Казақ сазы-өмір айнасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 21:05, практическая работа

Описание

Қазақ саз мәдениетінің өркендеуіне академик Ахмет Жұбанов, сазгерлер: Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, халық артистері: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. өз үлестерін қосқан. Осыларға қысқаша тоқталып өтсек.

Работа состоит из  1 файл

Презентация1.ppt

— 637.50 Кб (Скачать документ)
 
 
 
 

Ахмет Жұбанов (1906-1968) 

      Жұбанов Ахмет - композитор, дирижер музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.

А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

 
 
 
 

Мұқан Төлебаев (1913-1960) 

      Төлебаев Мұқан (1913-1960) - композитор, ССРО - ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазССР-нің еңбегі сіңген өнер қайраткері.

Ол - қазақтың белгілі музыка шебері, ұлттық композитор. Ол - "Аманкелді" операсының (Е.Брусиловскиймен бірлесіп), ҚазССР Мемлекеттік гимнінің (Е. Брусиловский мен Л. Хамидимен бірлесіп) әуенін жазған автор. Қазақтың музыкасына аса бағалы мұра ретінде қосылған оның "Біржан мен Сара" операсының орны бөлек. Ол оркестрлік және камералық шығармалар, 50-ден астам өлеңдер мен романстар жазды, халық әндерін өңдеді, М. Әуезов атындағы қазақ драма театрының спектакльдеріне, фильмдерге арнап музыка жазды.

М. Төлебаев  алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі

 
 
 
 

      Жұбанова Ғазиза (1927-1993) - сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы А.Жұбановтың қызы. Ғ.Жұбанованың музыкасы арқылы қазақ музыка мәдениеті басқа халықтарға белгілі болды. Ол - “Батырлық поэмасы” симфониялық поэмасын, “Жігер” симфониясын, “Еңлік- Кебек”, “Жиырма сегіз” операсын, “Ақ құс туралы аңыз” балетін, кантаталар, романстар, эстрадалық музыка, театр мен киноға арналған музыкалар жазды. Олардың барлығын музыкалық ойлау жүйесінің біртұтастығы, нақтылықтан жалпыға біртіндеп көшу, вокальды орындаудан аспапты орындауға ауысу, сезімнің көрнектілігі, эпикалық кеңдік және музыкалық образдардың қарама - қайшылықты мінездері біріктіреді. 

Жұбанова Ғазиза (1927-1993)

 
 
 
 

      Хамиди Латыф (1906-1983) - композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Л. Хамиди  атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым  бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди  Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы- этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды. 
 

Информация о работе Казақ сазы-өмір айнасы