Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 19:22, реферат

Описание

Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.

Содержание

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . 2
I.ВИТАМИНДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК . . . . 3
1.1 Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы . . . 7
II ВИТАМИН ТҮРЛЕРІ . . . . . . . . 11
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . 31
ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . . . . 32

Работа состоит из  1 файл

витаминдер.docx

— 46.43 Кб (Скачать документ)

      Холин. Соңғы жылдары холинді  де витаминдер қатарына жатқызады,  оның ағзаға майлардың тотығуына тікелей қатысы бар.

      1862 жылы Штрекер холинді өттен  бөліп алса, ал 1867 жылы К.Дьяконов оны жұмыртқаның сары уызынан бөліп алды. Кейіннен ол ми ұлпаларындағы лецитиннің құрамынан да табылады.

      Майда еритін витаминдер.А витамині (ретинол,антиксерофталмалық). А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакендродер оны өсімдіктерден ашты.

      Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің мүйіз қабығы бүлінумен қатар, әлсіз жарық жағдайында адамның көру қабілеті де нашарлайды. Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді. Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай аурумен ауыратын адам көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Іңірде көрмеушілік әсіресе тракторшыларға, ұшқыштарға және шоферлерге аса қауіпті. Мүмкін осыдан шығар, Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі.

      Авитаминоз.  Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А – витаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, сол көздің шырышты қабатын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көздің шынайнасы қатты зақымданады. Соның салдарынан соқыр болып қалады.

      А – авитаминозы сырқатының  алғшқы белгісі тауық-көз болады. Бұл витаминнің жетіспеуі – жас төлдердің өсуін тоқтатады және сперматогенез процесі тиылады, осының салдарынан мал басын өз төлі есебінен көбейту процесі бұзылады.

      А1 және А2 витаминдері  жануарлар  ағзасында болады. Әсіресе, балықтың  бауыры, жануарлар бауыры, жұмыртқақаның  сары уызы,жазда сиыр сүтінен алынған сары май осы витаминдерге бай келеді. Ал етте олар біршама аз. Каротиноидтар сәбізде, өрікте, ақжелкен жапырағында, асқабақта және барлық жасыл өсімдіктерде кездеседі.

      А витаминінің жануарлар ағзасында қажетті мөлшері мынадай: Тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг.

      1.А витамині бар балық майында  үшхлорлы сурьманың хлороформды  ерітіндісін қосқанда, ол көк түске боялады. Реакция химизмі әлі белгісіз. Ретинолды анықтау үшін тек жаңадан дайындалған балық майы алынды. Себебі ескі балық майында немесе қайнатылғанында кальциферол болады да, ал онда ретинол болмайды. Қайнатқан кезде А витамині ыдырап жойылады да, ал кальциферол жойылмайды. Сондықтан үшхлорлы сурьманың хлороформдағы ерітіндісін қайнатылған балық майына қосқанда ол сары түске боялады, бұл қайнатылмағанымен салыстырғандағы айырмашылығы.

      2.Құрамында А витамині бар  балық майының хлороформды ерітіндісіне  концентрлі күкірт қышқылын қосқанда қызыл түске боялады, кейіннен ол қызыл-қоңыр түске айналады.

      D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин). XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғанда сүйектері дефермацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.

      Е витамині (токоферол, антистерильдік  немесе өсіп-өну витамині). Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы,18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4% тұздың қоспасы және 5% құрғақ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, олардың  ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды.

      К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)

      1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы  рет балапандарды төмендегідей  құрамнан тұратын тамақпен: 66% крахмал, 18% казеин, 4,5% тұз қоспасы, 2,5%  клетчатка  мен ашытқылар зкстрактысы, А  мен В витаминдері бар балық майымен қоректендіргенде 1-2 аптадан кейін ет тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.

      К витамині өсімдіктердің жасыл  бөліктерінде, әсіресе беде мен  жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табылды, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадан дайындалған балық ұнында ол кездеспейді, себебі микроорганизмдер балықта филлохинонды синтездейді екен.

      F витамині (қанықпаған май қышқылдары) Cоңғы жылдары жүргізілген зерттеулер  нәтижесінде, егер тағамның құрамында  өсімдіктер майы болмаса, онда  адам организмінде липидтер алмасуы  бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында  холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртек атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестериннің алмасуына өте қажет-ақ.

      Q витамині (убихинон)    1955 жылы  майынан Q липовитамині немесе  убихинон бөлініп алынды. Бұл әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан Q витамині хинонның туындысы  болады. Оның сақинасында екі метоксилді топттар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар.

      Убихинон биологиялық тотығу  процесінде үлкен роль атқарады. Мұның молекуласында карбонильді  топтар болатындықтан протондар  мен электрондарды тасымалдау  процестеріне тікелей атсалысады. Бұл процесс клетканың энергетикалық станциялары болатын митохондрияларда өтеді.

      Q витамині әсіресе жүректің бұлшық  еттерінде көп кездеседі, себебі жүректің орасан зор жұмыс істеу барысында, оның энергияны да көп қажет ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл витамин тканьдердің тыныс алуына да қатысады.

      Антивитаминдер клетканың витаминмен  қоректенуіне әртүрлі әдістермен  бөгет жасайтын заттарды айтады. Оларды екі топқа бөледі:

      1.витамин молекулаларын бұзатын  немесе оларды активсіздендіретін  яғни инактивтендіретін заттар;

      2.витаминдердің структурасына ұқсас  және оларды биологиялық активтік  заттардан ығыстырып, активсіздендіретін  заттар.

      Мысалы, К антивитаминіне гепарин мен дикумарин жатады. Олар протромбиннің тромбинге айналуына бөгет жасайды, сонымен бірге қан айналу процесін баяулатады. Жұмыртқа белогы – авидинбиотинді байланыстыруға қабілетті. 

          ӘДЕБИЕТТЕР

1.К.С.Сағатов.  Биохимия. -  Алматы: «Білім», 2007

2.К.С.Сағатов.Биологиялық химия. – Алматы: «Ғылым» баспасы, 2002

3.Н.К.Шоқанов.  Микробиология. – Алматы: «Санат», 1997

4.Н.К.  Шоқанов. Микробиология. Алматы, «Санат», 1997 
 

                                                Білім мен Ғылым министрлігі

                                                Назарбаев Зияткерлік  мектебі 
 
 

     Реферат 

             Витаминдер 
 

Орындаған: Айтмұрат Ақжүніс

Тексерген: Шагимолдина Меруерт  Өмірханқызы 
 
 
 
 
 

                                        Астана, 2011

Информация о работе Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы