қуалаушылығын зеріттеу әдістері.
II. Өзгргіштік.
Мутагендік факторлар
III. Сұрыптау.
1.Селекцияның негізгі әдістері
2.Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
IV.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Генетика.doc

— 130.00 Кб (Скачать документ)

    Туыс  ағзаларды будандастыру инбридинг деп аталады. Мысалы, өсімдіктердің өздігінен тозаңдануын инбридингке жатқызуға болады.

    Туыс  емес ағзаларды будандастыру аутбридинг деп аталады. Аутбридингтің нәтижесінде гетеозисті гибридтерді шығаруға болады. Бірінші ұрпақ гибридтердің ата-енелік ағзалармен салыстырғанда тіршілік қабілетінің жоғары болып, түсімділігінің артуы гетерозис деп аталады. өйткені бұл жағдайда зиянды рецесивті мутациялар гетерозиготалы күйге көшеді. Бірақ екінші ұрпақта гетерозис қабілеті бірден жоғалады.

    Түрарасы гибритизация (әріден будандастыру) кезінде басқа түрге жататын даралар будандастырылады. Мұндай будандар көп жағдайда тұқым бермейді, өйткені олардың ата-енесінің хромосома санындағы айырмашылығы соншалықты оларда мейоз үрдісі бұзылған.

    Полиплоидия  деп хромосом санының толық жиынтығының еселеніп көбею-ін айтамыз. Полиплоидия негізінен үш себептен туындауы мүмкін: бөлінбейтін жасушадағы хромосома санының екі еселенуі, сомалық жасушалардың немесе олардың ядроларының қосылуы, дұрыс жүрмеген мейоз барысында хромосомалар саны екі есеге азаймаған гаметалардың түзілуі.

    Мутагенез. Табиғи орта жағдайында мутацияның пайда болу жиілігі салыс-тырмалы түрде аз болады. Сондықтан селекцияда жасанды мутагенез қолданыла-ды. Жасанды мутагенез дегеніміз тәжрибеде ағзада мутацияны тудыру үшін мутагендік фактормен өңделуі.

    Биотехнология және оның негізгі  бағыттары. Биотехнология-тірі ағзалар мен олардың биологиялық әрекеттері  адам өз пайдасына өндірісте пайдалану. Биотехнология  сұрыптауда жаңа мүмкіндіктер береді.  Оның басты бағыттары: микробиологиялық синтез, гендік және жасушалық инженерия.

    Микробиологиялық  синтез дегеніміз микроағзалардың ақуыз, ферменттер, органикалық қышқылдар, дәрілік препараттар алу мақсатында өндірісте пайдаланылуы. Микроағзалардан жануарлардың ағзасында түзілетін  лизин амин қышқылы, сірке қышқылы, лимон қышқылы, сүт қышқылы, витаминдер, антибиотиктер алынады.

    Жасушалық инженерия арқылы жасушаларды ағзадан тыс, арнайы жасанды ортада өсіріп, ұлпа культурасын алады. Жануарлар жасушаларынан бүтін ағзаны өсіріп шығару мүмкін емес, бірақ өсімдік жасушуларынан болады. Жасушалық инженерияның арқасында жыныс жасушаларының, сонымен қатар сомалық жасу-шаларының гибритизациясын жасауға болады.  Сомалық жасушалардың гибрити-зациясы арқылы қолайсыз жағдайларға төзімді өсімдік іріктемелерін алу мүмкін.

    Гендік  инженерия дегніміз геномның жасанды жолмен өзгертілуі. Бұл әдіспен бір ағзаның геномына басқа түрге жататын ағзаның гендерін енгізуге болады. Осы жолмен ішек таяқшасы бактериясының генотипіне адам генін енгізіп, инсулин гормоны алынады.

                         

      Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы 

            Өсімдіктерді сұрыптау.

    Сұрыптаушы  үшін сұрыптауға қолданылатын бастапқы материялдың қасиеттерін бөлу өте  маңызды. Осы алаңда орыс генетигі Н.И.Вавиловтың (1887-1943) ашқан екі жаңалығы өте маңызды болды.

    1) Тұқым қуалайтын  өзгергіштегі гомологиялық қатарлар заңы.: бір- біріне генетикалық тұрғыдан жақын (шығу тегі бір) түрлер және туыстардың тұқым қуалайтын өзгергіштігі ұқсас болады.  Түрлермен туыстар бір-біріне неғұр-лым жақын болса белшілерінің өзгергіштігід есоғұрлым жақын болады.  Бұл заңды Н.И.Вавилов өсімдіктерге байланысты тұжырымдады, кейін жануарлар мен микроағзалар үшін де дәлелденді.

    2) Мәдени өсімдіктердің  шығу орталықтарын  анықтауға Н.И.Вавилов зор еңбек сіңірді. Ол дүние жүзі бойынша экспедициялар ұйымдастырып, мәдени өсімдіктердің алуан түрлері мен олардың географиялық таралу аймақтарын зеріт-теді. Н.И.Вавилов мәдени өсімдіктердің барлық географиялық аймақтарға бірдей тарамайтынын және әр дақылдың өзінің шығу орталығы болатынын анықтады.

    1. Оңтүстік азиялық  орталықтан (Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңт. Қытай, Оңт.-Шығ. Азия аралдары) күріш, қант қамыс, цитрусты жемістер шыққан.

    2. Шығыс Азия орталығы (Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Корея) күріш, тары, соя отаны.

    3. Оңтүстік – Батыс  Азия орталығы  (Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауған-ыстан, Солт.-Батыс Үндістан) бидай, қарабидай, бұршақтұқымдастар және жүзім-нің отаны.

    4. Жерорта теңізі  орталығы зәйтун ағашы,орманжапырақ, көптеген көкөністер мен мал азықтық дақылдарының орталығы.

    6. Орталық Америка  орталығы (Мексика) жүгері, мақта, темекі, үрмебұршақ, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастарының отаны.

    7. Анд (Оңтүстік  Америка) орталығы  картоп, кокайын бұталары, хина ағашы, жержаңғақ, қызан, анасан отаны.

    Өсімдік  селексиясында жаппай сұрыптау, инбридинг, аутбридинг, әріден будандастыру, полиплоидия кеңінен қолданылады.  

                                 Жануарларды сұрыптау

    Жануарларды сұрыптауда жеке сұрыптау, түріші будандастыру (инбридинг, аутбридинг), әріден (түрарасы) будандастыру кеңінен пайдаланылады.

    Жеке  будандастыру жануарлардың жынысты  көбеюімен байланысты қолданады, өйткені  жануарлардан бірден бірнеше ұрпақ  алу қиын.

    Инбридингті сүрыптауда тұқым гендерінің көбін  гомозиготалы күйге көшіру үшін қолданылады, сөйтіп құнды белгілерді генотипте бекініп, сақталады. Сонымен қатар  инбридинг гомозиготалыққа тиімсіз белгілерді де әкеліп, жануар-лардың сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларына төзімділігін төмендетеді, ауруға шалдыққыштыққа әкеледі.  Осындай тиімсіз фенотиптерді  депрессия деп атайды.

    Жануарларды әріден будандастырудың нәтижесінде  ұрпақ бермейтін жануарлар пайда  болады. Мұндай будандар тұқым бермегенімен шаруашылыққа маңызы зор. Мысалы, қашыр –бие мен есектің буданы, ана енесінен де күшті, қолайсыз жағдайларға төзімді, ұзақ өмір сүреді, біпақ ұрпақ бермейді. 

                                     Микроорганизмдерді сұрыптау

    Микроорганизмдерге  прокариоттардан бактериялар, көкжасыл балдырлар, ал эукариоттардан саңырауқұлақтар, микраскопиялық балдырлар, қарапайымдылар жатады. микроорганизмдерді сұрыптауда жасанды мутагенез және оның артынша генетиклық тұрғыдан бірдей жасуша тобын (клондарды)сұрыптау, жасуша және гендік инженерия әдістері кеңінен қолданылады.

    Микроорганизмдердің көмегімен амин қышқылдары, ақуыздар, ферменттер, спирт, полисохариттер, антибиотиктер, дәрумендер, гормондар, интерферондар алынады. Мұндай өндірістердің қалдықтарын ыдырататын бактерия штамдары шығарылып, қошаған ортаны тазалау мақсатында қолданылады.

                         
 
 

                           IV. Қолданылған әдебиеттер 
 
 

  1. Шығаева М.Х,  Ә.Т Қанаев  Микробиология және вирусология
  2. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология
  3. Воробьёв А.В., Быков А.С., Пашков Е.П., Рыбакова А.М. Микробиология
  4. Wikipedia.org
  5. Scoolucoz.es

Информация о работе Генетика