Қысқаша дәрістер жинағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:39, реферат

Описание

Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтіи ілі.м. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Краткий курс лекций БТ цитология.doc

— 343.50 Кб (Скачать документ)

   Метафаза митоздың  1/3 бөлімін алады. Хромосомалар ұршық жіпшелерінің экваторына.

   Экваторға жеткеннен кейін хромосомалар бір  жазықтыққа орналасып, оның әрқайсысына  ұршық жіпшелері жабысады. Хромосомалардың  экватор бөліміне орналасуын метафаза пластинкасы деп атайды. Өсімдік  клеткаларында метафаза кезінде хромосомалар экваторда ретсіз орналасады.

   Анафаза митоздың ең қысқа кезеңі болғандықтан, клеткада көп өзгерістер жүреді. Анафазада  әрбір хромосоманың хроматидтері клетканың  полюстеріне ажырай бастайды. Хромосомалардың  полюске жылжуы біркелкі, жылдамдығы 0,2 — 5 мкм/мин. Сонымен анафазаның ерекшелігі ұқсас хромосомалардың клетканың әр полюсіне ажырауы болып саналады. Хромосомалардың полюске жылжуына центромер бөлімі мен кинетохор ықпал етеді. Хромосомалар жылжыған кезде V — тәрізді иілген ұршық жіпшелер керіп тұрған центромерлермен бірге алға жылжиды.

   Телофаза. Телофазаның бастапқы кезеңінде хромосомалар полюстерге толық жетіп, олардың жылжуы тоқталады. Хромосомалар бастапқы дұрыс пішінін жоғалтып, ширатылып барып ұзын жіпшелерге айналады. Сонымен хромосомалар интерфаза хромосомаларының қалпына келе бастайды. Телофазада ядрошық және ядро қабықшасы пайда болады. Бұл кезеңде клеткада ядрошық аймағында РНҚ және белоктардың мөлшерлері көбейеді. Телофазада митоз аппаратының жойылуымен, ядрошықтың қайта құрылуымен қатар клетка денесінің бөлінуі жүреді. Бұл процесті цитотомия немесе цитокинез деп атайды. Осы процестің салдарынан цитоплазма бөлінеді де, соның нәтижесінде, екі жас клетка пайда болады. Бұл клеткаларда бастапқы аналық клеткалардың хромосомаларына ұқсас хромосомалар пайда болады, демек екі жас клеткалардың ядроларында хромосомалар дәлме-дәл бөлініп беріледі.

    Амитоз-дұрыс бөліну, бұл процесс үршық жіпше- 
лерінсіз жүреді. Хромосома шиыршықтанбайды клетка- 
ның ядросы ұзарып ортасынан бөлінеді де бір клеткадан 
екі ядро немесе екі ядросы бар клеткадан ядросы бар 2 
клетка пайда болады. 

   Амитоздың 3 түрі болады; генеративті, дегенеративті  және реактивті. Генеративті амитоз көбіне қарапайым организмдерде  болады. Ол эндомитоз түрінде жүреді де хромосома шиыршықтанбайды. Хромосомалар бір-бірінен ажырасып амитозды түрінде ядро бөлінеді, ДНҚ жас клеткаларға бірдей беріледі. Мұндай жолмен бөлінетін қарапайым организмдерде ядро бөліну алдында үлкейіп 40-қа дейін субнуклеус пайда болады, олардың әрқайсысында толық ДНҚ кездеседі. Одан әрі аналық клетка фрагменттеліп, көптеген жас клеткаларға бөлінеді. Олардың әрқайсысында 1 субьединицадан (субнуклеус) болады. Дегенеративті амитоз митоз жолымен бөлінбейтін организмдерде жүреді. Полиплоидия процесінде негізделген синтетикалық процесс күшейеді. Дегенеративті амитоз көп ядролы клетканың пайда болуымен аяқталады. Алайда көп ұзамай-ақ мұндай клеткалар өліп қалады, өйткені бұл генеративті амитозға қарсы процесс. Регенеративті амитоз ұлпа жараланғанда клетканы активтілендіруге байланысты жүреді. Бұл процесте клетканың ядросы тез бөлініп және тез жойылып отырады. Ал ұлпаның қайтадан қалпына келуіне митоз процесі үлкен көмек көрсетеді.

   Жануарлар мен өсімдіктердің әр түрінде хромосома саны тұрақты болады. Бұл тұрақтылық митозға байланысты, себебі митоздың алдында ДНҚ синтезделеді және әр хромосома екі еселенеді. Сома клеткаларының (дене клеткалары) барлығында хромосома саны - диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс клеткаларында тек жарым-жарты, яғни гаплоидты болады. Хромосомалар санынын екі есе кемуі, тек қана пісіп жетілген жыныс клеткаларында өтеді. Пісіп жетілу аймағындағы бөлінудің екеуі де мейоздың екіге бөлінуі есебінен толады.

   Мейоздың  бөлінуі митоздарындай профаза, метафаза, анафаза, телофазаларды қамтиды. Пісі жетілу аймағында болатын жыныс клеткаларындағы мейоздың бірінші бөлінуі алдында ДНҚ синтезделеді, демек, хромосомалар екі еселенеді, әрбір хромосом екі хроматидтен құралады.

   Мейоз. Мейоз екі сатыдан тұрады. Профаза өте жәй жүреді және ұзақ уақыт алады. Бірінші мейоз профазасын бес сатыға бөлеміз: лептотена (жіңішке жіпшелер сатысы), зиготена (жіпшелердің бірігу сатысы), пахитена (жуан жіпшелер сатысы), диплотена (екі жіпшелер са-тысы), диакинез (екі жіпшелердің ажырасу сатысы). Одан кейін бірінші бөлінудің метафазасы және бөлінудің басқа фазалары, екінші циклде жетілген жыныс клеткалары пайда болды. Лептотена сатысында хромосомалардың саны диплоидты болады. Зигонема және похинема сатыларында хромосомалар үлкейеді, хромосомалардың саны азаяды. Гомологгы хромосомалар бір-біріне жақындап жұптанады да кезекке коньюгация және кроссинговер процестері келеді. Диплотена сатысында хромосомалардың екі хроматидтерден тұратыны жақсы байқалады. Әр бивалент төрт хроматидтен тұрады да хиазма процесі жүреді. Диакинез сатысында ядрошық биваленттен бөлінеді. Хромосомалар қысқарып хиазма центромерден басталып хромосоманың шетіне дейін барады.

   I Прометафаза — хромосомалар шиыршықтанып ядро қабығы жойылады, ал метафазада хромосомалар экваторға жиналады.

   I Анафаза — жас хроматидтердің, әр гомологты хромосомалардың центромерлері аркылы полюске ажырайды. Анафазада гомологты хромосомалар бөліктерін ауыстырады.

   I Телофаза — хромосомалар полюске жетеді. Мейоздың бірінші бөлімінде жас клетка пайда болады.

   Мейоздың  екінші бөлімі.

   II Профаза — ұршық жіпшелері пайда болады. П Метафаза — хромосомалардың саны сома    клеткаларына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар экваторларға жиналады.

   II Анафаза — екі жас хромтидтер қарама-қарсы ажырайды, сонда аталық хромосомдар төрт ядроға бөлінеді.

     II Телофаза— хромосомдар толық ажырап әр ядроға тең беріледі. Сонда әр ядрода гаплоидты хромосом болады. Мейоздың маңызы төрт ядро құру, әрқайсысында бір аталық, бір аналық хромосом болады. Мейозда кроссинговер процесі арқылы ген алмасады және рекомбинация жүреді. 

            8 - дәріс. Тақырыбы: “Кіріспе” (2 сағат).

    Дәрістің  мақсаты: Кіріспе. “Ұлпа” сөзіне түсінік беру. Онто- және филогенезде ұлпалардың шығу тегі. Э.Геккельдің, И.Мечниковтың, А.Заварзиннің еңбектері. Ұлпалардың классификациясы. Гистологияның қысқаша даму тарихы. Гистология ғылымындағы салыстырмалы-физиологиялық бағыттар, ұлпаларды зерттеудің  гистохимиялық, авторадиографиялық, иммунохимиялық әдістері. Гистология – биологияның теориялық негізі. Қазіргі биологияның негізгі проблемалары.

    Кілтті  сөздер:

    Гистология деген сөз гректің гистос (ұлпа) және логос (ілім, ғылым) деген сөздерін білдіреді.

          Ұлпа дегеніміз  не? Тарихи жағынан қарайтын болсақ, бұл ұғымды ең бірінші француз  ғалымы Биша Анатом (1771-1802 жж) енгізді. Ол ағзадағы ұлпалар туралы кітап жазды.

         Роберт Гук биолог микроскоп жасады. 1665 жылы микроскоптың көмегімен тоз ағашының (пробка) құрылысын зерттеп, оның «клеткадан» тұратынын анықтады. Көп кітаптарда осы клетканы «жасушалар» деп атап жүр

         Жануарлар және өсімдіктер клеткадан тұрады деген көптеген мағлұматтарға сүйеніп 1939жылы Шлейден мен Шванн атақты клетка теориясын ашты.

         Гистология бөлімін  өтерде, ең алдымен ұлпаға ұғым беріп  өткен жөн. Ұлпа дегеніміз не?

         Ұлпа дегеніміз  жалпы атқаратын қызметіне, құрылысына кей жағдайда шығу тегіне ұқсас клетка және клетка аралық заттардың жиынтығы.

      Белгілі бір ұлпаны қарағанда оның жалпы  белгілерін дәлелдеп сол белгілері  осы ұлпалардың түрлеріне тән екендігін ұғып, басқа да ұлпалардан айырмашылығын білген жөн.

            9-дәріс.  Тақырыбы: “Тері  эпителийі. Ас  қорыту түтіктерінің эпителийі. Тыныс алу мүшелерінің эпителийі” (2 сағат).

    Дәрістің  мақсаты: эпителий ұлпаларының жүйесі. Шекаралық ұлпаларға жалпы морфофункционалдық сипаттама. Эпителий ұлпаларын классификациялаудың жалпы принципі. Эпителий классификациясының морфофункционалдық, филоонтогенетикалық жүйелері.

    Тері  эпителийі. Тері эпителийінің классификациясы: бірқабатты, көпқабатты, кутикулалы. Тері эпителийінің негізгі түрлеріне  жалпы морфофункционалдық сипаттама. Сүтқоректілер эпидермисінің құрылысы және репаративті және физиологиялық регенерациясы. Омыртқалы жануарлар тері эпителийінің туындылары. Эпидермистегі негізгі клетка популяциясы. Шаш пен жабындағы пигментация механизмдері. Шаштың құрылысы. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың жабын эпителийінің салыстырмалы гистологиясы. Тері эпителийінің регенерациясы. Негізгі типтері. Ас қорыту түтіктерінің эпителий ұлпасы. Омыртқасыз ж»не омыртқалы жануарлардың жіңішке және жуан ішектерінің, асқазанның, өңештің ауыз қуысы эпителийлерінің физиологиялық регенерациясы, жалпы және арнаулы құрылымдарының, қызметтерінің ерекшеліктері. Сүтқоректілердің ішек эпителийінің құрылысы және қызметі. Клетка типтері. «Қабырғажанылық асқорыту» туралы түсінік беру.

     Тыныс алу мүшелерінің эпителийі. Алғашқы  су жануарларының желбезек эпителийінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері. Құрылықта тіршілік ететін омыртқалылардың респираторлы бөлімі мен ауа өткізу жолдарындағы эпителий төсенішінің арнаулы және жалпы қасиеттерінің ерекшеліктері. Сүтқоректілердің бронхиолалық және альвеолалық эпителийінің морфофункционалдық сипаттамасы. Негізгі клетка типтері.

    Кілтті  сөздер:

   Эпителий  ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, қуыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және организмнің  секрет бездерін алып жатады.

         Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.

         Ішек эпителийі  арқылы қоректік заттар, белок, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта организмнен сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада тұрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол организмді химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.

         Секрет шығаратын  бездердің эпителий ұлпасы маңызды  қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл организмдегі зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сақтайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.

         Қалқан безі(щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы организмдегі алмасу процесін реттейді.

         Шығу тегі және атқаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа  ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және атқаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда қан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады.

   Эпителий ұлпасына жалпы мінездеме

         1. Эпителий ішек аралық ұлпа сондықтан организмді сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұрады және ол орталармен қарым-қатынаста болады. Организмнің ішкі бетін жабынды эпителий қоршап жатады. Ішектің қуысы, асқазанның, бүйректің, жыныс органдардың және т.б. Ішкі органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және перикордиаль, превраль және құрсақ бөлімдерін бөліп тұрады.

   Эпителий  ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шек аралық қызметі. Осы қызметіне  байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы клетка элементтері әртүрлі болады.

         2. Эпителий клеткалары бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Эпителий ұлпасы көбінесе қорғаныш қызметін атқаратын құрылымдар болады: кутикула, раковина, хитин, панцер. Осы құрлымның барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы клеткалардың қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы әсіресе жабынды эпителийде апикальді және базальді беттері жақсы ажыратылады. Мысалы: ішек эпителийінде апикальді бетінде микроварсинкалар болады. Тыныс органдарының апикальді бетінде талшықтар болады. Эпителий әр уақытта жақсы жетілген базальді мембранаға орналасады.

   Эпителий  ұлпасын классификациялау

         Эпителийді классификацияға  бөлгенде оның шығу тегіне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарайды. Қазіргі уақытта филогенетикалық  және морфофункциялық классификация кең тарады. Филогенетикалық классификация бойынша оның шығу тегінің эволюция процесінде қалыптасуына байланысты, атқаратын қызметіне және морфологиясына қарап бөлуді айтады. Бұл классификация бойынша тері, ішек, бүйрек, целом эпителиясы деп бөледі. Осы көрсетілген, әр түрлі эпителий өзіне тиісті ерекше міндетін атқарады. Тері эпителийінің атқаратын қызметі- сыртқы ортадан қорғау, осыған байланысты, олар көп қабатты болып келеді. Бүйрек эпителиясы организмнен сыртқы ортаға алмасу процесінде жиналған заттарды шығарады және бір қабатты болып келеді.

Информация о работе Қысқаша дәрістер жинағы