Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 14:33, реферат
ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.
1. Халықтың химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар негізіндегі іс-әрекеті
2. ҚӘУЗ-дің шығуымен болған авария кезінде халықтың өзін ұстауы мен іс-әрекет тәртібі
3. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
4. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорграникалық уландырғыш заттар
5. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
Жоспары:
1. Халықтың химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар негізіндегі іс-әрекеті
2. ҚӘУЗ-дің шығуымен болған авария кезінде халықтың өзін ұстауы мен іс-әрекет тәртібі
3. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
4. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорграникалық уландырғыш заттар
5. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
Халықтың химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар негізіндегі іс-әрекеті
ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.
ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігімен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты.Ауаның жер бетіндегі қабаты(екі метрге дейінгі биіктік) атмосфераның жоғарғы қабатындағыдан суығырақ (инверсия) және жел әлсіз болған ауа райының қолайлы жағдайда зақымдалған бұлт тұрақтылығымен ерекшеленіп едәуір қашықтыққа жылжуы мүмкін. Ауаның жер бетіндегі қабатының температурасы (2-30 метрге дейін) тұрақты (изотермия) немесе төменгі қабатының температурасы жоғарғы қабаттағыдан жоғары (конвекция), және желдің жылдамдығы 3-7 м/сек. Болған жағдайда зақымдаушы бұлттың таралу тереңдігі мардымсыз. ҚӘУЗ химиялық зақымдалу аймағының айтарлықтай тұрақтылығы атмосфера күйі үлкен беріктілікпен ерекшеленетін түнде, таң ата жауын-шашынды ауа райында пайда болады. Жергілікті жердің жекелеген биік бедері зақымдалған бұлт қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Елді мекендерде будың жинақталуы және ҚӘУЗ беріктігі ашық жерге қарағанда жоғары болады.
Қаланың көшелерінде ҚӘУЗ жоғары концентрациясы ауа ағысымен таралуы мүмкін, сол уақытта көрші, көлбей орналасқан көшелерде ҚӘУЗ айтарлықтай аз көлемде болуы мүмкін.
ҚӘУЗ-дің адамдарға зақымдаушы ықпалы олардың адам организміне ене отыра оның қалыпты тіршілігін бұзу, әртүрлі ауру-сырқауға ұшырату, ал белгілі бір жағдайда оны ес-ақылынан айыру қабілетімен ерекшеленеді. Адамдар мен хайуанаттар ҚӘУЗ-дің: тыныс алу органдары, тері қабаты, кілегейлі қабық, жарақаттанған мүше арқылы өтуі нәтижесінде зақымдалады. Оның организмге ықпал ету нәтижесінде уланумен қатар жекелеген генетикалық салдар да пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу мүмкіндігі организмнің зақымдану деңгейімен анықталады.
Улану белгілері мыналар: бастың ауруы, бастың айналуы, көздің қаратуы, құлақтың шуылы, қатты әлсіздік, демікпе, құсықтың келуі. Ал қатты уланған жағдайда құрысуы, естен тану, тіпті өлім жағдайына жеткізеді.
Ең көп тараған ҚӘУЗ – хлор мен аммиак.
Хлор – қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Кәдімгі қысымда: қатты T=101 C; C=34 C, 5-7 атмосфералық қысымда сұйылады.
Ерекшелігі – хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді, барлық химиялық элементтермен дерлік қосылыс түзеді.
Хлор органикалық қосылыстарды шығаруға пайдаланылады, маталарды ағарту, ауыз суын залалсыздандыру үшін қолданылады. Хлорды болат баллон мен темір жол цистерналарында қысым мен сұйық күйінде сақтайды. Атмосфераға шыққанда түтінденіп, суаттарды зақымдайды.
Организмге әсері. Хлор буы тыныс алу органдарын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Ұзақ уақыт бойы әсер еткенде өкпені қабындырып, қиын жағдайға душар етеді. Тітіркендіргіштік әсер 10 мг/м шамасындағы концентрациясында пайда болады. 30-60 минут бойында 100-200 мг/м өмір үшін қауіпті. Бұдан жоғары жинақталу қас қағым сәтте өмірден әкетеді.
Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айрылады.
Қорғану құралдары. Тыныс органдары мен көзді сүзгілік азаматтық газқағарлар қорғайды: А-қоңыр түсті, Б-сары түсті, Г-қарақоңыр түсті, Е-қара түсті, маркадағы қораптағы өндірістік сүзгілік газқағарлар, БҚФ – қышқыл жасыл түсті, оқшаулаушы газ қағарлар қорғайды. ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар 10000мг/м концентрацияда хлор буынан 30 минутқа дейін, 1000 мг/м концентрацияда 100 минутқа дейін қорғайды. Газқағар жоқ болса, су бүркілген дәкң мақта таңғышын пайдалануға боладыю
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Зардап шегушіні жедел таза ауаға алып шығып, су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық формадағы айырықша жағдайда оттегімен демалдырады. Күлдіреген теріні кемінде 15 минут бойы 2% ерітіндісімен жуу керек. Дем алмаған жағдайда «ауызға ауыз» әдісі мен қолдан дем алдыру керек. Зақымдалушыға ыстық сүт немесе шәй беріп, мойын жағын жылы киіммен қынтап, тыныштыққа қалдыру керек. Тек жатқан күйінде ғана көтері керек.
Хлор төгілген авария жағдайынла ең алдымен газды отырғызу қажет. Сол үшін жуу-шашырату өрт машиналарының, гидранаттардың көмегімен жоғары қысымдағы су пердесін жасап, суды немесе кальцийленген сода ерітіндісін шашыратады. Бұдан кейін су шашыраған жерге аммиак суын, әк тұнбасын, кальцийленген сода ерітіндісін, немесе 60-80% және одан жоғары концентрациядағы каустикті төгеді. Басқа бейтараптандырушы заттарда гидросульфитті, техникалық соданы пайдалануға болады.
Аммиак - мүсәтірге тән қатты иісті, түссіз газ. T=-34 C қатаяды. Газ тәріздес аммиактың тығыздығы – 0,6 кг/м, яғни ауадан жеңіл. 18-20% ерітінді аммиак суы деп аталып, тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Сұйық аммиак органикалық қосылыстардың үлкен санын жақсы ерітеді. Тоңазытқыш машиналарының қажетті заты ретінде пайдаланылады, сондай-ақ азотты тұздарды, синил қышқылын, несеп нәрін, тыңайтқышты алуға да қолданылады. Ауа кірген құрғақ аммиак қоспасының жарылуы мүмкін.
Аммиакты қысыммен сұйық күйінде тасиды, атмосфераға шыққанда түтінденеді, суаттарды зақымдайды.
Организмге әсері. Көзне, тыныс органдарына, орталық нерв жүйесі мен тері қабаттарына қауіпті. Аммиактың жаппай әсерінен кейін бірнеше минуттан соң әлсіздік қатты байқалады. Дене құрысады.
Есту қабілеті күрт төмендейді, өкпенің қабынуы мүмкін. Аммиакпен зақымданудың нәтижесінде жүйкенің ауытқуы мүмкін. Қабақ пен көз жанарына күш түсіп, кейде көздің көрмей қалуы мүмкін.
Зақымдану белгілері. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының жиілеуі. Аммиактың буы сілекей бездері мен тері қабаттарын қатты тітіркендіреді. Теріні күйдіріп, қызартады. Көз қарауытып, жас ағады. Сұйық аммиак өз ерітіндісімен теріде түйіскенде дененің күюі, үсуі мүмкін. Аммиактың өлімге душар ететін концентрациясы әсер ету кезінде 30 минутта мг/л тең.
Қорғаныс құралдары: К – жасыл түсті, И – қызыл түсті, КД – сұр түсті маркадағы қорапқа салынған сүзгіштік өнеркәсіптік газқағарлар.
Өте жоғары концентрацияларда – оқшауландырғыш газқағарлар мен қорғаныс киімі, резиналық етік пен қолғаптар.
Зақымдалу аймағынан шыққан уақытта сумен немесе лимон қышқылының ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын пайдалануға болады.
Алғашқы дәрігерлік көмек. Аммиак пен зақымдалған адамды таза ауаға шығарып, жылы киім кигізіп, тыныштықта қалдыру керек. Он проценттік ментол мен хлороформ ерітіндісі бар жылы су буымен дем алдыру керек. Ыстық сүт ішкізу керек. Тұншыққан жағдайда оттегін жіберіп, ал дауыс қуысы бітелген кезде мойынды қынтап, тамаққа қыздырғыш қағаз басу қажет.
Тері мен кілегейлі қабықтары 15 минут бойы сумен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен шайған жөн. Көзге альбуцидтің 30%-тік ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызып, мұрынға зәйтүн майы, шабдалы майын құю керек. Жатқан күйінде көтеру қажет.
Құйылған аммиакты әлсірету үшін тұз немесе азот қышқылының 5-6% ерітіндісін пайдалануға болады. 1 тонна аммиак төгілген жерді шаю үшін 2 тонна су қажет.
Көміртегі (оксид) тотығы (иісті газ).
Түсі мен иісі жоқ газ. Көміртегінің немесе оның қосындысының жартылай жануы кезінде пайда болады. Ауада көп түтінденіп жанады, қайнау температурасы Ik = -191C. Улы көміртегі тотығының уақыт аралығындағы зақымдалу концентрациясы 2,5 сағатта 0,22 мг/л тең. 30 минут аралығындағы өлімге душар еткізетін концентрациясы 3,4-5,7мг/л.
Қан түйірлерінен оттегіні ығыстырады. Оттегі көлемі 18-20%-тен 8%-ке дейін төмендеуі мүмкін. Көміртегі тотығы клеткаларға тікелей умен әсер етіп, тыныс алуды бұзуы мүмкін.
Көміртегі тотығының әсерін қолқа және демікпеге ұшыраған, өкпесі, бауыры, қан айналу органдары ауыратын жас адамдар қатты сезеді. Қант пен қан деңгейін көтере отырып, көмірдің алмасуына ықпал етеді. Фосфор мен азоттың алмасуын бұзады. Дем алу тоқтаған бойда адам өмірден кетеді.
Зақымдалу белгілері. Көміртегі әсерінен маңдай мен шекенің тартылуы сезіліп, бас қатты айналып ауырады. Құлақ шуылдап, беттін терісі қызарып күйеді. Тамыр соғысы жиілеп, әлсіздік билейді, құстырады. Одан әрі әлсіздік пен бойкүйездік, талықсу пайда болып, ұйқы тартады. Дене температурасы 38-40 C дейін көтеріледі. Бұдан әрі құстырып, естен тандырады.
Қорғаныс құралдары.
Гопкалитті патрондары немесе ДПГ-1 қосымша патрондарының жиыны бар сүзгілік газқағарлар. ДПГ-1 үшін 3,0 мг/л көміртегі қышқылы концентрациясы кезінде қорғаныс ықпалының уақыты – 40 мин. Оқшаулаушы газқағарлар сүзгілік газқағарларға қарағанда тыныс алу органдарын қоршаған атмосферадан толық бейтараптандырады. Оқшауландырушы газқағарлардағы демалу мүмкіндігі онда қысылған күйде жатқан оттегі(КИП-7, КИП-8) немесе химиялық қосынды құрамдағы(ИП-46, ИП-46М) оттегі есебінен жасалады. Оқшауландырушы газқағарлар, сүзгілік газқағарлар сенімді қорғауды қамтамасыз ете алмаған, яғни ауада оттегі жетпеген жағдайда, мысалы ғамараттағы өртті сөндірген кездегі ҚӘУЗ- дің жоғары концентрациясында пайдаланылады.
Алғашқы (дәрігерлеге дейінгі) көмек көрсету. Зардап шегушіні жатқан күйінде (егер ол тіпті өзі қозғала алса да) таза ауаға шығару керек. Қалың киімдерді шешіп, жағасын жазып, белбеуін босатып, денені еркін жатқызу керек. Денесін жылытып, тыныштықта қалдырған жөн, оттегімен ұзақ демалдырады. Жеңіл уланған жағдайда кофе, күрең шай беруге болады.Мақтамен мүсәтір спиртін иіскету қажет. Қатты және орташа уланғандарды стационарға жатқызады.
ҚӘУЗ-дің шығуымен болған авария кезінде халықтың өзін ұстуы мен іс-әрекет тәртібі
Өндірістік авариялардың немесе ХҚО-дағы зілзала салдарынан қоршаған ортаға ҚӘУЗ-дің шығуы мүмкін.
Авария кезінде ХҚО-дағы байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдану қауіпі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс.
Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланылады. Адамдарды тұрғылықты жері бойынша кәсіпорын, ұйым, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшылары, жылжымалы құрылымдары хабарлайды.
Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО-ның кезекші диспетчеріне беріледі. Адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен авариялық қызметтің кезекші ауысымының бастығы мен жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді.Қала халқы, елді мекенді ХҚО-дағы авария туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл құралдары қосылады, бұл «Баршаңыздың назарыңызға!» ескерту дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша халық радио торабын, жергілікті теледидарды, шұғыл хабарды тыңдау үшін қосуға міндетті.
ХҚО жұмысшылары мен қызметшілері хабарлау дабылын естіген бойда жеке қорғану құралын киеді (ЖҚҚ) ең алдымен оқшауландырғыш және өнеркәсіптік газжағарлар киіледі. Әркім өз жұмыс орнында, аварияның жойқын салдарын төмендету үшін барлық мүмкіндікті жасауға тиіс: электр көздерін, дауыс ажыратуды қамтамасыз ету, агрегатты, апаратты тоқтату, технологиялық процесс шарттарына және қауіпсіздік техникасы ережесіне сай газ, бу және су концентрациясын жабу.Бұдан кейін қызметкерлер әзірленген панаханаға жасырынады немесе шағымдану аймағына шығады.
Құрамаға кіретін қызметкерлер авария туралы дабыл бойынша жиналу орнына келіп, химиялық зақымдану ошағын жайылтпау мен жоюға қатысады.
Газқағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы демалмай, зақымдалу аймағына жылдам шығу қажет. Тыныс алу органдарын қорғау үшін, суға шайылған қолда бір мата бұйымдарын, киімнің тері және мақталы жерлерін пайдалануға болады. Зақымдалған орын бойынша қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек:
Информация о работе өндірісте қолданылытын химиялық улағыш заттар