Санитарлық ережелері мен нормалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:58, реферат

Описание

Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жалпы түрдегі балаларды сауықтыру ұйымдарының емдеп-сауықтыру, дене шынықтырып-сауықтыру, оқу-тәрбиелік әрекеттерін және мәдени-сұхбаттасуын ұйымдастырып жүзеге асырумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Осы санитарлық ережелердің сақталуын емдеп-сауықтыру, дене шынықтырып-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстарымен және балалардың мәдени-сұхбаттасуын ұйымдастырып жүзеге асырумен айналысатын жеке тұлғалар және меншік нысанынан тәуелсіз заңды тұлғалардың басшылары қамтамасыз етеді.
3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей сөздер мен анықтамалар пайдаланылған:

Работа состоит из  1 файл

Санитарлық ережелері мен нормалары.docx

— 37.80 Кб (Скачать документ)

 

Бассейндерді толтырудың қабылданған жүйесінен тәуелсіз, судың коли-индексі 10 артық емес, бір миллилитрде 100 артық емес сапрофиттің саны, аммиак 0,05 мл/л жоғары емес, тотығуы 4 мг/л жоғары емес болуы тиіс. Аталған көрсеткіштерден жоғары бактериялық немесе химиялық ластану байқалса, азот пен энтерекокктың титрасының нысанын анықтаумен, қайталап суды таңдау жүргізілуі керек, ол 10 артық болмауы тиіс.

37. Суды зарарсыздандырудың  негізгі әдістері хлорлау немесе  бромдау болып табылады. Шырышты қабыққа тітіркендіретін аффектінің болмауынан суды бромдауға көп көңіл бөлу керек. Құрамында бром бар зарарсыздандырғыш заттарды қолдану кезінде бассейн суында қалдық бромның қанықпасы 0,7-1,2 мг/л болуы тиіс. Түнгі уақытта қалдық бромның қанықпасы 2 мг/л көтерілуіне жол беріледі, бірақ пайдалану уақытысында 1,2 мг/л түсуі тиіс.

 

      ^ 4. Балаларды сауықтыру ұйымдарының ғимараттары мен имараттарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

 

38. Тұрғын үй-жайлар оңаша ғимараттарда немесе ғимараттың оңаша бөліктерінде орналасады, олардың қабаттылығы, оқшаулығы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталады.

39. Балаларды сауықтыру  ұйымдарындағы тұрғын бөлмелердің  терезелері орналасу орнына байланысты  көкжиекке қарай қаратылуы керек:  екінші В және екінші Г климаттық  зоналарда 70 градустан (әрі қарай  - о) 200о дейін ал үшінші, төртінші  солтүстік ендіктің климаттық  зоналарда, ал екінші А және екінші В солтүстік ендіктің климаттық зоналарының 70о - 290о дейін.

40. Ас блогының қайнататын  залының терезелерін солтүстік ендіктің барлық климаттық зоналарына 290о - 70о дейін қаратуы керек. Тұрғын үйлердің 25% 70о - 290о дейін қаратуға болады. Керек болған жағдайда реттелетін күннен қорғайтын құрылғылар болуы керек.

41. Төртінші климаттық  зоналарда тұрғын бөлмелерді "Шығысқа" (70о - 135о дейін) қарату ұсынылмайды.

42. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының жылытылатын үй-жайларында: екінші климаттық зонаға арналған  тұрғын және тамақтанатын залдар, екінші және үшінші климаттық аумақтардағы медициналық орынның үй-жайлары, екінші, үшінші, төртінші климаттық зонадағы - киімдерді кептіруге арналған кептіргіштер орнатылуы керек.

43. Екінші және үшінші  климаттық зоналарда орналасатын  балаларды сауықтыру ұйымдарының  (күндізгі бақыланатын температурасы  40о С мен одан да жоғары және түндегісі - 10о С төмен аумақтарсыз) жалпы қуаттылықтың 20% аспайтын есеппен алынып, тек ересек оқушыларға бес адамнан аспайтын палаткаларда тұруға болады. Палаткалардың едені тақтайдан жасалуы және жел өтпейтіндей болуы керек. Палаткалардың түрлері ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты анықталады; екінші климаттық зонада ашылатын терезе-клапаны бар үш қабатты палаткалар қолданылуы керек. Палаткалар төсектермен, киімдер мен аяқ киімдер сақтауға арналған тумбочкалар және шкафтармен жабдықталуы керек.

 

Палаткалардың айналасында  жауынның сулары ағуына арналған еңісті арықшалар (палаткадан) болуы керек.

44. Әрбір топта қолданылып жүрген ҚНжЕ талаптарына сай тұруға арналған үй-жайлар болуы тиіс.

45. Бір ғимаратта немесе оқшауланған блокта жалпы саны 160 адамнан аспайтын төрт топ орналастыруға болады. Әрбір топтың тұратын үй-жайлардың бөлінген жер аумағына шығатын жеке есігі болуы керек. Жасы жетіден он төртке дейінгі балалар үшін бір тұрғын бөлмедегі орынның саны бестен, ал алты, жеті жастағы балалар үшін он орыннан аспауы керек, бір адамға төрт шаршы метрден деп есептегенде қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай орналастырылуға тиіс.

46. Балаларды қабылдауға  арналған үй-жайларға вестибюль,  қабылдау бөлмесі, медициналық  орындар кіреді. Медициналық орындарда  оқшауланған бөлме, дәрігердің кабинеті, тіс дәрігерінің, процедуралық және медбикенің кабинеттері, әжетхана бір унитаз шлюздегі қолжуғышпен болуы керек. Осы тармақта аталған үй-жайлардың аудандары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықталады. Палаталардағы төсектің саны, боксты қосқанда балаларды сауықтыру ұйымдарының жобалық қуатының кем дегенде 2% есебінен қабылданады.

47. Балаларды сауықтыру  ұйымдарында орталықтандырылған  ас бөлмесі бар, тамақтанатын  залдары және қол жуғыштары бар, бөлек кіретін есігі бар асхана болуы керек. Жазда жұмыс істейтін балаларды сауықтыру ұйымдарындағы қол жуғыштарды тамақтанатын залдарға кіре берістегі, төбесі жабылған террасаларда орналастыруға болады.

48. Тамақтанатын залдың  ауданы балаларға бір мезгілде қызмет көрсеткенде (бір ауысымда) бір орынға 1,0 шаршы метр есебімен болуы керек.

49. Мәдени мақсаттағы және  қызметті-тұрмыстық үй-жайлар мен алаңдар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес қабылданады.

50. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының ғимараттары шаруашылық  ауыз-су, өртке қарсы және ыстық  сумен қамту жүйелерімен, құбырландыру  және су жинағыштармен қолданыстағы  ҚНжЕ талаптарына сай, жабдықталуы  керек.

51. Балаларды сауықтыру  ұйымдары қолданыстағы нормативтік  құжаттардың талаптарына сәйкес  сапалы ауыз сумен қамтамасыз  етілуі керек.

52. Ыстық сумен ас блогының  өндірістік үй-жайлары, кір жуатын, тұрмыстық, ванналық, себезгілі, қол жуатын бөлмелер, аяқ жууға арналған жуғыштар, қыздардың жеке басы тазалығының кабиналары, медициналық орындар қамтамасыз етілуі керек.

53. Құбырландыру арналарының  құрылғылары санитарлық түйіндермен  жабдықталған тұрғын корпустарда, асханаларда, ас бөлмесінде мәдени және медициналық мақсаттағы үй-жайларда, дене шынықтыру-сауықтыру және қызметтік-тұрғын үй-жайларда, кір жуылатын, себезгі бөлмесінде, бөлек тұрған дәретханалар мен қол жуғыштарда болуы керек.

 

54. Орталықтандырылған құбырландыру  жүйесі жоқ аудандарда балаларды  сауықтыру ұйымдарын орналастырғанда,  жиналған суды шығаратын және  тазалайтын құрылғының жергілікті  жүйесі рұқсат етіледі. Құбырландырудың жергілікті жүйесін таңдау және құру мәселелері тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде шешіледі.

55. Жаңадан соғылып жатқан  балалар сауықтыру ұйымдарын  жылумен жабдықтау, жылыту және  желдеткіш жүйелерін қолданыстағы  ҚНжЕ талаптарына сәйкес жобалау  қажет.

56. Жыл бойы жұмыс істейтін  ғимараттардағы тұрғын бөлмелердегі  ауаның температурасы 18о С-ден  төмен болмауы, оқшауланған бөлменің  палаталарында - 20о С, вестибюльде - 16о С болуы керек.

57. Жазғы тамақтанатын  залдарды (жабық), асхананың өндірістік үй-жайлары мен орталықтандырылған ас бөлмелерін сорып шығаратын механикалық қондырғымен қосылған желдеткішпен жабдықтау керек. Ғимараттың барлық түрлеріндегі себезгі бөлмелер мен дәретханалардың жеке сорып шығаратын желдеткіштері болуы тиіс.

58. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының барлық негізгі үй-жайларында  табиғи жарық көзі болуы тиіс.  Асханалық, мәдени және дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы үй-жайлардың табиғи жарықтандыруының коэффициенті қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы керек. Жыл бойы жұмыс істейтін ғимараттардағы тамақтандыратын залдарды, үйірмелер мен мәдени мақсаттағы үй-жайларды жарықтандыруға қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес люминесцентті шамдарды қолдану ұсынылады. Ұйықтайтын үй-жайларды жарықтандыруға жарықтан қорғайтын арматурасы бар шамдар қолданылады.

59. Балаларды сауықтыру  ұйымдарын негізгі үй-жайларының  қабырғаларының, төбелерінің, едендерінің  беттері тегіс, оларды тазалау  (жуу) мен зарарсыздандыруға ыңғайлы  болуы керек. Әрлеуге Қазақстан  Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар қолданылуы тиіс. Ас блогының өндірістік және қоймалық үй-жайларының қабырғалары глазурленген плиткалармен қапталуы керек немесе 1,8 метр биіктікке сырлануы тиіс (дәліздерді 1,5 метр биіктікке).

60. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының жабдықтары мен жићаздары  балалардың бой-жас ерекшеліктерін  есепке ала отырып, гигиеналық  және педагогикалық талаптарға сәйкес болуы керек. Ұйықтайтын бөлмелерді екі қабатты төсектермен жабдықтауға болмайды.

 

       ^ 5. Балаларды сауықтыру ұйымдарының жер бөлігі мен үй-жайларының күтілуіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

61. Күнделікті балаларды  сауықтыру ұйымдарының барлық  үй-жайларының терезелерін және  терезе көздерін ашып қойып  техникалық қызметкерлердің көмегімен  Қазақстан Республикасында қолдануға  рұқсат етілген жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды түрде тазалау керек, он жастағы балалар ұйықтайтын бөлмені күніне екі рет (түнгі және күндізгі ұйқыдан кейін) жинастыру керек; он жасқа дейінгі балалар жататын ұйықтайтын бөлмелерді техникалық қызметкерлер жинастырады.

62. Әрбір ауысымның аяғында техникалық қызметкерлер барлық үй-жайларда күрделі жинап-тазалау, жуып-шаю жұмыстарын жүргізеді:

1) күрделі жинап-тазалау,  жуып-шаю жұмыстарын, Қазақстан Республикасында  қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдану арқылы жүргізеді;

2) Төсек әбзелдерін (матрацтар,  жастықтар, көрпелер) желденуі және  кебуі үшін, ауысымның алдында  таза ауаға шығарады. Балалар арасынан жұқпалы аурулар шықса, ұйықтайтын бөлмені, төсек әбзелдерін, жабдықтарды, белгіленген тәртіпте зарарсыздандырады. Әрбір сауықтандыру маусымы ашылардың алдында, төсек әбзелдерін химиялық жолмен тазалайды немесе зарарсыздандырғыш камерада өңдейді. Жарамсыз төсек әбзелдері жаңа төсек әбзелдеріне ауыстырылады.

63. Қол жуатын, себезгі,  тұрмыстық тазалық бөлмелерінде  және дәретханалардың едендерін,  қабырғаларын, есіктің тұтқасын жуғыш заттарды қолдана отырып ыстық сумен күнделікті жуу керек:

1) едендер кірлеген сайын  сүртілуі керек;

2) унитаздарды күніне  екі рет жуғыш заттарды қолдана  отырып, щөткемен жуу керек;

3) несеп қышқыл тұздарды  кетіру үшін тұз қышқылының 2% ерітіндісін қолданған жөн, немесе  Қазақстан Республикасында қолдануға  рұқсат етілген арнайы жуу құралдарын пайдалану керек.

 

64. Қоқыс жинағыштарды, олардың  2/3 көлемі толғаннан кейін тазалау  және зарарсыздандырғыш және  дезинсекциялағыш заттармен өңдеу  керек.

65. Асхананың барлық үй-жайларын  күн сайын мұқиятты түрде жинау  керек: ылғалдандырып сыпыру және  едендерді жуу, шаңды, өрмекші  торын алып тастау, жићаздарды, радиаторларды,  терезенің алдын сүрту. Өндірістік үй-жайларды жинау, жабдықтар мен керек-жарақтарды жуу, тамақтанатын залдарды жинау әрбір тамақ ішкеннен кейін жүргізілуі керек. Тамақтанатын залдардың едендері гигиеналық жабындымен жабылуы және әрбір тамақтанған сайын арнайы бөлінген техникалық персонал ылғалдандырылған шүберекпен сүртіп отыруы керек.

66. Тазалайтын керек-жарақтар (шылапшындар, шелектер, щөткелер-шүберектер):

1) арнайы белгімен белгіленіп әрбір үй-жайларға (ұйықтайтын, ас бөлмесі, асхана, оқшау бөлмеге, дәретхана) арнайы бекітілуі керек;

2) соларға арнайы бөлінген орындарда сақталуы керек;

3) дәретханаларға арналған  керек-жарақтар белгілі түске  (қызыл, сары-қызыл) боялып, бөлек сақталуы керек;

 

4) барлық тазалайтын керек-жарақтарды  қолданып болғаннан кейін жуғыш  және зарарсыздандырғыш заттарды  хлорлы әктің 0,5% ерітіндісін,  кальцидің гипохлоридін, басқа да  қолдануға рұқсат етілген заттарды қолданып жуып-шаю керек.

 

67. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының аумағы күнделікті  тазалануы керек: таңертең балалар  аулаға шығардан бір сағат бұрын және ол ластанған сайын, қоқыстарды қоқыс жинағышқа ғана жинау керек, балаларды сауықтыру ұйымдарының аумағында тұрмыстық қоқыстар мен жапырақтарды жағуға болмайды. Құм салынған жәшіктердегі құмды айына бір рет ауыстырып отыру керек, құм салғыштардың бетін түнде қақпақпен жабу керек. Ауысымына бір рет құмды ішқұрттардың жұмыртқаларымен ластауына тексеру керек, оларды тапқан жағдайда құмды ауыстыру керек. Шыбындармен күресуге Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдерге сәйкес зарарсыздандырғыш заттар қолданылуы тиіс.

68. Балаларды сауықтыру  ұйымдарында сөрелер, немесе таза  іш киімдерді, таза төсек жабдықтарын  (сөрелер немесе шкафтардағы матрацтар,  жастықтар, көрпелер) сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған қойма (кем дегенде үш бөлмесі бар) болуы керек. Ауыстырылатын төсек әбзелдерінің саны кем дегенде үшеу болып, матрацтардың ауыстыратын тысының саны екеу болуы тиіс. Моншаға түсу жеті күнде бір реттен кем болмауы тиіс.

69. Төсек әбзелдерін және  бет пен аяқ сүртуге арналған  орамалдарды, олардың ластануына  қарай ауыстырады, бірақ ауыстыру  саны аптасына бір реттен кем болмауы керек. Төсек әбзелдерін арнайы қаптарға (мата немесе клеенка) салады да, сұрыптауға және кір жуатын орынға жіберуге арнайы бөлінген бөлмеге жеткізеді. Мата қаптарды қолданғаннан кейін жууға тапсырады, клеенка қаптар сабынды-содалы ерітіндімен өңделеді, ал егер жұқпа болса зарарсыздандырғыш заттардың бірімен өңделеді. Ластанған төсек әбзелдеріне арналған бөлмені, ондағы кір заттарды, кір жуатын бөлмеге жөнелткеннен кейін жуып зарарсыздандыру керек.

 

        ^ 6. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

70. Ас блогының құрылымы, жабдықталуы, күтілуі қолданыстағы  ҚНжЕ талаптарына сәйкес болуы  керек.

71. Тез бұзылатын тамақ  өнімдерін сақтау жағдайлары  мен сату мерзімдері Қазақстан  Республикасының мемлекеттік бас  санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 1 тамыздағы № 32, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 қыркүйектегі № 1989 тіркелген "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және сату мерзіміне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелері мен нормалары талаптарына сәйкес орындалады.

 

72. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ақ уыздардың, майлардың, көмірсутектердің пайдалану нормасы мен нәрлілігінің ұсынылатын мөлшері осы санитарлық ережелерге 4 қосымшаның 3 кестесіне сәйкес анықталады.

73. Ақуыздардың, майлардың,  көмірсутектерінің ең жақсы қатынасы 1:1:4 болып саналады. Жануарлардан (ет, балық, сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа) алынған ақ уыздың құрамы 50-60% кем болмауы және майлардың жалпы санынан 20-30% өсімдіктерден алған майлар құрауы керек. Балаларға берілетін астың жиілігінің арасы төрт сағаттан аспайтындай, төрт немесе бес мәрте етіп ұйымдастыру керек. Тамақтанудың тәуліктік рационының жалпы нәрлілігін мынандай етіп бөлген жөн: таңертеңгілік ас - 25%; түскі ас - 35%; түстен кейінгі ас - 15%; кешкі ас - 20%; екінші кешкі ас - 5%.

74. Ұйықтардың алдында  бір сағат бұрын екінші кешкі ас ретінде балаларға бір стакан сүт немесе айран беру ұсынылады.

75. Балаларды сауықтыру  ұйымдарының медициналық қызметкері  күнделікті ұсынылатын тағам  өнімдерінің тәуліктік жиынтығын және өнімдерді өзгерту кестесін осы санитарлық ережелерге 4 қосымшаның 1, 2 кестелерін есепке ала отырып дастарқан мәзірін жасау керек.

Информация о работе Санитарлық ережелері мен нормалары