Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:39, реферат
Цитология клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын зерттейтіи ілі.м. Грекше kytos — клетка, logos— ілім деген мағынаны білдіреді.
Цитологияның биология ілімінен өзінің іргесін бөлгеніне небары жүз жылдай ғана уақыт өтті. Осы аралықта ол жедел қарқынмен дамып, жазбаша морфологиялық ілімнен экспериментальды ілімге айналды. Сөйтіп цитология бүгінгі таңда клетканының құрылысын ғана емес, ондағы күрделі физиологиялық процестерді де зерттейтін ауқымды ғылым саласының біріне айналып отыр.
Сонымен ішкі орта ұлпаларына қан, лимфа, дәнекер ұлпалары жатады Дәнекер ұлпасы морфологиялық жағынан борпылдақ, тығыз, ретикула, шеміршек, сүйек ұлпаларына бөлінеді. Негізгі клетка ұзақ өмір сүретін фибробластар. Борпылдақ ұлпасының фибробластары дәнекер ұлпасының басқа түрлерінің механоциттері біртектес өсе бастаған ұрықтан пайда болады, гистогенезде бұл ұлпалардың ерекшеліктері айқындалады.
Ішкі
ортаның ұлпаларының
Олардың атқаратын қызметтері әртүрлі. Қан. Лимфа, борпылдақ ұлпасы организмді қоректік заттармен қамтамасыз етеді, сондықтан да оларды трофикалық ұлпаларға жатқызады. Сонымен қатар олар организмге түскен бөгде заттардан, инфекциядан қорғайды. Қан клеткалары бактерияларды фагоцитоз арқылы жояды және антиденешіктер жасайды. Одан басқа бұл ұлпалар клетка аралық заттардың химиялық, каллоидті құрамын тұрақтандырады.
Қан-қоректік және қорғаныш қызметтер атқаратын сұйық дәнекер ұлпа. Қан-бұл сұйық зат, дене салмағының он екіден бір бөлігін құрайды. Орташа алғанда ересек адамда 5-5,5л қан болады. Қан екі құрылымнан тұрады: қан клеткаларынан және плазмадан.
Қан клеткалары 40-45%
Қан плазмасы 55-60%
Қан плазмасында сондай- ақ тамыр және ұлпа лимфасында белок, тұздар және әртүрлі зат алмасу өнімдері болады. Қызыл клеткаларды эритроциттер (гректің эритос-қызыл) ақ клеткаларды лейкоциттер (гректің лейкос-ақ) тұрады. Қан пластинкалары-тромбоциттер. Олар тұтас клеткалар емес, мембранамен қамтылған цитоплазманың бөлігі. Бұлар сүйек майында өте ірі клеткалар- мегакариоциттердің ыдырауынан пайда болады. Қан пластинкаларында ядроның құрылымды бөліктері болмайды.
Эритроциттер мен қан пластинкалары қызметтерін тікелей қанның ішінде, ал лейкоциттер өздерінің әртүрлі қызметтерін қанда емес, дәнекер ұлпасында атқарады.
Эритроциттерді 1673 жылы Левенчук ашқан. Бұлар қанның негізгі клеткалары. Ерлердің 1мм қанында 5 млн-ға жуық, әйелдерде 4-4,5 млн эритроциттер болады. Адам олрганизміндегі эритроциттерінің саны 25 триллион. Адамдағы эритроциттердің шамасы 2 литр. Эритроциттердің саны организмнің жынысына, жасына, физикалық күйіне, жердің биіктігіне, жыл маусымына және басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестелердің 1мм қанындағы эритроциттердің саны 6-7 млн-ға жетеді. 10-11 жасқа келгенде қалпына келеді. Адам қартайғанда қайтадан көбейеді, оның себебі олардағы гемоглабиннің азайуының салдарынан.
Қан плазмасында, сондай-ақ тамыр және ұлпа лимфасында, белок, тұздар және әртүрлі зат алмасу өнімдері болады. Тұздардың хлорлы натрийдің, яғни «ас тұзының» үлкен маңызы бар. Сүтқоректілердің қанындағы жалпы осмостық қысым ас тұзы ерітіндісінің 0,9% тең қысымға сәйкес келеді. Мұндай ерітіндіні физиологиялық ерітінді деп атайды. Оны қанға құю арқылы қан шығынын толтырады. Сондай-ақ несеп Қышқылы, холестерин, лецитин және тағы басқа алмасу өнімдері кездеседі. Эритроциттердің диаметрі 7,3-7,6 мкм., көлденеңі 1,9-2,5 мкм. Мысалы: эритроциттерінің диаметрі 4 мкм оның есесіне 1 мм қандағы қызыл клеткалардың саны 14,5 млн. Сүтқоректілер мен адам эритроциттерінің ядросы болмайды. Олардың орталық бөлігі шет жағына қарағанда жұқалау да, сондықтан ақшылдау болып көрінеді.
Эритроциттер-оттегін тасушы болып есептеледі. Олардың денесі ерекше затпен- белок текті пигмент-гемоглабинмен толтырылған. Гемоглабин оттегімен оңай қосылады және оны оңай береді. Өзіне оттегін қосып алған гемоглабинді-оксигемоглабин дейді.
Өкпеде бронхтар тармақтарының ұшына орналасқан көпіршіктер (альвеолдар) газ алмасу жүретін орын болып табылады. Көпіршіктердің тамырларын қан капиллярлары тығыз орап жатады. Бұл жерде өкпеге жұтылған ауадағы оттегін альвеолдардың жұқа капилляр эндотелийі арқылы капилляр мен өтетін эритроциттерін гемоглабиндерін қабылдап қосып алады. Гемоглабин оксигемоглабинге айналып, ашық қызыл түске боялып, қанға ал қызыл түс береді. Одан әрі оттегі бүкіл денеге тарап, әрбір клетканы қамтамасыз етеді. Гемоглабинмен берік байланысқандықтан, оттегі клеткалар мен ұлпаларға оңай ауысады.
Капиллярда қан оттегін ғана беріп қана қоймайды, сонымен бірге ұлпалардан көмірқышқыл газымен клетка аралық алмасудың басқа өнімдерін сіңіріп алады. Өкпеде көмірқышқыл газы капиллярлардан альвеолдарға келеді де тыныс шығарған кезде су буларымен бірге организмнен әкетіледі.
Сүтқоректілерден басқа барлық омыртқалы жануарларда эритроциттер нағыз клеткалар болып табылады, және ядросы болады, сондықтан бүйірінен қарағанда дөңесті болып көрінеді. Осыдан пішіні дөңгелек емес, элипсоид тәрізді болады.
Қосмекенділердің эритроциттері аса ірі келеді. Бақада олардың үлкен диаметрі 23 мк, ал кіші диаметрі 16 мк.
Ірі лейкоциттердің газ алмасу қызметі ұсақ эритроциттердікіне қарағанда онша жетілмегендігі түсінікті, өйткені қайсібір денені көбірек майдаласақ, оның бетінің көлеміне қатынасы күрт артады. Ал эритроциттердің оттегін қармап алуы немесе беруі оның беті арқылы іске асырылады.
Сөйтіп, эритроциттер өзінің құрылысы жағынан қан плазмасына оттегін тасушы қызметіне барынша сәйкес келеді. Өз қызметін 100 күндей атқарады. Өлген эритроциттердің орнына жілік майында түзілетін жас қызыл май клеткалары келеді. Белсенді жүретін қан жасалу процессінің арқасында қандағы эритроциттердің мөлшері орташа алғанда нормаға сәйкес келетіндей тұрақты болады.
Эритроциттер қан плазмасының құрамындағы тұздарға сезгіш. Егер қанның плазмасында тұздардың мөлшері көбейсе онда эритроциттер жиырылып бүрісіп қалады, өйткені құрамындағы суды гипертониялық ерітіндіге береді. Гипертоникалық ерітіндіде ісінеді, олардан гемоглабин сыртқа шығады (гемолиз) одан кейін К ионы клеткаға енеді. Дені сау адамдарда күніне 200 миллиард эритроциттер өледі. Олар негізінде көк бауырда өледі. Бұл органда эритроциттер ерекше клеткалармен қоршалынып алынады (макрофагтар) олар эритроциттерді қортып жойып жібереді. Қан плазмасында белоктар 6-8%, су 90% құрайды. Глобулиндер-антиденешіктер қорғаныштық қызмет ал гормондар реттеуші қызмет атқарады.
Плазманың құрамындағы ферменттер: амилаза, фосфатаза, дегидрогеназалар, липазалар. Белокқа жатпайтын азотты заттар да кездеседі мысалы: амин қышқылдары, мочевина, несеп қышқылы, креатин, билирубин. Сонымен қатар плазмада липидтер, глюкоза, трикарбон қышқылдары кездеседі.
Лейкоциттер- қан клеткаларының құрамы болып табылады. Олардың қандағы мөлшері шамамен эритроциттерге қарағанда мың есе аз. Қалыпты жағдайда олардың мөлшері 1мм –де 6-8 мың аралығында.
Лейкоциттерді 2 топқа бөлуге болады:
Түйіршікті (гранулоциттер)
Түйіршіксіз (агранулоциттер)
Түйіршіктілер цитоплазмасында ерекше түйіршіктері болады. Олардың клеткалары сегменттеліп келеді. Гранулоциттер митоз жолымен бөлінбейді, бір түрден екінші түрге ауыспайды. Түйіршіксіздері керісінше. Түйіршіктілерге: нейтрофилдер, эозинофильдер, базофильдер жатады. Нейтрофилдер қышқылды да негізгі бояуды да қабылдайды. Эозинофилдер қышқылды қабылдайды, ал базофилдер негізгі бояуларды қабылдайды.
Нейтрофилдер барлық лейкоциттердің 62%-құрады. Олардың диаметрі 10-12мк, түйіршіктердің көлемі 0,2-0,2мк. Нейтрофильдердің ядролары сигменттелген. Клетка неғұрлым ертерек түзілсе, оның ядросы соғұрлым көбірек сегменттерден тұрады. Олардың саны 5-ке дейін жетеді. Жас нейтрофильдердің ядролары әлі сегменттеле қоймағандықтан иілген таяқшаға ұқсас болып келеді, мұндай клетканы таяқша-ядролы клеткалар деп атайды.
Электронды микроскоппен қарағанда нейтрофильдердің цитоплазмасында түрлі органоидтардың бары екені байқалған. Нашар дамыған эндоплазмалық тордың едәуір мөлшердегі ұсақ митохондриялары мен көпіршіктері бар екен. Түйіршіктердің кейбіреулері лизосомалар түрінде берілген. Нейтрофильдер- барынша активті фагоциттер. Дененің ішкі ортасына инфекция енгенде олар тамыр арнасын тастап, бірінші болып бөгде бөлшектер енген жерге ұмтылады. Егер ұсақ заттар кірсе, (мысалы бактериялар) нейтрофильдер оларды қоршап алады да, қортып сіңіреді.
Организмнің зақымдануды жоюға бағытталған реакциясы-нейтрофильді реакция. Міне сондықтан олар арнаулы лейкоциттер және микрофагтар деген атау алған. Соңғы атауды 1883 жылы орыс ғалымы И.Н.Мечников ұсынған.
Эозинофильдердің мөлшері қалыпты жағдайда 3-4%.Организмде глистер (құрттар) болса, олардың мөлшері күрт артады. Ядролары 2 сегменттен тұрады. Эозинофильдер нейтрофильдерге қарағанда аз қозғалады. Олардың диаметрі 12-14мк.
Базофильдер 0,5-1%. Ядросы аз сегменттелген. Түйіршіктерінде гистамин мен гепарин бар екені анықталды. Базофильдерде гепариннің болуы олардың қанның ұюына әсерін көрсетеді.
Түйіршіктері жоқ лейкоциттер-агранулоциттер деп аталады. Лимфоциттердің ядролары сегменттелмеген. Олардың мөлшері ересек адамдарда 24-30% аралығында. Организмде лейкоциттердің, үлкен, орташа және кішкене түрлері кездеседі. Қалыпты жағдайда лимфоциттер тек лимфалық қан жасау мүшелерінде жиналып жатады. Лимфоциттердің клетка органоидтары жақсы жетілген.
Лимфоциттер организмде қорғаныш ролін атқарады, сондай ақ жарақаттанудан кейін регенерация кезіндегі ұлпалық процесстердің стимуляторлары болып табылады. Бұндай қызметті борпылдақ дәнекер ұлпасының құрамында атқарады.Олар 20мк-ға жететін фагоциттерге айналғандықтан И.Н.Мечников макрофагтар деп атаған. Олар трефондардың көзі болып табылады. Г.К.Хрущов көрсеткендей, осы трефондардың әсерінен жарақаттың жазылып-бітуі тездейді. Лимфоциттер клеткалардың екі популяциясынан тұрады. Тимусқа тәуелді лейкоциттер немесе тимоциттер. Тимустан шыққаннан кейін бұларды Т-лимфоциттер дейді. Т-лимфоциттер клеткалық иммунитет жүйесіне жауапты. Олар бөгде заттарды жойып жібереді. Сонымен қатар қан жасалу бағытын анықтайды. В-лимфоциттер. Лимфоциттердің бұл түрі алғаш рет фабрицус бұрсалары (bursa-дорба) деп аталатын құстың лимфоидтық мүшесінде байқалатындықтан аталған. В-лимфоциттер гуморальдық иммунитет жүйесіне жауапты. Арнаулы белоктар антиденелерді бөліп, организмді инфекциялардан қорғайды.
Моноциттер-
Лейкоциттердің проценттік көрсеткіші дені сау адамдарда:
Базофильдер 0-0,5%
Эозинофильдер 3-4%
Таяқшалы нейтрофильдер 63-67%
Лимфоциттер 24-30%
Моноциттер 6-8%
Түрлі ауру кезінде олардың қайсы бірі азайып не көбеюі байқалады.
Тромбоциттер олар адамда клетка емес, клетканың бөліктері сияқты, сондықтан қан пластинкалары деп аталады. Функциялық жағынан сүтқоректілер мен адамның қан пластинкалары омыртқалылардан басқа кластарының тромбоциттеріне ұқсас. Олар бір бірімен жабысып кесек жасайтын қасиеті бар, ал ең бастысы қан ұю процессіне қатысатын тромбокиназа ферменттеріне бастама береді. Адамның қан пластинкасы өте кішкене 2-3мк, оның есесіне олардың саны өте көп 1мм-де 150000-300000.
Қан пластинкасының үстіңгі бетінде сиаломуциндер орналасқан олардың маңызы қан пластинкасын бір-біріне жабыстырып тұрады. Қан пластинкасы қанның ұюына қатысады. Тромбопластин-фибриноген белогін синтездейді. Сонымен қан полифункциональді ұлпа күрделі химиялық құрамы бар.
Қанның жасалуы
Қанның
дамуын гемопоэз (haima-қан, poesis-жасалу) дейді.
Гемопоэздің екі түрін
Эмбриондарда қан бастапқы кезде сары уыз (желток) қапшығының қабырғасында түзіледі, кейін бауырда, сүйек майында, лимфа түзуші органдарда (тимус, көк бауыр, лимфалық бездерде) жасалады. Қанның барлық клеткалары мезенхиманың клеткаларынан пайда болады. Эмбриондық қан жасалу кезінде қанның түзілуімен бірге тамырлар жүйесінің қалыптасуы жүреді. Қан жасалудың ең ерте гемопоэз ұрықтан тыс болады. Мезобласта қан аралшықтары пайда болады. Қан аралшықтары қосылып тамырлар торын құрайды.