Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 14:25, реферат
Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.
Аса көрнекті
қайраткер С.Торайғыровтың әдеби
мұрасының зерттелу тарихына тоқталайық.
Сұлтанмахмұт шығармаларын жинау,
бастыру, зерттеу ісінің де
ұзақ тарихы бар. Ақынның өз
басы да, әдеби мұрасы да
дау-дамайға көп түскені мәлім. Осындай
уақытта ақынның кейбір өлеңдері
жоғалды, табылғаны дау туғызды. Қолда
барының кейбірі ұлтшылдық қарғыс
таңбасы басылып, қайта жабылды.
Сондай шығармасының бірі- «Айтыс» (қала
ақыны мен дала ақынының айтысқаны)
аталатын дастаны. Бұл-аяулы ақынның
кемел ойлап, кең пішкен шығармасы.
Аяқталмауы өкініш. Мұнда Сұлтанмахмұт
егеменді еліміздің тәуелсіздігі,
тіл теңдігі, төл өнеркәсіп, Ұлттық
қорғаныс тәрізді аса ірі
және көкейкесті мәселелерді сол
кезде-ақ – 1919 жылы қозғап, тамаша жырлағанын
көреміз. Жиырма жеті жасында дерт меңдеп,
тағдыр кермесіне ілінген ақын!
«Тым болмаса екі жыл тұрмадым, іштегіні
түгел жарыққа шығара алмай
кетіп барамын», - деп, «Айтысты» тәмәмдай
алмағанын зор өкініш етіпті.
«Айтыс»
С.Торайғыров қайтыс болғаннан
кейін, советтік заманда- 1922 жылы
Қазан қаласында белгілі ақын
1933 жылы
ақын жинағын Жүсіпбек
Поэманы
С.Торайғыровтың 1922 және 1933
жылдары жинақтары бойынша
баспаға дайындаған – филология
ғылымдарының кандидаты Арап
Еспенбетов.
С.Торайғыровтың
кейінгі жылдары шыққан
екі жинағында да (1950 және
1957) елеулі кемшіліктер кездеседі.
Біріншіден,
жазушының қолжазбалары жоғалып
кеткенін сылтау етіп, тиянақты
ешбір текстологиялық жұмыс жүргізілмей
келген. Екіншіден, Сұлтанмахмұт
Торайғыров-
тың творчестволық
өмірбаянын жазуда да ауыз
толтырып айтарлықтай ізденулер
мен жаңадан тапқан жөнді
деректер болмаған.
1926
жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының
сөздерін жинау науқанына
ат салыңыздар!» деген
ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов:
«ақын елінің тілі ғой,
адал туған ұлы ғой,
бүлк-бүлк еткен жаны ғой,
жанын жеген ары ғой,
айта алмай. Жаннан, ардан безбесе,
ақынын қандай ел қастерлемесін!
– деп жазды. Сұлтанмахмұт шын
мағынасында осы сөзге татитын
ақын. Ол көп жабының бірі
емес, от болып жанып кеткен,
құйрықты жұлдыздай ағып түскен,
тұлпар талант еді. Сондықтан
Сұлтанмахмұт есімі қазақтың
жыр – дариясын құрайтын үлкен,
асау, арналы өзенінің бірі болып
қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті
орын алады.
Ақын есімі
– ел есінде мәңгі қалмақ.
Алтын – ұя мектебім С.Торайғыров
есімін 1993 жылы алды. Ол кезде ақиық
ақынымызға – 100 жыл толған еді. Мектебімізде
ақынға арналған мұражай бар.
Торайғыров
көшесі қаланың ортасында
орналасқан Қонаев көшесінен
басталып, Энергетиктер көшесімен
аяқталады. Торайғыров көшесінде
мешіт, аурухана кешені, «Шахтер»
мәдениет және демалыс бағы,
«Сары – Арқа» дәмханасы, №35 лицей
мектебі, Қазақстан – Ресей университеті
орналасқан.
Павлодар
қаласында қасиетті қара
шаңырақ Павлодар мемлекеттік
университеті С.Торайғыров атымен
аталады. Сол қалада Торайғыров
көшесінде ақынға арналған ескерткіш
орнатылған.
Баянауылда С.Торайғыровтың құрметті есімімен аталған «Торайғыр көлі» бар екені барлығымызға мәлім. Сол көлдің маңында Торайғыр ауылы орналасқан.
*
*
*
«Шәкірт ойы»
Қараңғы қазақ
көгіне
Өрмелеп шығып,
күн болам!
Қараңғылықтың
кегіне
Күн болмағанда,
кім болам?...
«Асыл сөз»
Асыл сөзді
іздесең,
Абайды оқы
ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Сөз мәнісін
білмесең,
Өлең оқып не
керек?
Не айтқанын
сезбесең,
Жарапазан не беред?
«Шығамын тірі
болсам адам болып»
Шығамын тірі болсам
адам болып,
Жүрмеймін бұл
дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде
тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір
сүріп надан болып.
Мен балаң, жарық
күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді
барып, белді буған.
Жұлдыз болып
көмеймін елдің бетін.
Болмасам толған
айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып
айтқан асылық емес,
Ойында оты
барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі
болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме
еткем егес.
Мен қазақ, қазақпын
деп мақтанамын,
Ұранға «алаш»
деген атты аламын.
Сүйгенім –
қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан
сақтанамын?!
Ерікті ен даланың
құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті
сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс
Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс
қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын
ерім болып,
Ер жеттім ен
далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын
даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды
тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны
тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа
әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын
деп мақтанамын,
Ұранға «алаш»
деген атты аламын.
Сүйгенім –
қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан
сақтанамын!
*
*
*
Сүйдіріп, жүрегімді
тартқан менің,
Сарыарқа, Сарыдала
– туған жерім.
Көк күмбездің
астында көк масаты
Сәулемен алтындаған
сары белім.
Кең дала, шаңсыз
ауа, таза қоныс,
Исі аңқып, бетім
сүйген самал желім.
Кіндік болып,
мал менен жанды өсірген,
Жаз жайлау, күзгі
күзек, қысқы тебін.
*
*
*
Сүйемін туған
тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ
берген білім
Шыр етіп жерге
түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген
таныс үнім.
Сол тілмен шешем
мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным»,
«жаным» деген
Сол тілменен бірінші
білгізілген:
«Ана» деген
сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып
қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым
далада еркін
Сол тілменен бірінші
сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.