Жүректің камералары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:18, реферат

Описание

Журек - cor - өзіне күйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын куыс - бұлшықетті ағза болып табылады. жүрек куысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі күрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жак немесе веналық жүректі қүрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал олардың босаңсуы диастола деп аталады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Жүректің камералары
a) Оң жақ жүрекше
b) Сол жақ жүрекше
c) Оң жақ қарынша
d) Сол жақ қарынша
2. Қолқа қақпағы
3. Жүрек қабырғасының кұрылысы
4. Нервтік бұлшықеттік байланыстырушы будалар мен түйіндер.
a) Жүрекше-карынша түйіні
b) Қойнаужүрекше түйіні
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
5. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
a) Оң жак тәждік артерия
b) Сол жак тәждік артерия
6. Веналық қайтарылымы
a) Тәждік қойнау
b) Жүреқтің алдыңғы веналары
c) Жүректің ең ұсақ веналары
7. Жүрек бұлшықетін нервтендірірілуі
8. Жүрекқап
9. Жүрек топографиясы
10. Жүректің қақпақшаларының көкірек қуысының алдыңғы қабырғасына түскен проэкциясы

Работа состоит из  1 файл

анатомия Самат.doc

— 110.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

     Кіріспе

Негізгі бөлім:

    1. Жүректің камералары
      1. Оң жақ жүрекше
      1. Сол жақ жүрекше
      2. Оң жақ қарынша
      3. Сол жақ қарынша
    1. Қолқа қақпағы
    1. Жүрек қабырғасының кұрылысы
    2. Нервтік бұлшықеттік байланыстырушы будалар мен түйіндер.
      1. Жүрекше-карынша түйіні
      1. Қойнаужүрекше түйіні

Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі

    1. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
      1. Оң жак тәждік артерия
      1. Сол жак тәждік артерия
    1. Веналық қайтарылымы
      1.    Тәждік қойнау
      2. Жүреқтің алдыңғы веналары
      3. Жүректің ең ұсақ веналары
    1. Жүрек бұлшықетін нервтендірірілуі
    1. Жүрекқап
    2. Жүрек топографиясы
    3. Жүректің қақпақшаларының көкірек қуысының алдыңғы қабырғасына түскен проэкциясы

 

 

 

 

 

Кіріспе

Журек - cor - өзіне күйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын куыс - бұлшықетті ағза болып табылады. жүрек куысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі күрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жак немесе веналық жүректі қүрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал олардың босаңсуы диастола деп аталады.

Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді. Онда үшын -apex, негізін - basis, алғы жоғарғы және төменгі беттерін, осы беттерді бөліп түратын екі - оң және сол жиектерін ажыратады. Жүректің дөңгелектенген үшы, apex cordis-төмен, алға және сол жаққа қараған, ортаңғы сызықтан солға қарай 8-9 см қашықтықта V кабырғааралыққа жетеді; жүрек үшы түтасынан сол жак карыншадан түзіледі. Жүректің негізі - basis cordis - жоғары, артқа және оң жаққа қарай брналасқан. Ол жүрекшеден, алдынан - колқадан және өкпе сабауынан түзіледі. Жүрекшелерден қүралған төртбүрыштың оң жак жоғарғы бүрышында жоғарғы куыс венаның кіретін жері, төменгі сол жак бүрышында төменгі куыс венаның кіретін жері орналасады, солға кдрай екі оң жақ өкпе венасының кіретін жерлері, негізінің сол жақ жиегінде екі сол жақ өкпе венасының кіретін жерлері орналасады. Жүректің алдыңғы немесе төс-қабырғалык беті - fades sternocostal - алға, жоғары және сол жаққа караған да, төстік денесі мен III-VI қабырғалар шеміршектерінің артында орналасады. Жүректің бойлық білігіне көлденең жүретін және жүрекшелерді қарыншалардан бөліп түратын жүректік жүлге -sulcus coronarius - арқылы жүрек жүрекшелерден түратыв жоғарғы бөлігіне және қарыншалардан түзілетін үлкен төменгі бөлігіне бөлінеді. Facies stemocostalis anterior - қарыншалар арасындағы шекарамен өтеді, соның өзінде алдыңғы бетінід көп бөлігін оң жак карынша, аздау бөлігін сол жақ қарынша түзеді.

Жүректің төменгі немесе көкеттік беті - facies diaphragmatica -көкетке, оның сіңірлі орталығына жанасып жатады. Онымен артқы бойлық жүлге — sulcus interventricularis posterior - өтеді, ол сол жак карыншаның (үлкен) бетін оң жак (кіші) карыншаның бетінен бөліп тұрады. Жүректің алғы және артқы карынша аралық жүлгелері төменгі үштарымен бір-бірімен косылып, жүректің оң жақ жиегінде, жүректің үшының оң жағында, жүрек тілігін - incisura apicis cordis - түзеді. Оң және сол жақ жүрек жиектерінің конфигурациясы бірдей емес: оң жиегі сүйірлеу, сол жиегі дөңгелектенген, себебі сол жақ карынша кабырғасы қалыңдау келеді.

Жүрек көлемі жағынан, сол адам-ның жүдырығына тең келеді деп есепте-леді: үзындығы 12-13 см, ең үлкен көлде-неңі - 9-10,5 см, алғы артқы шамасы - 6-7 см. Еркек жүрегінің массасы 350 г (дене массасының 1/215 бөлігі), әйелдікі - 250 г (дене массасының 1/250 бөлігі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүректің камералары

Жүрекшелер қанды қабылдайтын камералар болып табылады, қарыншалар, керісінше, қанды артерияларға айдайды. Оң және сол жүрекшелер оң және сол карыншалар сияқты бір-бірінен қалқа арқылы бөлінген. Керісінше, оң жақ жүрекше мен карыншаның арасында оң жүрекше-қарынша тесігі ostium atrioventriculare dextrum — сол жақ жүрекше мен карыншаның арасында ostium atrioventriculare sinistrum орналасады. Осы тесіктер арқылы қан жүрекшелердің систоласы кезінде олардың қуыстарынан қарыншалардың қуыстарына қарай ағады.

  1. Оң жақ жүрекше - atrium dextrum - текше пішінді. Артқы бетінің үстіңгі жағынан оған v. cava superior және төменнен v. cava inferior қүйылады, жүрекше алдына қарай куыс өсіндіге - оң жақ қүлақшаға auricula dextra жалғасады. Оң және сол жақ қүлақшалар қолқа мен өкпе сабауының негіздерін қоршап жатады. Жүрекшелер арасындағы қалқа - septum interatrial - қиғаш орналасқан, ол алғы қабырғадан артқа және оңға қарай бағытталғандықтан, оң жақ жүрекше оң және алғы жағынан, ал сол жақ жүрекше сол және артқы жағынан орналаскан. Оң жақ журекшенің ішкі беті тегіс, тек алдындағы кішкене жері және қүлақшаның ішкі қабырғасы ғана емес, ол жерлерде орналасқан қырлы бүлшықеттерден - m. pectinati - шығатын тік буылтықтар байқалады. М. pectinati үстіңгі жағында қырмен - crista terminalis -аяқталады, оған жүрекшенің сыртқы бетінде sulcus terminalis сәйкес келеді. Бүл жүлге бірінші sinus venosus-тың үрық қүлақшасымен қосылып, жалғасатын жерін көрсетеді. Оң жақ жүрекшені сол жақ жүрек-шеден бөлетін пердеде сопақ пішінді шүңқыр - fossa ovalis - бар, ол жоғарыдан және алдынан жиекпей - limbus fossae ovalis - шектелген. Бүл шүңқыр күрсақтык даму кезінде жүрекшелердің өзара жалғасып-қатынасатын тесігінің - foramen ovale өмір бойы сақталады, соның себебін жүрекшелер қалқасының ясиырылуы, оны жаппайтын жағдайда артериялык және веналық қан оқтын-оқтын араласуы мүмкін. Жоғарғы және төменгі куыс веналар тесіктерінің арасында, артқы қабырғада, fossae ovalis-тің жоғарғы бөлімінің артқы жағында кішкене төмпешік -tuberculum intravenosum байқаладЫ- Ол үрықта қан ағымын жоғарғы қуыс венадан ostium atrioventricularea dextra-ға бағыттайды деп есепте-леді. V. cava inferior тесігінің төменгі жиегімен limbus fossae ovalis-ке қарай колемі озгергіш орақ пішінді қатпар - valvula venae cavae inferi-oris - созылып жатады. Оның үрық ушін үлкен маңызы бар: қанды томенгі куыс венадан foramen ovale арқылы сол жақ жүрекшеге бағыттайды. Осы жерден томендеу v. cava inferior мен ostium atrioventriculare dextrum арасында жүрек веналарынан кан жинайтын sinus coronarius cordis оң жақ жүрекшеге күйылады, сонымен қатар жүректің ең үсақ веналары оздігінен оң жақ жүрекпіеге күяды. Олардың үсақ тесіктері -foramina venarum тіпітагит жүрекше беттерінде шашырай орналасады. Тәжді қойнау тесігі қасында кішкентай эндокард қатпары - valvula sinus coronarii бар. Жүрекшенің томенгі алғы бөлімінде оң жақ жүрекше-қарынша тесігі - ostium atrioventriculare dextrum - оң жақ қарынша қуысына әкеледі.
  2. Сол жақ жүрекше - atrium sinistrum - артқы жағынан төмен кететін қолқа мен оңешке жанасып жатады- Әрбір жағынан оған екі-екіден өкпе сабауының сол жағын орай, алға қарай томпайып шығып түрады. Жүрекшеде m. pectinati бар. Томенгі алғы белімде сопақ пішінді сол жақ жүрекше-қарынша тесігі - ostium atrioventriculare sinistrum - сол жақ қарынша қуысына әкеледі.
  3. Оң жақ қарынша - ventriculus dexter - үшбүрышты пирамида тәрізді, оның жоғары қараған негізін оң жақ қарыншадан өкпе сабауы -truncus pulmonalis - шығатын сол жақ жоғарғы бүрышын қоспағанда, оң жақ жүрекше алып жатады. Қарынша қуысы екі бөлімге болінеді: ostium atrioventriculare ж~ақын бөлім және ostium trunci pul-munalis-ке жақын алғы жоғарғы болім - conus anteriosus on окпе сабауына жалғасады.

Оң жақ жүрекше қуысынан он жақ қарынша қуысына әкелетін ostium atrioventriculare dextrum үшжармалы қақпақпен - valva atrioventricularis dextra, s. valva tricuspidalis - жабдықталған. Қакпақтың үшжармасы орналасқан орындарына қарай cuspis anterior, cuspis posterior және cuspis septalis деп белгілейді. Жармалардың бос жиектері қарыншаларға қарайды. Оларға жіңішке сіңірлі жіпшелер - hordae tendineае - бекиді, ал олардың қарама-қарсы үштары бүртікті бүлшыкеттердің musculi papillares-тердің үштарына бекіген. Бүртікті бүлшықеттер -конустәрізді бүлшықеттер, олардың үштары қарынша куыстарына шығып түрады, ал түптері оның қабырғасына үласады. Оң жақ қарыншада әдетте үш бүртікті бұлшьщет болады: ең үлкен аддыңғы бүртікті бүлшыкет үшжармалы қақпақтың алдыңғы және артқы жармаларына баратын сіңірлі жіпшелерге бастама береді. Кішілеу артқы бүртікті бүлшықет артқы және қалқалық жармаларға сіңірлі жіпшелер жібереді; ең соңғысы, әр уақытта бола бермейтін m. papillaris septalis кобіне алдыңғы жақтауға сіңірлі жіпшелер береді. Ол болмаған жағдайда жіпшелер тікелей қарыншаның қабырғасынан пайда болады. Conus arteriosus аймағында оң жақ карыншаның қабырғасы тегіс, ал қалған жерінде ішке қарай етті трабекулалар - trabeculae сагпеа - еніп тұрады.

Қан оң жақ карыншадан қақпағы (valva trunci pulmonalis) бар тесік ostium trunci pulmonalis - арқылы өкпе сабауына келеді, ол қақпақ диастола кезінде қанның өкпе сабауынан кері қарай оң жақ қарыншаға ағуына кедергі жасайды. Қақпақ үш жартыайлы жап-қыштан тұрады. Олардың біреуі өкпе сабауы шеңберінің алғы үштен біріне - valvula semilunaris anterior және қалған екеуі артқы жағына valvula semilunaris dextra et sinistra бекиді. Әрбір жапқыштың ішкі бос жиегінде ортасында кішкене түйінше - nodulus valvulae semilunaris - бар, түйіншенің жанындағы жапқыштың жүқа жиектік сег-менттері - lunulae valvulae semilunaris деп аталады. Туйіншелер жапқыштарының тығыз қабысуына көмегін тигізеді.

е) Сол жақ қарынша - ventriculus sinister — конус пішінді, қабыр-ғасының қалыңдығы оң жақ қарынша қабырғасының қалыңдығынан 2-3 есе асып түседі (10-15 мм және 5-8 мм). Бұл айырмашылық бұлшықет қабатының есебінен пайда болады және оң ақ қарыншаға (кіші қан айналым шеңбері) қарағанда сол қарыншаның (үлкен қан айналым шеңбері) көп жүмыс істеуіне байланысты. Жүрекшелер қабырғаларының қалыңдьіғы олардың қызметтеріне қарай тіпті жүқа келеді (2-3 мм). Сол жақ жүрекше қуысынан сол жақ карыншаға келетін тесік - ostium atrioventriculare sinistrum - сопақ пішінді, сол жақ жүрекше-қарынша (митралды) қақпағымен - valva atrioventricularis sinistra (mitralis) -жабдықталған, оның екі жармасының кішілеуі сол және артқы жағында (cuspis posterior), үлкендеуі оң және алғы жағында (cuspis anterior) орналасқан. Жармалардың бос жиектері қарынша қуысына қарайды, оларға chordae tendieae бекиді. М. papillaris сол жақ қарыншада екеу болады - алғы және артқы. Әрбір емізікше бүлшықет valvae mitralis-тің бірінші, екінші жармасына сіңірлі жіпшелер береді. Қолқа тесігі -ostium aortae деп, ал кдрыншаның оған ең жақын бөлімі - conus arteriosus деп аталады.

Қолқа қақпағының - valva aortae - күрылысы өкпе сабауы қақпағына үқсас, жапқыштардың бірі - valvula seminaluris posterior valvulae қолқа шеңберінің артқы үштен бірін алып жатады; қалған екеуі -semilunaris dextra et sinistra тесіктің оң және сол жактарын алып жатады. Олардың бос жиектеріндегі түйіншелер - noduli valvuiarum semilunari-ит aortae - өкпе сабауы жапқыштарына қарағанда шамалы байқалады; сондай-ақ lunulae valvuiarum semilunarium aortae бар.

Қарыншалар арасындағы қалқа - septum interventriculare - негізінен бүлшықет тінінен (pars muscularis) түрады, тек оның ең жоғарғы бөлімі екі жағынан эндокардпен - pars membranacea - жабылған фиброзды тіннен түрады. Pars membranacea жануарлардың карыншааралық пердесінің жеткіліксіз дамыған бөліміне сәйкес келеді. Бүл жерде көбіне пердедегі ақаулар түрінде ауыткулар кездеседі.

Жүрек қабырғасының кұрылысы.

Жүрек қабырғасы 3 қабыктан: ішкі эндокардтан, ортаңғы -миокардтан және сыртқы - перикардтың (pericardium) висцералды жапыракшасы болып табылатын эпикардтан түрады.

Жүрек қабырғасының қабаты негізінен көлденең жолақты бүлшықет тінінен түратын ортаңғы - myocardium-нен түзіледі. Сыртқы - ерісагdium - сірлі қабық болып табылады. Ішкі - endocardium - жүрек куысын астарлайды.

Миокардтың қаңқалық бүлшықет тіндерінен айырмашылығы жекелеген көп ядролы талшықтардан түрмайды, олар бірядролы жасушалардың - кардиомиоциттердің торы болып табылады. Жүрек бүлшықетінде екі бөлімді ажыратады: жүрекшелердің және қарыншалардың бүлшықет қабаттары. Екі бөлімнің талшықтары да екі фиброзды сакинадан - anuli fibrosi - басталады, олардың біреуі ostium atrioventriculare dextrum-ды, ал екіншісі ostium atrioventriculare sinistrum-ды қоршап жатады. Бір бөлімнің талшьщтары екінші бөлімнің талшықтарына өтпейді, сондықтан жүрекшелер, қарыншалар жеке жиырылады. Жүрекшелерде беткей және терең қабаттардағы бүлшықеттерді ажыратады: беткей бүлшықет, көлденең орналасқан талшықтардан, тереңдегісі -бойлық талшықтардан түрады. Беткей қабаттағы бүлшықет екі жүрекшені қоршап жатады, тереңдегісі - әрбір жүрекшені жеке қоршайды. Қарын-шалардың бүлшықеттері үш қабаттан қүралған: беткей қабат бойлық талшықтардан түрады, олар оң жақтағы фиброзды сақинадан басталып, сол қарыншаға келіп, жүрек үшында бүрама - vortex cordis - түзеді де, ішкі бойлық қабатқа өтеді. Сыртқы және ішкі қабаттардың арасында орналасан ортаңғы кабаттың талшықтарьт азды-көпті циркулярлы жүреді, соның өзінде беткей қабаттағыдай емес, бір қарыншажан екінші қарыншаға өтпейді, әр қарынша үшін дербес болып табылады.

 

Нервтік бұлшықеттік байланыстырушы будалар мен түйіндер.

Жүректің ырғақты қызметі мен оның жеке камераларының бүлшық-еттерінің жұмысын үйлестіруде жүректің өткізгіш жүйесі деген күрылым маңызды қызмет атқарады. Жүрекшелердің бүлшықеттері қарыншалар-дың бүлшыкеттерінен фиброзды сақиналар арқылы бөлінгенмен, олардың арасында күрделі нервтік-бүлшьщеттік байланыс болады. Оның күрамына кіретін бұлшықет талшыктарының (өткізгіш талшықтар) ерекше күрылысы бар. Олардың жасушалары миофибрилдерге кедей де, саркоплазмаға бай, сондықтан ақшылдау. Олар кейде жай көзге ақшыл боялған жіпшелер түрінде көрінеді және көлемі жағынан кәдімгі жүректің бүлшықет талшықтарынан үлкендеу болғанымеқ олар бастапқы синцитидің аздау дифференциацияланған бөлігі болып табылады. Өткізгіш жүйеде түйіндер мен будаларды ажыратады.

  1. Қойнаужүрекше түйіні - nodus sinuatrialis - оң жақ жүрекшенің қабырғасының салқынқандылардың sinus venosus-ына сәйкес келетін бөлімінде орналасқан (sulcus terminalis-те жоғарғы қуыс вена мен оң жақ қүлақша арасында). Ол қүлақшалардың бүлшыкетімен байланыскан және олардың ырғақты жиырылуы үшін маңызы бар.
  2. Жүрекше-карынша түйіні - nodus atrioventricularis - оң жак жүрекшенің қабырғасында, үш жармалы қақпақтың - cuspis septalis -қасында орналасқан. Жүрекше бүлшықетімен тікелей байланысқан түйін талшықтары жүрекше-карынша будасы - fasciculus atrioventricularis (Гис будасы) түрінде қарыншалар арасындағы қалқаға айнала жалғасады. Буда карыншалар қалқасында екі аяқшаға - cms dextrum et sinistrum - бөлінеді, ал олар аттас қарыншалар қабырғасына барып, солардың эндокард астындағы бүлшықетінде тарамданады. Жүрекше-қарынша будасы жүрек жүмысы үшін үлкен маңызы бар, өйткені сол арқылы жүрекшелерден қарыншаларға жиырылу толқыны берілш, соның нәтижесінде жүрекшелер мен қарыншалардың систола ырғағы реттеледі.

Демек, жүрекшелер өзара қойнау-жүрекше түйіні, ал жүрекшелермен қарыншалар жүрекше-қарынша будасы арқылы байланысады. Әдетте, тітіркену оң жақ жүрекшеден қойнау-жүрекше түйінінен жүрекше-қарынша түйініне, ал одан жүрекше-қарынша будасы аркылы екі қарыншаға беріледі.

Эпикард сырт жағынан миокардты жауып түрады және бос бетінде мезотелимен астарланған кәдімгі серозды қабық.

Эндокард жүрек куыстарының ішкі қабырғасын астарлайды. Ол өз кезегінде көптеген серпімді талшықтары мен бірыңғай салалы бүлшықет жасушалары бар дәнекер тін кабатынан, бірыңғай серпімді талшьщтар қоспасы бар, беткей жағына жақын орналасқан тағы бір дәнекер тін күрайтын ішкі эндотелий қабатынан түрады. Өзінің шығу тегі жағынан эндокард тамыр қабырғасына, ал оның жоғарыда аталған қабаттары тамырлардың үш қабатына сәйкес келеді. Барлық жүрек кақпакшалары эндокардтың қатпарлары (дубликатуралары) болып табылады.  Жүреқтің бүл сипатталған ерекшеліктері оның тамырларының ерекшеліктерін тудырады, олар жүрек үшін жеке қан айналым шеңберін (үшінші шеңбер) түзеді.

 

Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі

Жүрек артериялары оң және сол жақ тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақшалардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Сондықтан систола кезінде жүрек артериялары кіреберіс кақпақша-лармен жабылады да, ал артериялардың өздері жүректің жиырылған бүлшықетімен сығылады. Осының әсерінен систола кезінде жүректің қанмен жабдықталуы кемиді. Қан тәждік артерияларына, қолқаның сағасында орналасқан осы артериялардың кіреберісі жартылай айшықты қақпақшалармен жабылмайтын диастола кезінде келеді.

Информация о работе Жүректің камералары