Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 14:33, реферат
ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған.
1. Халықтың химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар негізіндегі іс-әрекеті
2. ҚӘУЗ-дің шығуымен болған авария кезінде халықтың өзін ұстауы мен іс-әрекет тәртібі
3. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
4. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорграникалық уландырғыш заттар
5. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ)
желге қарсы бағытта жылдам қозғалу, алайда жүгіріп шаңдатпау қажет;
жабық аулаларды, шұңқырды, тығыз құрылысты учаскені айналып өту;
ғимаратқа сүйкенбеу және айналадағы затқа тиіспеу;
теріде, киімде, аяқ киімде ҚӘУЗ тамшысын байқаған бойда қағаз ширатпасымен немесе бет орамалмен оны алу;
мүмкіндігінше зардап шеккендерге, балаларға, қарттарға немесе өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем көрсету.
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануарларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.
Улы заттпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:
аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда, тұйық желсіз жерлерде ұзақ сақталуы мүмкін.
Ұлы заттармен зақымданудың жолдары:
уланған ауамен демалғанда;
улы тамшылардың теріге немесе көзге тиюі;
уланған заттарды ұстағанда;
уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Жоғарыд айтып кеткендей хлор мен аммиак улы заттардың ішінде кездесетін ең қауіптісі.
Уланған жағдайда көрсетілетін көмек.
Өндңрңсте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридің, венилхлоридің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені,мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Аптечканың ( АИ-2) №2 ұясындағы таблетканы ішу керек.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорграникалық уландырғыш заттар
Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді – 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
Ашық жатқан су көздерін өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады.
Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
Зарин – бұл түссііз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.
Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі – Иприт.
Ол самырсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам Иприттің буымен демалғанла бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.
Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.
Синиль қышқылы – тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді.
Қату температурасы -14 С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.
Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.
Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.
Тұншықтырғаш улы зат – фосген.
Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайлы. Бұл газдан қорғану жолы противогаз бен баспананы пайдалану.
Әсері қүшті улы заттар (ӘКУЗ)
ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданыдатын зат, оларды қалай болса солай сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.
Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:
1. улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;
2. жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;
ӘКУЗ төгілгенде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әрекеттер;
Хлор – төгілген кезде ең биік орындарға көтерілу қажет:
А) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғары қабатқа көтеріліңіз;
Ә) егер сіз көшеде болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.
Аммиак төгілген кезде тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.
Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қамтыңыз, есік пен терезені жақсылап жабыңыз, ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.
Информация о работе өндірісте қолданылытын химиялық улағыш заттар