Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 21:10, реферат
Камбалатәрізділер отрядының құрамына 500-ге жуық су түбіне тіршілік ететін балықтар жатады, олар 6 тұқымдасқа бөлінеді. Басым көпшілігі субтропикалық және тропикалық суларда мекендейді, аздаған түрлері салқын теңіздерде тіршілік етеді, бірен – сарандары арктикалық теңіздерде кездеседі. Бұлар теңіз балықтары, жағалаумаңы аймақты мекендейді, кейбір түрлері ғана өзендерге өтеді, бірақ уылдырық шашу үшін теңізге кетеді. Көптеген ихтиогтар камбаланы Алабұтәрізділердің Percoidei отряд тармағынан таратады. Қазба түрінде төменгі үштік қабаттан белгілі.