Казақ сазы-өмір айнасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 21:05, практическая работа

Описание

Қазақ саз мәдениетінің өркендеуіне академик Ахмет Жұбанов, сазгерлер: Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Латиф Хамиди, халық артистері: Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. өз үлестерін қосқан. Осыларға қысқаша тоқталып өтсек.

Работа состоит из  1 файл

Презентация1.ppt

— 637.50 Кб (Скачать документ)

Хамиди Латыф (1906-1983)

 
 
 
 

      Байсеиітова Күләш (1912-1957) - әншіСССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Байсейітова - қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы - Баттерфляй (Дж Пуччинидің "Чио-Чио-Сан", Татьяна (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині") т. б. партияларды орындады. Байсейітова - сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Аймаң И. В. Коцыктың "Айман-Шолпанындағы" Айман, Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" және тағы басқалары.1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады. 

Байсеиітова Күләш 

             (1912-1957)

 
 
 
 

      Бағланова Роза - әнші. Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1947-1949 жж.. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 1949-1960 жж.. - Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан -Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова - сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, ССРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді. 

Бағланова Роза

 
 
 
 

      Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы.

Ол фольклорлық-этнографиялық Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.

      Н. Тілендиев  халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән-романстарының авторы. 

Нұрғиса Тілендиев

 
 
 
 

      Бүгінгі күні Республикада К. Байсейітова және     А. Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы, Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы, Қазақконцерт, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты және басқа да музыкалық - біліми, ғылыми және мәдени мекемелер бар. Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз "Жігер", "Алтын алма", "Жаңа музыка күндері", "Азия дауысы" халықаралық сайысын, ал халық музыканттарын - дәстүрлі музыканың халықаралық фестивалін, жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырады. Музыка бүгін мен болашақты, өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр.

Информация о работе Казақ сазы-өмір айнасы