Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:25, реферат
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша
оқыған Нұралы ұстазының
“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде
Троицкіге қайтқан Торайғыров
“Айқап” журналына жауапты
1914 ж. жазда
туған елі Баянауылға оралады.
Ел ішінде мәдени-ағарту
“Ләпет бұлты шатырлап”,
“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған.
“Ендігі беталыс”,
“Тұрмысқа”,
“Бір адамға”,
“Туған еліме”,
“Сымбатты сұлуға”,
“Қыз сүю”,
“Гүләйім”,
“Өмірімнің уәдесі”,
“Жан қалқам”,
“Гүл”, т.б.
өлеңдерін, “Кім жазықты?”
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.
1916 – 17 жылдардың
қысында Томскіде орысша оқиды.
1917 жылғы ақпан
айындағы төңкерістен кейін
1918 ж. сәуірде
еліне біржола оралады. Онда
Колчак үстемдігінен кейін
“Шал мен қызға”,
“А, дүние”,
“Жас жүрек”,
“Сарыарқаның жаңбыры”,
“Адасқан өмір”,
“Кедей”,
“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.
[өңдеу]
Шығармашылығының
ерекшелігі
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.
[өңдеу]
Поэма жанрына
қосқан үлесі
Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.[1]
[өңдеу]
Шығармалары:
Толық шығармалар жинағы Қ-о. 1933;
Таңдамалы шығармалар А., 1957;
Избранное А-А, 1958;
Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1987;
Шығыс 1-2 Торайғыров
А., 1993.[2] Қазаққа ілгерілеу керек
болса, мұны аз қалыпта қалдырмай,
көбірек тұрсын, бәріне таныс
жетілген жұрттардың қатарына
қосу керек; олармен бірге адам
баласының жеңіл күн көруіне,
тегіс бақытты болуына жол
табу керек, іздесіп ат салысу
керек... Бізге керегі қайткенде
солардың білімін тез үйреніп,
қайткенде сол қатарға тез қосылу
қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмір
баяны. Абайдан кейінгі қазақтың жазба
әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп,
ерекше көзге түскен көрнекті
ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров
болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында
Көкшетау облысының Қызылту ауданында
туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын
аты Әбубәкір) атанған кедей,
момын шаруа адамы болған.Шоқпытта
екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт.
Сұлтанмахмұттың екі жасында
шешесі өліп, жетімдікті көріп
өседі. Әкесі әйелі өлген
соң балаларын алып, өзінің туған
жері Павлодар облысының Баянауыл
ауданына көшеді. Ақынның балалық
шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда
ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл
молдаларында оқиды. 1908 жылы
Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман
деген молданың медресесіне
түсіп, одан 2-3 жыл сабақ
алады. Молданың ұрып – соғуына
шыдай алмай, ол оқуды тастап
кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын
сықақ етіп өлең шығарады.
Ол 1911
жылы бір қыс бойы Нұрғали
Бекбауов деген мұғалімнен
оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған,
көзі ашық, сауатты мұғалім болған.
Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ,
татар тілдерінде шыққан әдеби
кітаптарды, газет – журналдарды оқуға
дағдыланады. Өзінің білімінің
саяздығын сезген Сұлтанмахмұт
1912 жылы Троицк қаласына барып,
Ахун Рахманқұли деген татардың
медресесінде оқуға түседі. Бірақ
тұрмыс жағдайының ауырлығынан
мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының
тапшылығынан көп қиыншылық көріп,
ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк
маңындағы бір ауылға бала оқытуға
кетеді. Ондағы ойы бала оқыта
жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы
жинап, қайта оқуға келу болады.
Ол бала оқытудан бос уақытында,
өз бетімен оқумен шұғылданады,
өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров
қазақтың ұлы ақыны Абайға
да мінездеме беріп, оны қазақ
әдебиетінің өкілдерінің бәрінен
ерекше, дара тұлға деп бағалайды.
Ол аз өмірінің ішінде (небәрі
27 жас жасаған) әлденеше лирикалық
өлең, ондаған мақала, екі роман,
5-6 поэма жаңа сатыға көтерген,
Абайдан кейінгі ірі суреткер,
реалист ақын болып табылады.
Кейде «Есіл-
қайран ерім-ай, еліне берерін
түгел бере алмай кетті-ау»,-
деп өкінетініміз бар. Иә, өкінішсіз
өлім жоқ. Әйтсе де! Аз жасаса да,
өртеніп өтетін, асыра асыл сыйлап
үлгеретін, арманына жететін алыптар
болады!
«Сөндіріп ай мен күніңді,
Тек денімді сау қылшы!»-
деген тірлікке құштар, өмірді
шексіз сүйген ұлы жан- Сұлтанмахмұт
Торайғыров аз жасап, көп арманы
көкірегінде кетті. Өз дәуірін
жанартаудай жарып шығып, қара
түнде жарқылдаған найзағайдай
жалын атқан ақын, аққан жұлдыздай
небәрі 27-жасында дүниеден қыршын
кетті.
Әдебиетте
не бары он-ақ жыл қалам
тебіренткенінің өзінде, өлең-жырлары
өз алдына бір шынар
болса, «Қамар сұлу», «Кім жазықты»
романдары, «Кедей», «Адасқан
өмір» поэмалары, «Ауырмай
есімнен жаңылғаным»
«Жұрттың
бақытты болуына себін
тигізген адам ғана бақытты
адам»,- депті Дени Дидро. Олай болса
бар өмірін, күш-қайратын, ой-санасын,
ақылын, бүкіл талант дүниесі
жалынын ақтық демі сөнгенше
ел-жұртының бақытты болу жолына
себін тигізуге жұмсаған Сұлтанмахмұт
тірлігінде қандай бақытты болған
десек, енді бүгінгі күнде де,
жарқыраған асыл поэзиясы да
бүкіл табиғатымен бақытты. Ақын поэзиясы
өте өміршең поэзия. Үлкен талант
иелерінің өмірінде өлім жоқ деген
осы болса керек. «Өлді деуге бола
ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына
сөз қалдырған» деген екен Абай
атамыз. Туғанына 113 жыл толып
отырған, 27 жасында қыршын кеткен
Сұлтанмахмұт творчествасы сан
ғасырлар жасап ұрпақтан-ұрпақ
жалғаса бермек.
Он екі
жасында-ақ тауды тесіп, тасты
жарып шыққан қайнардай бұрқ
етіп өлең-жыр шумақтаған балдырған
Сұлтанмахмұт 17 жасында туған
халқының өмір сырына үңіліп,
келешегін ойлайды. Шындықтың аулын
іздеп жолға шығады.
Сұлтанмахмұт
өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың
бас кезі- Ресей топырағындағы
ең бір дүр сілкіністің, азаттық
үшін арпалыстың кезеңі болды.
Бірімен-бірі қабаттасқан үш
бірдей төңкеріс патшашылдық
биліктің тас-талқанын шығарды.
Отаршылдық езгінің әлсіреуі
ұлттардың оянуын тездетті.
Саяси жағдай ұлттық сананың
оянуына себепкер болған төменде
айтып кеткен үш төңкеріс, ол
Ресейдегі 1905-1907 жылдары және қазақ
даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы
қозғалыстар, 17-ші жылғы Ақпан
төңкерісі. Ақынның бел шеше
жазу ісімен айналысқан кездері де
осы бір шытырман жылдар
еді. Ол мәдениеті озық елдердің
жоғары жетістіктерін уағыздап,
жаңалық жаршысы бола білді.
Сол себептен ақын «Бүгіндегі
жастарға оқу міндет, бар
қиындық тек қана ғылым жеңбек»
деген үлкен ойдың қажырлы
көрінісіндей жыр жолдарын өз
оқырмандарына жолдады.