Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 07:44, реферат
Дене мөлшеріне қарай ұсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін жануарлар. Осыған байланысты тісінің құрылысында өзгешіліктері болады. Шошақ тісі болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек тістері мен шөпті тістеп жұлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар тұқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бұдырлы болады. Күрек тістерінің, кейбір түрлерінде азу тісте-рінің де түбірі болмайды.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Кемірушілер отряды
1.1. Жалпы сипаттама
1.2. Тұқымдастар
2. Кеміргіштер
2.1.Кеміргіштердің түрлері
2.2. Қазақстан жеріндегі кемірушілер отряды
ІІІ. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Құндыз да сула өмір сүрелі. Құндыз - Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бағалы терілі жыртқыш аң. Оның суда өмір сүретінін халықтың «Құндыз - суда, құлан - қырда» деген мәтелінен білеміз. Ол Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы өзендерінде кездеседі. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан да байқалған. Әсіресе балығы мол суды мекен етеді. Негізгі қорегі - балық.
Жалман
Жалман (лат. Selevinia betpakdalaensis) – кемірушілер отрядына жататын кішкентай тышқан. Жалман тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстігі мен шығысында, Алакөл және Зайсан ойпаттарында қиыршықтасты, баялыш пен сораң өскен саз топырақты жерлерде, теріскен, қараған, сексеуіл арасында мекендейді. Дене тұрқы 75 – 95 мм, құйрығының ұзындығы 58 – 77 мм, салмағы 21 – 24 г. Сыртқы пішіні қарақасқа ұқсас. Түгі қалың, арқа жүні ақшыл сарғыш. Ін қазбайды, басқа кемірушілердің тастап кеткен інін пайдаланады. Секіріп жүреді, өсімдікке жақсы өрмелейді. Мамыр айының аяғынан бастап, жылына 1 рет 4 – 8-ден ұрпақ береді. Жалмандар сәуірден қыркүйекке дейін белсенді тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетеді. Негізінен ұсақ жәндіктермен (әсіресе шегірткемен), кейде өсімдікпен де қоректенеді. Су ішпейді (қорегінің құрамындағы ылғал жеткілікті болады). Жалман табиғатта өте сирек кездеседі. Оны алғаш тауып, сипаттаған В.А. Селевин (1938). Қазір Жалманның тек 40-тай дарабасы белгілі. Жалманның тіршілігі толық зерттелмеген, санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ұшарлар
Ұшарлар (лат. Pteromyini) — кеміргіштердің бір тұқымдасы. Еуразияның қоңыржай және тропиктік орманды жерлері мен Солтүстік Американың тайга ормандарында тіршілік ететін 10—13 туысы, 33 түрі белгілі. Қазақстанда Ертіс өзеннің] жағалауын, Оңтүстік және Қалба, Алтай тауларының ормандарын мекендейтін кәдімгі ұшар (Pteromys volans) бар. Оның денесінің ұзындығы 14—21 см, ал үлпілдек құйрығының ұзындығы 14 см-дей. Терісі ақшыл қоңыр түсті, бауыры ақ болады. Қыста түгі құлпырып, жібек сияқты жұмсақ, қою қоңыр түске боялады. Ұшардың екі бүйірі (алдыңғы және артқы аяқтарының аралығы) жарғақпен көмкерілген. Мұның көмегімен ағаштан ағашқа қалқып ұшып секіреді. Қорегін іздеуге түнде шығады. Қатты аяз болғанда ұясынан шықпайды. Жалпақ жапырақты ағаш бүрін, қабығын, жапырағын, ал қылқан жапырақтылардан қарағай, балқарағай бүршігін жейді, ағаш қуысын паналайды. Жылына бір рет көбейеді. Аналығы маусым—шілде айларында 2—4 ұрпақ табады. Қысқы ұйқыға кетпейді. 13 жылдай тіршілік етеді. Республикамызда саны аз болғандықтан, ұшардың терісі дайындалмайды.
Ұшарлардың арасындағы ең ірісі — тагуан (Petaurіsta petaurіsta). Оның денесінің ұзындығы 60 см, құйрығының ұзындығы 63 см, салмағы 1,4 кг. Арқа жоны қара сұр, бауыры сұрғылт түсті. Тагуандар Шығыс Үндістанның, Мьянма мен Шри-Ланканың таулы ормандарында тіршілік етеді. Тагуан — ұшарлардың арасындағы ең алысқа секіретіні. Ол 60 м қашықтыққа дейін қалқып секіре алады.
Тиінтәрізділер
Тиінтәрізділер (Scіurіdae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары миоцен дәуірінен белгілі. Табиғатта кең тараған. Қоңыржай, субтропиктік және тропиктік аймақтарда кездесетін 25 туысы, 230-дан астам түрі белгілі. Тиінтәрізділерге борша тышқандар, тиіндер, суырлар, сарышұнақтар, шалғын иттері жатады. Дене тұрқы 6 – 60 см. Тіршілік ортасы әр түрлі: ағашта (тиін), жартылай ағашта (борша тышқан) және жерде (суыр, сарышұнақ) мекендейді. Күндіз белсенді. Көпшілік түрі қысқы ұйқыға кетеді. Негізінен өсімдіктермен қоректенеді, қысқа қор жинайтын түрлері де бар. Жылына 2 – 3 рет көбейеді. Қазақстанда 5 туысы, 13 түрі (тиін, тараққұйрық сарышұнақ, борша тышқан, ұзынқұйрық сарышұнақ, зорман, балпақ, қызылұрт сарышұнақ, Тянь-шань реликті сарышұнағы, кіші сарышұнақ, дала суыры, сұр суыр, Мензбир суыры, қызыл суыр) бар.
Леммингтер
Леммингтер — алалар, тоқалтістілер түрлер тобы. Дене ұзындығы 15 см дейін, құйрығы 2 см дейін. Кейбір түрлерінің жүні қыста ағарады, ал алдыңғы аяқтарының тұяқтары ұзарады. 4 туыс, 20 түрлері белгілі. Олар Еуразия мен Солтүстік Американың орманды, жазықтық және таулы тундраларында кездеседі. ТМД—да Кольский түбегі мен Еуропаның орталық бөлігінен Чукотка мен К. Шығысқа дейін таралған. Ең кең таралған түрлері: түлкты Л., сібір Л., және норвегиялық Л. Тундрада 4 жылда бір рет олардың көптеп көбеюі, (1 га жерде 300 данасы) және өте алыс қашықтыққа таралуы байқалады. Л., ақтүлкінің негізгі қоректік коры. Түлкілердің өсімталдығы Л. санымен тығыз байланысты. Бірталай вирус ауруларының қоздырушыларын таратады.
Дала алақоржыны (лат. Lagurus lagurus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазба қалдықтары төменгі плиоцен дәуірінен сақталған. Сары алақоржын (Eolagurus luteus) - туыстас түрі. Дала алақоржынының дене тұрқы 96 – 125 мм, салмағы 18 – 46 г болады. Арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Қазақстанның солтүстік жартысындағы орманды-дала, шөлейтті-далалы аймақтарда (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары), оңтүстік-шығыс таулы аудандарда (Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары) кездеседі. Дала алақоржынының бірнеше іні болады. Қысқы ұйқыға жатпайды. Жылына 6 рет (1 – 14-тен) балалайды. Астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен алақоржын шарушылығына зиян келтіреді.
ІІІ. Қорытынды.
Кеміргіштер (егеуқұйрықтар, атжалмандар) мен үй тышқандары тұрғын үйлерді, қоқыстарды, қамбаларды, мал қораларын, элеваторларды, сағалайды. Ең бастысы — егеуқұйрықтар аса қауіпті оба, сүзек, туляремия, лейшманиоз ауруларының таратушысы болып саналады. Сұр егеуқұйрықтар жер шарына кең тараған және өте тез көбейеді. Мысалы, оның біреуі жылына 75 ұрпақ таратады. Қара егеуқұйрықтар сирек кездеседі және баяу өседі. Егеуқұйрықтардың тамақ таңдамайтындығы соншалық, тамақ өнімдерін, тері, жиһаз, сабынға дейін кеміріп бүлдіреді.
Кеміргіштерден жарақат алған адамдар міндетті түрде арнайы емдеу мекемелерінен ем қабылдауы тиіс, өйткені олар құтырма ауруының пайда болуына тікелей себепкер болуы мүмкін.
Кеміргіштер тобына жататын үй тышқандары да кең тараған, әрі өте жылдам көбейеді. Бір тышқан жыл бойы 80-ге жуық ұрпақ өргізеді. Тышқандар әр түрлі тамақ өнімдерімен, астық дәнімен, жеммен қоректенеді және түрлі ауру таратушылар қатарына жатады. Міне сондықтан жоғарыда баяндалған зиянды кеміргіштерден сақтану аса маңызды екендігін айта келе, алдын-алу шаралардың бірінші сатысында тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда-саттық, қоғамдық тамақтану орындарын, мал қораларын, құрылыс маңындағы жер учаскелерін таза, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарды мұқият жинап, тазарту, тұрғын үй жертөлері мен көше жиегіндегі арықтардың қоқырсықтануын болдырмау аса маңызды.
Бүгінгі таңда
кеміргіштерге қарсы
Сондықтан, қаламызды
аталған зиянкестердің өсіп-
IV. Қолданылған әдебиеттер.
1. Қазақ энциклопедиясы