Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында дарынды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 15:32, реферат

Описание

Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Осыған сай менің проблемам «Өнердегі сұлулықты көре, түсіне, бағалай білетін , белсенді тұлғаны тәрбиелеу» бойынша алдыма мынадай мақсат қойдым «Әрбір баланың бойында жалпы және арнайы дарын көзін тауып оны дамыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, даму кезеңдеріне сәйкес оқытудың және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін құру» Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен сабақ беретін сыныптарымда төмендегідей тестілер арқылы оқушыларды танып, біліп алуға тырысамын.

Дарынды бала қандай?
1 . Көптеген дарынды балаларға тән және олардың орасан да қиын ақпаратпен
иемденуге мүмкіндік жасайтын жарқын ұзақмерзімді ес, қысқамерзімді естің
нәзіктігімен үйлеседі, сондықтан жаңа ғана атқанды қайталау оларға қиынға түседі.
2. Дарынды балалардың басқа біреудің оқыған мәтінінің негізін түсіну, әр баланың әріп пен сөздің қиындығы мен бастауышта ғана емес, сонымен бірге орта және жоғары буында да кездеседі.
3. Дарынды балалар компьютерді тез үйренеді, бірақ жиі әдемі жаза алмайды. Егер оқуды жалғастырғысы келіп жазба жұмысын тапсырса, оларға әдемі жазу үлкен қиындық туғызады.
4. Сөз байлығы мен сөз қоры тек ауызекі сөйлеуде ғана пайда болады, өз құрдастарынан ауызекі сөйлеуде ғана емес, жазба жұмыстарынан қалуы мүмкін.
5. Көп дарынды балалар күрделі және көп ойлауды қажет ететін жұмыстармен жақсы айналыса алады. Есте сақтау, қайталауға арналған жаттығуларды қиындықпен істейді. Олар білгіш келеді, бірақ өздеріне қызық емес материалды оқу қиындыққа әкеп соғады.
6. Дарынды балалар жақсы талдайды, бірақ тақырыптан ауып кетсе, олардың сөздері ойланбаған және қанағатсыз болып шығады.
7. Қиын емес есептерді шығара алмауына байланысты, мұғалім олардың математика қабілеттерін байқамауы да мүмкін, кейде дарынды балаларға көбейту кестесін және формулаларды жаттау қиынға соғады, оларға формуланы қайта жазғаны артық.
8. Жас ерекшеліктеріне қарамастан дарынды, ойшыл балалардың ұйымдастыру қабілеттері төмен болады. Олар белсенді ұзақ жұмыс істеу қабілеттері бола отырып, қысқа мерзімді жұмыс орындауға қабілеттері жоқ (тест, бақылау жұмыстары, емтихан).
9. Өздерінің жоғарғы сезімдеріне және байқампаздықтарына қарамастан, дарынды балалар сабақта өте аңқау келеді. Есте сақтау қабілеттері жақсы болса да, олардың тыңдау арқылы есте сақтаулары төмен болады, сондықтан көңіл қойып тыңдамайды, ал көру қабілеттері жақсы болғанымен, кейбір детальдарға көңіл аудармайды. Көптеген дарынды балалар геометрия, механика, техника, музыка, өнерде жақсы қабілеттер көрсетсе, шетел тілі және тыңдау, есте сақтау пәндерін игеру қиындыққа соғады.
10. Олардың әділқой, тапқыр сезімдері жоғары болып, адамдарды өз ықыласына көндіре алады, сондықтан басқа тәсілдер арқылы күштері жетпейтін жерлерден қашақтайды.
Соған орай зерттеушілер дарынды балалардың кемшіліктерін олардың абыройының жалғасы деп ойлайды. Мұндай балалардың прроблемаларының қандай екенін анықтауға өте қиын, себебі олар оны жақсы жасыра алады.

Работа состоит из  1 файл

Баяндама.docx

— 34.60 Кб (Скачать документ)

 

           Бейнелеу өнері сабағы басталар алдында оқушылардың көңіл-күйлерін білу үшін мынадай ойын жүргіземін. Бұл ой    ынға таза қағаз бен гуашь болуы қажет. Оқушылар қағаздың жарты бетіне қылқаламмен кез  келген дақ салады содан соң қағазды бүктеп екінші жартысына жабыстырады. Сонсын қағазды ашып пайда болған дақтан қандай бейне шыққанын анықтайды.

 

1.    Көңіл күйлері  төменг оқушылар дақтан нашар нәрселерді көреді, олар көк немесе сиякөк түстерді таңдайды.

 

2.    Ондай оқушыларды сабырлы оқушылармен отырғызған жөн, сабырлы бала ашық түстен дақ жасайды және шыққан суретінен жақсы нәрселердә көреді

 

3.    Ашуланшақ балалар қызыл немесе қара түстерді таңдайды

 

 

  Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынадай ойындарды қолдануға болады.

 

   Оқушыларға кез келген түсті айтып, сол түстібес нәрсені тез арада айтуларын талап ету  (көк, сары, қызыл, жасыл, т.с. с.). Бір минуттын ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.

 

     Бір парақ қағаз бен қарындаш алып, жүргізушінің ауада салған суретін қайталап салу. Жүргізуші ауада салған суреті тез және күрделі болмауы керек. Саланған суреттері тексеріліп, жауаптың дұрыстығы қаралады. Ең тапқыр балаларды атап өтеді.

 

      Ертегі құрастыру. Балалар екі топқа бөлінеді, әр топқа бір ертегінің аты айтылады. Әр оқушы бір парақ қағазға бірінші бала салып бастаған суретті толықтырып салады. Жұмыстың аяғында қай топта жақсы, мағыналы сурет шығады, сол топ жеңімпаз болып  саналады.

 

      Осындай ойындар оқушыларың дамуында  үлкен роль атқарады.

 

Мынау тақпақтар бойынша салынған суреттер қай жанрға жатады?

 

 

3.    Түкті қабақ  жауып тұрған көзіне,

 

Тікенектей түк шығып тұр жүзіне

 

Қырлы мұрын, қырмызы ерін, қап-қара

 

Ұшқын шашып от ойнап тұр көзінде.

 

4.    Желсіз түнде жарық ай

 

Сәулесі суда дірілдеп,

 

Ауылдың маңы терең сай

 

Тасыған өзен гүрілдеп.

 

 

Бейнелеу өнері пәнінен қолданылатын,

 

 оқушылардың теориялық  білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары

 

 

1.    Көптеген түстердің  арасынан үш негізгі түс қана анықталады, ол қандай түстер?

 

а/  ақ, қара, қоңыр                                     ә/ қызыл, көк, сары

 

б/ қызыл, жасыл, көк                                 в/ сары, жасыл, қызыл

 

 

 

2.    «Шопан қызы» атты суретті кім жазды?

 

а/ Чуйков                       ә/ Қастеев                        б/ Кенбаев

 

3.    Негізгі тәсілі бір түсті сурет пен сызық болатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады?

 

а/ мүсін                                           ә/ сәулет өнері

 

б/ графика                                       в/ кескіндеме

 

 

4.       Бейнелеу өнері қандай  жанрларға бөлінеді?

 

  5.    Ренессанс  дәуіріне жататын атақты Италия суретшісі Леонардо да Винчидің туындысы қалай аталады?

 

а/ Венера           ә/ Моно Лиза                б/ Сикстинская мадонна 

 

в/ Нефертити     г/ Джоконда                  ғ/ Святая Анна

 

 

6.    Допты салу үшін қандай әдіс қолданамыз?

 

А/ жарық-көлеңке                              ә/ горизонт сызығы

 

б/ рефлекс                                           в/ ритм

 

7.    Осы кескіндердің  ішінде екі түс бірін бірі толықтырып күшейтеді  (контраст), олар қандай түстер

 

а/ қызыл, жасыл                     ә/ сары, қоңыр                б/ көк, сия көк

 

8.    Осы берілген бояулардың қайсысы сумен араласпайды?

 

а/ акварель                  ә/ май бояу                      б/ гуашь

 

9.    Өнер шеберлігінің  ең жоғары жетістігі қалай айтылады?

 

а/премия                              ә/маринистика 

 

б/шедевр                             в/капитель

 

 

 

10.                      Барокко бейнелеу өнерінің... (ойды аяқтау)

 

а/жанры                 ә/түрі               б/тәсілі                   в/ағымы

 

11.                      Натюрморт жанр испатында туған елі қай ел?

 

а/Голландия                    ә/Египет                    б/Италия

 

12.                      Осы оюлардың ішінде қайсысы зооморфтық болып табылады?

 

 

13.                      Осы атақты адамдардың қайсысы  суретші болды?

 

а/Әуезов          ә/Телжанов           б/Айманов                 в/Байсеитова

 

 

 

14.                      Берілген қазақ оюы екі түстен құралған. Осы түстер ұалай аталады?

 

а/гармониялық             ә/қосымша              б/ахроматикалық

 

15.                      Жануарларды бейнелейтін жанр қайсы?

 

а/маринистика            ә/анималистика               б/тұрмыстық

 

 

16.                      Түрлі түсті тастан немесе әйнектен құрастырылған сурет

 

а/гротаж               ә/мозаика                б/витраж

 

17.                      Атақты орыс суретшісі Айвазовский қандай жанр түрімен айналысқан?

 

а/анималистика                                ә/пейзаж

 

            б/портрет                                          в/маринистика

 

18.                      Шұғыла өрнегі қайсыған жатады?

 

а/космогониялық                              ә/зооморфтық

 

б/өсімдік әлеміне                              в/геометриялық

 

19.                      Геометриялық ою-өрнек қайсы?

 

а/шынжара                                        ә/төртқұлақ

 

б/шиыршық                                      в/сүйір

 

20.                      Бір түспен боялған натюрморт

 

а/монотипия                                    ә/алла прима              б/гризайль

 

21.                      «Турксиб» суретін жазған суретші

 

а/Телжанов                                  ә/Қастеев

 

б/Дүзелханов                              в/Романов

 

 

Оқушылардың сызу пәнінен алған білімдерін

 

бекітуге арналған тесттер

 

 

 


Информация о работе Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында дарынды оқушылардың қызығушылықтарын арттыру