Жүректің камералары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:18, реферат

Описание

Журек - cor - өзіне күйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын куыс - бұлшықетті ағза болып табылады. жүрек куысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі күрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жак немесе веналық жүректі қүрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал олардың босаңсуы диастола деп аталады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Жүректің камералары
a) Оң жақ жүрекше
b) Сол жақ жүрекше
c) Оң жақ қарынша
d) Сол жақ қарынша
2. Қолқа қақпағы
3. Жүрек қабырғасының кұрылысы
4. Нервтік бұлшықеттік байланыстырушы будалар мен түйіндер.
a) Жүрекше-карынша түйіні
b) Қойнаужүрекше түйіні
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
5. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
a) Оң жак тәждік артерия
b) Сол жак тәждік артерия
6. Веналық қайтарылымы
a) Тәждік қойнау
b) Жүреқтің алдыңғы веналары
c) Жүректің ең ұсақ веналары
7. Жүрек бұлшықетін нервтендірірілуі
8. Жүрекқап
9. Жүрек топографиясы
10. Жүректің қақпақшаларының көкірек қуысының алдыңғы қабырғасына түскен проэкциясы

Работа состоит из  1 файл

анатомия Самат.doc

— 110.50 Кб (Скачать документ)
  1. Оң жак тәждік артерия - a. coronaria dextra - қолқадан оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жүректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады. Ол бүл жерде артқы қарынша-аральщ тармаққа - r. interventricularis posterior-ға жалғасады. Бүл соңғы артқы қарыншааралық жүлгемен жүректің төбесіне дейін төмен түсіп, сол жерде сол жақ тәждік артерия тармағымен анастомозданады.

Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасық сол жақ қарьшшаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекшеаралық пердені, қарыншааралық перденің артқы үштен бірін, оң жақ қарыншаның емізікше бүлшықеттері мен сол жақ қарыншаның артқы емізікше бүлшықетін канмен қамтамасыз етеді.

  1. Сол жак тәждік артерия - a. coronaria sinistra - колқаның сол жақ жартылай айшықты қакпакшасының қасынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдындағы тәждік жүлгеде орналасады. Ол өкпе сабауы мен сол жақ кішкене қүлақшаның арасында екі тармақ береді: жіңішкелеу, алдыңғы, қарыншааралық тармақ - ramus interventricularis anterior және ірілеу, сол жакты айналып өтетін тармак - ramus circumflexus.

Бірінші тармақ алғы қарыншааралык жүлгемен жүректің үшына дейін түсіп, сол жерде оң жак тәждік артерияның тармағымен анасто-мозданады. Екінші тармақ сол жақ тәждік артерияның негізгі сабауының жалғасы ретінде жүрек жүлгесімен жүректі сол жағынан орап өтіп, оң жақ тәждік артериясымен қосылады. Осының нәтижесінде бүкіл тәждік жүлгесінде горизонталды жазықтыкта орналасқан артериялық сакина түзіледі, одан жүрекке перпендикулярлы тармактар шығады. Сақина жүректің жанама (коллатералды) қан айналымы үшін кажетті бейімделу болып табылады. Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының көп бөлігін, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігін, қарын-шааралык перденің үштен екі бөлігін және сол жақ қарыншаның алдыңғы емізікше бүлшықетін қантамырлармен жабдықтайды.

Жүрек артериялары дамуының әр түрлі варианттары байқалады, соның салдарынан қанмен жабдықтау бассейндерінің ара қатынастары түрлі болады. Осы түрғыдан жүректі қанмен қамтамасыз етудің үш формасын ажыратады; екі жүрек артериясын бірдей дамыған бірқалыпты форма, сол жақ тәждік және оң жақ тәждік формалар. Тәждік артериялардан басқа жүрекке бронхиалдық артериялардан, қолқада оның төменгі бетінен "қосымша" артериялар келеді, өкпе мен өңешке операция жасағанда жүректің қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатпау үшін бүларды біліп, ескеру керек.

Жүректің ағзаішілік артериялары, тәждік артериялары сабаулары мен олардың ірі тармақтарынан жүректің 4 камерасына сәйкес жүрекшелер (rr. atriales) мен қүлақшалар (rr. auriculares), қарыншалар тармақтары (гг. ventriculares), перделік тармактар (rr. septalis anteriores et posteriores) шығады. Олар миокардқа еніп, оның кабаттарының саны, орналасуы және қүрылысына сәйкес тармақталады: алдымен сыртқы қабатта, содан кейін ортаңғы қабатта (қарыншаларда), ең соңында, ішкі қабатта; содан кейін емізікше бүлшықеттеріне (аа. papillares) және жүрекше-қарыншалық қақпақшаларға енеді. Бүлшықет ішіндегі артериялар әрбір қабатта бүлшықет будалары ізімен жүріп, жүректің барлық қабаттары мен бөлімдерінде бір-бірімен жалғасады.

Бүл артериялардың бірқатарының қабырғасында күшті дамыған еріксіз бүлшықеттер қабаты болады, олар жиырылғанда тамыр куысы толық бітеледі, сондықтан бүларды "түйыктаушы" артериялар деп атайды. "Түйықтаушы" артериялар уақытша түйіліп қалса (спазм), жүрек бүлшықетінің дәл сол жеріне қан келмей, миокард инфаркты дамуы мүмкін.

Веналық қайтарылымы

Жүрек веналары қуыс веналарға емес тікелей жүрек қуысына ашылады.

Бүлшықетішілік веналар миокардтын барлық қабаттарында болады және артериялармен қосарлана бүлшықет будаларының бағытына сәйкес келеді. ¥сақ артерияларға (3 ретке дейін) қос вена, ірі артерияларға жеке вена косарланады. Веналық кан ағысы үш жолмен жүреді: 1) тәждік қойнауға, 2) жүректің алдыңғы веналарына, 3) жүректің оң жақ бөліміне тікелей қүятын ең үсақ веналарға. Жүректің оң жақ жартысында сол жақ жартысына қарағанда бүл кіші веналар көптеу, сондықтан тәждік веналары сол жағында көбірек дамыған.

Оң жақ кабырғаларында ең үсақ веналардың басым қызмет атқаратынын көрсетеді.

  1. Тәждік қойнау - sinus coronarius cordis - жүйесінің веналары. Ол сол жақтағы ортақ басты (кардиалды) венаның калдығы болып табылады және тәждік жүлгесінің артқы бөлімінде, сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның арасында жайғаскан. Өзінің оң жақ, қалындау үшы арқылы қарыншалар арасындағы перде қасында, төменгі қуыс вена мен жүрекшеаралық перденің арасындағы оң жақ жүрекшеге ашылады. Sinus coronarius-ке мына веналар қүяды: a) v. cordis magna - жүрек үшынан басталып, оның алғы қарыншааралык жүлгесі бойымен көтеріліп, солға бүрылып және жүректің сол дағын орап өтіп, sinus sinistri - сол жақ қарыншаның артқы бетіндегі sinus coronarius немесе v. cordis ma-gna-ға күятын бір немесе бірнеше вена сабаушалары; б) v. obliqua atrii sinistri - сол жақ күлакшаның артқы бетінде орналасқан кішкене тармак (үрықтық v. cava superior sinistra-ның қалдығы); ол сол жак қуыс венаның қалдығы болып табылатын, дәнекер тінді тартпаны - plica venae cavae sinistrae - қамтитын перикард қатпарында басталады; в) v. cordis media - жүректің артқы қарыншааралық жүлгесінде жатады және тәждік жүлгеге жетіп, sinus coronarius-қа қүяды; г) v. cordis parva - жүректің көлденең жүлгесінің оң жақ жартысында орналасқан және v. cordis me-dia-ның әдетте көлденең жүлгеге жеткен жерінде осы венаға келіп қүятын жіңішке тармақ.
  2. Жүреқтің алдыңғы веналары - vv. cordis anteriores - кішкентай веналар, оң жақ қарыншаның алдыңғы бетінде орналасқан және тікелей оң жақ жүрекше қуысына қүяды.
  3. Жүректің ең ұсақ веналары - vv. cordis тіпітае - жүрек бетіне шықпайда, капиллярлардан жиналып, тікелей жүрекше қуыстарына және аздай мөлшерде қарынша қуыстарына күяды.

Жүрек бұлшықетін нервтендірірілуі

Жүрек бұлшықетін нервтендіретін нервтердің қүрылысы мен қызметі ерекше және күрделі, олар көптеген өрімдер түзеді. Бүкіл нерв жүйесі: 1) келетін сабаулардан; 2) экстракардиалды өрімдерден; 3) жүректің өзіндегі өрімдерден және 4) өрімдермен байланысқан түйіндік ерістерден түрады.

Қызметі жағына жүрек нервтері 4 түрге бөлінеді (И.П. Павлов): баяулатушы және тездетуші, әлсіретуші және күшейтуші. Морфо-логиялық жағынан бүл нервтер n. vagus және truncus sympaticus күрамында келеді. Симпатикалық нервтер (негізінен түйіннен кейінгі талшықтар) үш жоғарғы мойын және бес жоғарғы кеуде симпатикалық түйіндерінен шығады/n. cardiacus cervicalis superior - ganglion cervi-cale superius-тен, n. cardiacus cervicalis medius - ganglion cervicale me-dium-нен, n. cardiacus cervicalis inferior - ganglion cervicale inferius-тен немесе ganglion cervicothoracicum-нен және n. cardiaci thoracici симпатикалық сабаудың кеуде түйіндерінен.

Кезбе нервтің жүрек тармақтары оның мойын бөлімінен (rami cervicalis superiores), кеуде бөлімінен (r. cardiaci n. thoracici) және n. laryn-geus recurrens vagi-ден (rami cervicalis inferiores) басталады. Жүрекке келетін нервтер беткей және терең топтарға бөлінеді. Беткей топ өзінің жоғарғы бөлімінде үйқы және бүғанаасты артерияларына, төменгі бөлімінде - қолқа мен өкпе сабауына жанасып жатады. Негізінен кезбе нервтің тармақтарынан қүралған терең қабат кеңірдектің төменгі үштен бірінің алдыңғы бетінде орналасады. Бүл тармақтар кеңірдек аймағында орналасқан лимфа түйіндерімен жанасады, түйіндер үлкейсе, мысалы өкпе туберкулезі кезінде, бүл тармақтарды лимфа түйіндері кысып, одан

жүрек ырғағы өзгеруі мүмкін. Аталғандардан нерв өрімдері қалып-тасады.

  1. Беткей - plexus cardiacus superficialis - қолқа доғасының (оның астында) мен өкпе сабауының айырығы арасындағы өрім;
  2. Терең - plexus cardiacus profundus қолқа доғасы (артында) мен кеңірдектің айырығы арасындағы өрім.

Бүлар аттас тамырларды коршап түрған plexus coronarius dexter et sinister-re, сондай-ак эпикард пен миокард арасында орналаскан өрімге жалғасады. Өрімдерде ганглий жасушаларының көптеген топтары нерв түйіндері болады.

Афферентті талшықтар рецепторлардан басталып, кезбе және симпатикалық нервтердің қүрамында эфферентті талшыктармен бірге жүреді.

 

Жүрекқап

Жүрекқап (перикард) - pericardium - түйық сірлі қап. Онда екі қабатты ажыратады: сыртқы фиброзды - pericardium fibrosim және ішкі сірлі - pericardium serosum - қабаттар. Сыртқы фиброзды кабат ірі тамырлы сабаулардың адвентициясына өтеді, ал алдыңғы жағынан қысқа дәнекер тінді тартпалар - ligamenta sternopericardiaca - арқылы төстің ішкі бетіне бекиді. Ішкі сірлі қабат өз кезегінде 2 табақшаға бөлінеді: висцералды немесе жоғарыда аталған эпикард және париеталды, ол pericardium fibrosum-ның ішкі бетімен бітісіп, өсіп және оны ішінен астар-лайды. Висцералды және париеталды табақшалар арасында саңылау тәрізді жүреккап куысы - cavitas pericardialis — жатады, онда аздаған сірлі сүйықтық liquor pericardii - болады. Ірі тамырлардың сабау-ларында, жүрекке жақын жерде, висцералды және париеталды табақша-лар тікелей бір-біріне өтеді. Ашылмаған жүрекқап тұтас алғанда конус пішінді, негізі centrum tendineum diaphragmatis-пен бітісіп-өседі, ал доғалантан төбесі жоғары қарап, үлкен тамырлардың түбіршіктерін қаусырып жатады. Жүрекқаптың арткы беті өңеш пен төмен түсетін колқаға жанасады. Қолка мен өкпе сабауы барлық жағынан жүрекқаптың жалпы жапырақшасымен коршалған. Қолқа мен өкпе сабауы артындағы кеңістік жүрекқаптың көлденең койнауы - sinus transversus pericardii деп аталады. Қуыс және өкпе веналары тек ішінара ғана сірлі қатпармен жабылған. Астыңғы және оң жақтарынан төменгі куыс венамен, сол жағы мен үстінен сол жақ өкпе веналарымен қоршалған кеңістік - sinus obliq-uus pericardii-ді күрайды.

 

Жүрек топографиясы

Жүрек кеуде аралығындағы ассимметриялы орналаскан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға карай жайғаскан, оң жағында тек оң жақ жүрекше мен қуыс веналар калады. Жүректің үзын білігі жоғарыдан төмен төмеқ оңнан солға, артынан алға карай қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40° бүрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналык бөлімі алға таман, сол жақ артериялды бөлімі артқа таман бүрыла орналасқан сиякты. Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде (facies stemocostalis) өкпемен жабылып түрады, өкпенің алғы жиектері екі өкпекаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап аркылы төске және V-VI кабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен баскасын алдыңғы кеуде кабырғасынан бөліп тұрады. Жүрек шекаралары кеуде кабыр-ғасына проекциялануы: жүрек үшының соғуы linea mammillaris sinistra-дан 1 см ішке қарай, бесінші сол жақ кабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршек-терінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3 см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жак қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек үшына дейін өтеді

Қарыншалардан шығар тесіктер (колқа мен өкпе сабауы) III сол жақ кабырға шеміршегі деңгейінде жатады; өкпе сабауы (ostium trunci pulmonalis) осы шеміршектің чөс жағындағы үшында, қолқа (ostium aortae) төстің артқы жағында сәл оңға қарай орналасады. Екі ostia atrioven-tricularia төстің бойымен, үшінші сол жақ кабырғааралықтан бесінші оң жақ кабырғааралыққа қарай жүретін түзу сызық бойында проекцияланады.

 

Жүректің қақпақшаларының көкірек қуысының алдыңғы қабырғасына түскен проэкциясы

Жүрек кақпақшалары көкірек қуысының алдыңғы қабырғасының белгілі бір жерлерде орналасады:

митралды қақпақша - жүрек үшында,

үшжармалы қақпақша - төстің оң жағында, V қабырғалық шеміршектің түсында;

қолқа қақпақшалары - төстің жиегінде оң жақтағы екінші қабырғааралыкта;

өкпе сабауы қақпақшалары - төстің солға қарай, екінші қабырғааралықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1.   А. Рақышев “Анатомия атласы” Астана 2008                                                              ІІ.  А. Рақышев “Анатомия” Алматы 2004

 


Информация о работе Жүректің камералары