Шартты рфлекс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 07:29, реферат

Описание

В.С.Русинованың оқытуы бойынша шартты рефлекс алдымен доминантты, ал одан кейін – шартты рефлекс болады. Егер қабығының бір бөлігін тура поляризациялау арқылы жануардың қандай да бір аяқ- қолының, мысалы, кортикалды жерінде таралмаған қозу ошағын тудырса, онда сол аяқ- қолының қозғалысын түрлі ( жарық, дыбыстық, т.б.) индеферентті қоздырғыштардың әсерімен тудыруға болады. Бұл кезде басқа аяқ- қолдарының қозғалыс реакциясы болмайды.

Работа состоит из  1 файл

шартты рефлекс.docx

— 38.33 Кб (Скачать документ)
  1. пассивті (реактивті) үйрету;
  2. оперантты үйрету;
  3. ойлау үйретуі (когнитивті, ақыл);
  4. инсайт жолының үйретуі.

Пассивті (реактивті) үйрету  организм пассивті болған кездегі барлық жағдайларда, яғни белгілі бір мақсатта күш салмай қандай да бір сыртқы факторларға көңіл аударуы және жүйке жүйесінде естің жаңа іздері білінген кезде орынды.

      Пассивті  үйретуге келесі формалар жатады.

      Машықтану- ориентациялық реакцияның өшуі (И.П.Павлов бойынша «бұл не?» рефлексі). Егер тітіркендіргіш бірнеше рет қайталанып және организмге еш маңызы болмаса, онда организм оған көңіл бөлмей қалады, осыған орай машықтану дамиды (габитуация). Ориентациялық реакция өшеді. Мысалы, тәжірибе жасалынатын жануары (ит) бар лабораторияда дыбыстың пайда болуы бастапқыда онда ориентациялық реакцияны тудырады: басын, құлағын дыбыс шыққан жаққа қарай бұрады. Дыбысты бөгде әсерлерсіз бірнеше рет қайталағаннан кейін жануар оған көңілін аудармай қалады. Адамдарда және жануарда жаңа тітіркендіргіш тек соматикалық қана емес, вегетативті реакцияларды да тудырады: жүрек қыртысының жиіліктерінің өзгеруі, ЭЭГ дисенхронизациясы, демалуының жиілігі мен тереңдігінің өзгеруі. Егер тітіркендіргіштің организм үшін еш мәні болмаса, келесі оның қайталануында вегетативті және соматикалық реакциялар өшеді. Мысалы, қаланың шулы көшесінде өмір сүретін адам түнде көліктердің дыбысына еш көңіл аудармастан, бейберекет ұйықтай береді.

      Машықтану- адамдар мен жануарлардағы үйретудің ең қарапайымы түрі бола тұра, сонымен қатар кеңінен таралған үйрету түрі. Соның арқасында бізге маңызы жоқ және жаңа емес тітіркендіргіштерді елемей, одан да маңызды құбылыстарға көңілімізді аударамыз. Машықтану әр қашан да мына стимулға қатысты ерекшеленеді: егер адам көше шуын байқамаса, ол не кездейсоқ дыбыстан, не күтпеген тыныштық орнағанда оянып кетеді. Машықтану- бұл қажу емес, ол ерекше бейімдегіш жүйке процесі. Оны сенсорлы жүйелердің адаптациясымен де, яғни үздіксіз стимуляция кезіндегі олардың сезімталдығының кемуімен шатастырмау керек. Е.Н.Соколовтың ойынша, машықтану- бұл теріс шартты рефлекстің универсалды формасы болатын стимул-байланысты оқыту, онда шартты сигнал- кез-келген тітіркендіргіш, ал шартсыз сигнал – биологиялық талғаусыздық болады, яғни машықтану шартты рефлекстердің тежелуінің механизмі (өшетін тежелу) арқылы  құрылады.

      Клеткалық деңгейде машықтану шартты рефлекстердің  өздерінің өндірілуі секілді  естің механизмдері арқылы құрылады.

      Сенситизация- қайталанатын стимулға, егер ол әр кезде жағымсыз әсерлерді туғызса, организм реакциясының бекітілуі. Мысалы, құбырдан судың қайта-қайта тамшылауы және шыбынның үздіксіз ызындауы немесе масаның ащы ызылы төзгісіз, жағымсыз болып кетеді. Бұл жағдайда үйрету негативті сипатта болады және стимул-жауап секілді сәйкес әрекеттік реакциялармен білінеді (бірнеше рет қайталанғаннан кейінгі тітіркенушінің әрекеті). Үйретудің осы түрінің механизмі негізінде синаптикалық жеңілдеу механизмі жатыр.

      Посттетаникалық потенциация ( синаптикалық жеңілдеу ) – бұл афферентті жолдардың қысқа тітіркенуінен кейінгі синапстардағы өткізудің жақсаруы. Қысқа уақытты активация постсинаптикалық потенциалдардың амплитудасын арттырады. Жеңілдеу тітіркену болған уақытта да байқалады (басында), бұл жағдайды феноменді тетаникалық потенциация деп атайды. Жеңілдеудің біліну дәрежесі импульстардың жиіліктерінің ұлғаюымен өседі, импульстар бірнеше миллисекунд интервалымен келіп жеткенде олар максималды болады.

        Посттетаникалық потенциацияның ұзақтығы синапс қасиетіне және тітіркену сипатына байланысты: жеке стимулдардан кейін ол әлсіз сипатта білінеді, ал потенциацияның тітіркендіруші сериясынан кейін (жеңілдеу) бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін жалғаса алады. Көргеніміздей, синаптикалық жеңілдеудің пайда болуының басты себебі пресинаптикалық шектердегі Ca2+ жинағы , өйткені ПД кезінде жүйке шегіне кіретін Ca2+ , иондық помпа оны жүйке шегінен шығарып үлгермейтіндігінен, сонда жиналады.

      Синаптикалақ  жеңілдеудің мағынасы жүйке центрлерінің нейрондарында ақпараттың өңделу процесстерін жақсартудың алғы шарттарын жасайтынына негізделген, ол өте маңызды, мысалы шартты рефлексті өндіру барысындағы оқыту үшін. Жеңілдеу құбылысының қайта пайда болуы жүйке центрінде центрдің жай күйінен доминантты күйге өтуін туғызуы мүмкін.

      Импринтинг- қоршаған болмыстың жаңа туғанның есінде сақталуы. Бұл қауымдастық емес үйретудің ерекше формасы, ол организмнің дамуының бастапқы кезіндегі тітіркендіргіштердің белгілі бір үйлесімділігіне және болатын жауапты реакцияларға туа біткен бейімделуіне негізделген. Жануарларды бақылауда этологтарды әсіресе олардың туа біткен және жүре иемденген іс-әрекеттеріндегі салыстырмалы ролі қызықтырады.

      Австриялық  этолог Конрада Лоренцтің жұмыстары  кейбір құбылыстардағы осы екі фактор арасындағы байланысты түсінуге көмектесті. Негізінен К.Лоренц инкубатордан шыққан қаздарды зерттеумен айналысқан. Қаздардың  жұмыртқаны жарып шыққаннан кейінгі көрген бірінші қозғалушы  дене олардың биологиялық аналары емес, ал К. Лоренцтің өзі болған. Нәтижесінде таңқаларлық жағдай болған: басқа қаздардың сатыларының қатарына қосылудың орнына, бұл қаздар К.Лоренцтің артынан еріп отырған және  өздерін ол солардың анасындай ұстаған. Ал туған аналарының қасында қалдырса, олар оған еш көңіл аудармай, қайта К.Лоренцтің қорғауына оралған. Адамға мұндай үйір болуының қызық сәттері олар жыныстық жетілгенде әсіресе ерекшеленді, бұл қаздар некелік жұптарын адамдарға ұқсатып іздеген, ал өздері тектестерге ешқандай қызығушылық білдірмеген.

      К.Лоренц қаздардың жұмыртқаны жарып шыққаннан  кейінгі алғаш көрінген қозғалыстағы объектіге деген терең құштарлықтарын импритинг  (ойында сақтау) деп атаған. Басқа зертеушілер  тәжірибе жағдайында импринтинг кез-келген дене бола алатынын көрсеткен: пинг-понг немесе футбол добы, жастық, қағаз қорап немесе басқа түрге жататын жануарлар. Тек олардың қозғалып бара жатуы шарт. Импринтинг механизмі тіршілік үшін күресте маңызды. Табиғат жағдайында қаздардың көз алдына алғаш түсетін объект – бұл анасы; әлбетте, олардың импринтингі аналарына бағытталады және бұл жерде оларға анасы- сол түрге сәйкес іс-әрекеттің адекватты формасын беретін модель болады.

      Бұндай  тәжірибелер құстарға, кейбір балықтарға және сүт қоректілерге жүргізілген  екен. Ал төлдері ата-аналарынан ұзақ тәуелді болатын жануарларда, мысалы, маймылда импринтинг әлдеқайда кеш  болған және күшті білінген. Сәбиде әлеуметтік байланыстар өте ерте қалыптасады және әлдеқайда терең  сипатта болады. Егер индивид алғашқы жылдарында изоляцияда болса, онда бұл оның әрекеттерінде ауытқулар туғызады.

      Импринтингтің байқалуының бірнеше түрлерге (формалары) бөлінеді.   1. Образдар мен объекттерді есте сақтап қалу: ата-анасын, бауырларын, апаларын, тамақ түрін, т.б. 2. Жүріс-тұрыс актілерін меңгеру (балалары ата-анасының іс-әректін қайталайды). Бұл имитациялық әрекет деп аталады, бұл импринтингтің екінші түрі жыныстық импринтинг деп аталады- өз түрінің ішіндегі жыныстық әрекеттер. Бірақ жыныстық әрекет ол тәрбиеленген басқа түрге де бағытталуы мүмкін. Мысалы, мысықтың жыныстық әрекеті мысыққа емес итке бағытталған болады, егер мысық туылғаннан иттердің жанұясында «тәрбиеленсе». 3. Еру реакциясы- жаңа туылғанның ата-анасының артынан «соқыр»(автоматты түрде) еруі. Импринтингтің бұл формасы әлдеқайда демонстративті және жақсы зерттелген. Сәбидің еруінің моторлы эквиваленті күлімдеу, ымдау болып саналады.

      Импринтингтің шартты және шартсыз рефлекспен ұқсастығы  бар:         а) шартсыз рефлекстер секілді бұл реакциялар өмір бойы сақталады; б) реакциялар туа біткен болады, бірақ олардың білінуі үшін бергілі бір жағдайлар жасалуы керек. Мысалы, еру реакциясы туа біткен, бірақ өмір сүру процесінде жүре иемденгенге айналады (егер сәбиді дүниеге келгеннен белгілі бір уақытқа бірден изоляцияласа, онда еру реакциясы өндірілмейді, яғни реакцияның өзі мұраға берілмейді, сәбиде тек оны орындауға деген даярлық болады).

      Импринтинг  шартты рефлекстен де, шартсыз рефлекстен де  ерекшеленеді: а) импринтинг белгілі  бір критикалық моменттерде пайда  болады ( көбіне бірден немесе бірден туылғаннан кейін); б) еске сақтау өте тез болады, мысалы, еру реакциясы, оны кейде «бір бекітуден» шартты рефлексі деп атайды. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша дұрыс емес, өйткені шартты рефлексті өндіру керек, ал шартсыз рефлекс үшін еске сақтау да, өндіру де тән емес.

      Сәбилердің  дамуын бақылаудан оның жүйкелік-психикалық дамуында импринтинг маңызды роль атқаратынын  көрсеткен, ол ұзақ жылдарға қалыптасып қалатын болашақ тәрбиесіне әсер етеді. Балалардың дамуында олардың  әрі қарай жетілуіне ықпал ететін критикалық периодтар болады, тек олар жануарлардікіне қарағанда әлдеқайда кеш болады. Негізінде, сәбидің анасымен қарым-қатынасының қалыптасуына алты аптадан алты айға дейінгі мерзім критикалық болып есептеледі.

      Жаңа  туған сәбилерде өмірінің алғашқы  айларында анасына деген бауыр  басуының маңызды факторы қауіпсіздік  және жайлылық сезімі, ананың баласын  тамақтандыруы, гигиеналық күтім, емшектегі  баламен сөйлесу кезіндегі дауыстың интонациясы және сөйлеу мәнері болады. Сонымен, импринтинг- бұл қоршаған ортамен әсерлесудің ерекше үшінші формасы (шартты және шартты рефлекстерден басқа).

      Классикалық шартты рефлекстер И.П.Павлов бойынша – оң және теріс болады.

      Оперантты үйрету (лат. operatio- әсер)- бұл үйрету барысында организм активті әрекет негізінде жағымды нәтиже алады. Оперантты үйретудің үш негізгі түрі бар.

      Сынаулар  мен қателіктер әдісі. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америкалық ғалым Э.Торндайк (1890) проблемалық деп аталатын торларға аш мысықтарды кіргізген, тор тек мысық шығуға қандай да бір әрекет жасаса, яғни жіпті тартса немесе ілмекті көтерсе ғана ашылған. Мысық одан шыққанда, оған тамақ берілген. Тордан шығу процедурасын қайталаған сайын ( сынақ пен қателік саны өседі) тапсырманы орындау жылдамдығы өскен. Бұл зерттеулерді кейін Скиннер жалғастырған.

      Аспаптық  шартты рефлекс- марапаттау көмегімен (бекіту) әрекетке үйрету. Жануар, мысалы, егеуқұйрық жарық сигналы арқылы тітіркенуді болдырмау үшін рычагты басып, электр тоғын өшіреді. Егеуққұйрық сонымен қатар жарық сигналымен рычагты басып тамақты алады, яғни олар қандай да бір аспапты қолданады, осыдан бұл үйретудің аты шыққан. Балалар сөйлеуге тез үйренеді , егер ата анасы жеке дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтқаны үшін оны қолпаштап отырса. Сөзді дұрыс айтпаса, балалар мұндай бекітуді алмайды, бұл сөздер бекітілмегендіктен біртіндеп қоланыстан кетеді. Аспаптық шартты рефлекс арқылы үйрету сигнал көмегімен, ал  сынақ пен қателік арқылы үйрету кезінде сигналдың көмегінсіз жүзеге асырылады.

      Өздігінен түршігу. Ми құрылымының жағымды сезім алу, рахат алу немесе өздігінен түршігуді болдырмау үшін өздігінен түршігу.

      Когнитивті  үйрету (ойлау арқылы үйрету). Біріншіден, организм бұрын кездеспеген ахуалға түскенде, ойлану арқылы дұрыс шешім қабылдайтын кездер болады. Сигнал бойынша шартты рефлексте де ойлану процесі орын алады, яғни әрекеттің нәтижесін бағалайды, бірақ ол әрекет орындалып болғаннан кейін орындалады. Алайда ойлану арқылы үйретуде бірінші ойлану,кейін әрекет болады, өйткені бұл мақсаты бар ойлану. Үйретудің бұл формасына парасаттылық және психожүйкелік қызметінің көмегімен үйрктуді енгізуге болады, өйткені олардың арасында айырмашылық жоқ. Екіншіден үйретудің бұл формасына бақылау жолымен үйретуді енгізу керек.

      Бақылау жолымен үйрету. Бұл үйретудің екі түрі бар.

      Жай еліктеу ,мысалы, былай болады: маймыл экспедицияда зерттеушілермен қарым –қатынастан бананды жеу алдында, неге екенің түсінбесе де, оны жууды үйренген.

   Жанама үйрету де бақылау арқылы жүргізіледі, бірақ әрекет нәтижесі бағаланады. Мұндай үйрету тек адамға ғана тән. Бақылау арқылы үйретуді (еліктеу) әсіресе балалар қолданады, дегенмен ерте онтогенезде ол жай еліктеушілік болып табылады. Жасы өскен сайын жанама үйрету еліктеу үйретуінен басым бола бастайды.

      Алғаш кездескен жағдайлардағы  тапсырманың дұрыс  шешімін табу. Үйретудің бұл түрінің екі түрі келтірілген.

      Экстрополяциялық  рефлекстер. Л.В.Крушинский ұсынған (1960) бұл рефлекстер жануарлардың ол үшін маңызы бар тітіркендіргіштің әрі қарай орын ауыстыруының бағытын анықтау қабілеті. Мысалы, түзу сызықты қозғалып бара жатқан қоректің көру аймағынан жоғалғаннан кейінгі орын ауыстыруы. Экстрополяцияға деген қабілет құстарда, жыртқыш сүт қоректілерде, дельфиндерде жақсы дамыған. Л.В.Крушинскидің айтуынша, жануарлардың күрделі бейімделу әрекеті үш негізгі компоненттен тұрады: инстинкт, шартты рефлекс және парасаттылық,не сабырлылық қызметі. Осылардың арқасында организм жаңа шарттарда, кенеттен болған жағдайларда бірден бейімделу әрекетін жасау программасын іске асырады және оқиға желісін болжап, жаңа жағдайда ең адекватты тактиканы таңдауға қабілетті болады.

      Психожүйкелік қызмет. И.С.Бериташвилдің 1935 жылы шыққан концепци ясында жоғары омыртқалы жануарларда және адамдарда ми қызметінің ерекше формасы болатынын көрсеткен, ол- психонервті қызмет, не бейнелеу есі.  Психонервті қызметтің негізі жануарларда қоршаған ортаның нақты құбылысын (қорек, жауы, т.б.), яғни жануардың маңызды биологиялық күйімен (асырау, қоректену, қорғану, көбею)  байланысы болатын  сыртқы ортаның барлық объектілерін  бір қайтара қабылдағанда, оларда белгілі бір бейнесі пайда болатынында жатыр. Әрекеттің мұндай типі ақпараттық және мотивациялық-эмоциональдық компоненттерден құралады.

Информация о работе Шартты рфлекс