Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 21:10, реферат
Камбалатәрізділер отрядының құрамына 500-ге жуық су түбіне тіршілік ететін балықтар жатады, олар 6 тұқымдасқа бөлінеді. Басым көпшілігі субтропикалық және тропикалық суларда мекендейді, аздаған түрлері салқын теңіздерде тіршілік етеді, бірен – сарандары арктикалық теңіздерде кездеседі. Бұлар теңіз балықтары, жағалаумаңы аймақты мекендейді, кейбір түрлері ғана өзендерге өтеді, бірақ уылдырық шашу үшін теңізге кетеді. Көптеген ихтиогтар камбаланы Алабұтәрізділердің Percoidei отряд тармағынан таратады. Қазба түрінде төменгі үштік қабаттан белгілі.
Камбалатәрізділер отрядының құрамына 500-ге жуық су түбіне тіршілік ететін балықтар жатады, олар 6 тұқымдасқа бөлінеді. Басым көпшілігі субтропикалық және тропикалық суларда мекендейді, аздаған түрлері салқын теңіздерде тіршілік етеді, бірен – сарандары арктикалық теңіздерде кездеседі. Бұлар теңіз балықтары, жағалаумаңы аймақты мекендейді, кейбір түрлері ғана өзендерге өтеді, бірақ уылдырық шашу үшін теңізге кетеді. Көптеген ихтиогтар камбаланы Алабұтәрізділердің Percoidei отряд тармағынан таратады. Қазба түрінде төменгі үштік қабаттан белгілі.
Камбалалардың денесі симметриялы емес, биік денесі екі бүйірінен қысыңқы. Дене ұзындығы 6-7 см- ден ( арноглосс-Arnogloossus kessleri) 470 см –ге және салмағы 300 кг- ға (палтус – Hippoglosus hippoglosuss) жетеді. Екі көзі де бір жағында орналасқан. Арқа және аналь жүзбеканаттарыны ұзын, құрсақ жүзбе қанаты кеуде қанатының алдында орналасқан. Жүзбеқанаттарында әдетте тікенді талшықтар болмайды.
Ересектерінде торсылдағы жоқ . Көптеген қамбалалар төсеніш түсіне қарай реңін өзгерте алатын қабілетке ие. Олар балық және су түбі омыртқасыздары: шаянтәрізділер, моллюскалар, өұрттармен қоректенеді. Тұқымдылығы әр қалай. Ірі түрлері 13-млн –ға дейін уылдырық шашады. Көптеген түрлдерінің уылдырығы пелагикалық, тек кейбіреулерінде ол батипелагикалық немесе су түбіне жақын шашылады. Камбалалардың личинкалары әуелі мүлдем түссіз және симетриялы, барлық балықтар сияқты арқасын жоғары қаратып жүзеді. Метаморфоз (түрлену) барысында олар терең су қабатына түседі, бірте-бірте денесі жалпаяды, арқа және аналь жүзбеқанатары бірігеді, кеуде және құрсақ жүзбеқанаттарында ассиметрия пайда болады, көзі жоқ жағында пигменттері жойылады.
Басқаңқа сүйектерінің бірдей өспеу салдарынан аузы қисаяды және денесінің бір жағына қарай жылжиды, бір көзі басының шетіне қарай орналасады, желбезек аппаратының ассиметриясы дамиды. Калканың Scopthalmus maeoticus денесі өте биік болады, жақтары мен өре сүйектерінде қыл тәрізді тістері орналасады. Құрсақ жүзбеқанатының түбі кеңейген. Аузы үлкен симметриялылыққа жақын , астыңғы жағы шығыңқы.Көздері денесінің сол жағында орналасқан. Қабыршағы майда немесе жоқ. Уылдырығы майлы, бір тамшылы. Қара және Азов теңіздерінде тараған. Кәдімгі палтус Hippogloossus Атлант және Тынық мұхиттарының солтүстік бөлімдерінің суларын мекендейді. Көздері денесінің оң жағында орналасқан. Құрсақ жүзбеқанаттарының түбі жіңішке, симметриялы. Аузы үлкен, үстіңгі жағы көзінің ортасына дейін жетеді. Тұқымдылығы –2 млн -нан 3,5 млн-ға дейін уылдырық. Уылдырығында майлы тамшы болмайды. Өзен камбаласы Pleuronectes fleus арқа және аналь жүзбеқанаттары, сол сияқты бүйір сызығы бойында сүйекті тақтайшалары және бұдырлары болуымен ерекшеленеді. Денесі қабыршақпен жабылған, көздері оң жақта орналасқан, аузы кішкентай. Европаның барлық жағалауларында таралған, қоректену үшін өзендерге өтеді. Каспий Арал теңіздеріне жерсіндірілген . Дене мөлшері 45 см-дей . Тұқымдылығы 400 мыңнан 2 млн –ға дейін уылдырық. Кәдімгі теңіз тілінің Solea solea ұзындығы 60 см , бүйір сызығы біреу және көзі оң жақты орналасқан. Ауыз тесігі жінішке, кеудежүзбе қанаттары бар. Европаның жағалауларында тараған.