Тәуелсіздіктің 20 жылдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:21, сочинение

Описание

Тәуелсіз елім, сүйікті Отаным, атамекенім – менің Қазақстаным! Қандай жаныма ыстық, неткен керемет едің сен! Аспанмен таласқан, аппақ қар жамылған, көкжиекке кеудесін тіреген асқар алып шыңдар,таудың баурайын безендірген сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан мөлдір бұлақтар, көкжиекке дейін созылып жатқан ата-бабамызға ежелден бері қоныс болып келе жатқан кең далам – менің Атамекенім! Осындай сұлу да көркем, әдемі де көрікті, ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме бақыттымын!

Работа состоит из  1 файл

Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан (Автосохраненный).docx

— 28.90 Кб (Скачать документ)
 

                                 Жамбыл ауданы

                             Благовещенка селосы

                       Благовещенка №2  орта мектебі 
     

                        

                           Шығарма:

«Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан» 
 

                Орындаған: Шалабаева М.

                Мұғалімі: Мағжанова Г.М. 
                 
                 
                 
                 

                                    

                                          2011-2012 оқу жылы

                „Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытта кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық алыс жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынан мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді.”

                                                       Н.Ә.Назарбаев

   Тәуелсіз  елім, сүйікті Отаным, атамекенім – менің Қазақстаным! Қандай жаныма ыстық, неткен керемет едің сен! Аспанмен таласқан, аппақ қар жамылған, көкжиекке кеудесін тіреген асқар алып шыңдар,таудың баурайын безендірген сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан мөлдір бұлақтар, көкжиекке дейін созылып жатқан ата-бабамызға ежелден бері қоныс болып келе жатқан  кең далам – менің Атамекенім! Осындай сұлу да көркем, әдемі де көрікті, ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме бақыттымын!

   Отаным, елім, туған жерім... Бұл сөздерде қаншама сыр жатыр десеңші! Туған  жер дегенде жүрегім дір-дір  етіп,  оның тұңғиығында еліме деген мөлдір де нәзік сезім пайда болып, санамда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленімін.

   Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді  жанып, жүрегіңді баурайтын аса  әсерлі, мағыналы сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі  жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түсіресің. Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен шалқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпардың тұяғынын дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.

   Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген  көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын  

құдайындай  сыйлайтын, «көрші хақы – тәңір хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлтың...

   Қазақ ұлты осы киелі жеріміздің бостандығы, азаттығы үшін басынан не кешпеді, не көрмеді ?! Бірақ шыдады, төзді. Берілмеді, беріспеді, күресті. Соңында жеңіске жетті. Қазақ халқының сан ғасырлық тәуелсіздік үшін күресі – батырлар мен елі үшін еңіреген ерлердің қанымен жазылған тарихи шежіресі. Абылай хан, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр сынды ерлеріміз, елім деп халқы үшін құрбан болған Ахмет, Міржақыптар арман еткен тәуелсіз, еркін елдікке қол жеткіздік. Біздің ата-бабаларымыз қиын кезеңдерден өтіп, еліміздің тұтастығын сақтаған. Бұған Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз,  Шығыстың қос жұлдызы – Мәншүк пен Әлия сынды қыздарымыз қолына қару алып, ел үшін, жер үшін күрескендері куә. Ал сонау суық желтоқсан оқиғасын еске алар болсақ, біздің жастарымыз ешбір қарусыз, жалаңаш қолмен, тек қолға ту ұстап елдің егемендігі үшін өмірлерін қиды. Ақырында үш жүз жылдай уақытқа созылған елімізді ұлтсыздандыру саясатынан әрең құтылып, жетпіс жылдан астам уақытты қамтыған езгіден әйтеуір аман қалдық. Сөйтіп, ақырында  азаттықтықтың ақ таңы арайлап атты. Алашымыздың арқа сүйер азаматтарының, жанашыр жақындарының, қалың елім қазағымның  жалынды жастарының, ұлтын сүйген ұлы  жүрек иелерінің арқасында баға жетпес байлығымыз, таусылмайтын қазынамыз – Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

   Өз  басым тәуелсіздіктен кейін өмірге келсем де, бұл Егемендіктің қандай қиын жолмен келгенін жақсы білемін.  Осы тәуелсіздік жолында елін, жерін сүйген, жер, ел деп еңіреп күн кешкен арыстандай айбатты, айбарлы арыстарымыз бен ақтаңдақтарымыздан айырылдық. Біз олардың ерен еңбектерін бір сәтке де ұмытпауға тиіспіз.Ұмытуға мүлдем хақымыз жоқ. Өйткені тарихсыз келешек жоқ, ағайын! Мемлекеттің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдары басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қайшылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты  
 

жоғалтпай, әрі  қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек  деп ойлаймын.

   Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі мезгіл ішінде көптеген елеулі  табыстарға қол  жеткіздік. Ел ұғымында „Есім ханның ескі жолы”, „Қасым ханның қасқа жолы”, Тәукенің жеті жарғысы” секілді қасиетті атаулар қалыптасса, тәуелсіздікке қол жеткізген тұста „Нұрсұлтанның нұрлы жолы” халық жүрегінен орын алды. Қазақстан десе Н.Назарбаевты, Н.Назарбаев десе – қазақ елі деп түсіну дағдыға айналды.Бұл екеуі тұтастай ажырамас бейне болып қалыптасты. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы – Президентіміздің  жүргізіп отырған парасатты көреген  саясатының нәтижесі деп білемін. Елбасының өзі де „Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын” деген болатын.

   Міне, ендігі жерде алдымызда өзге күндерге ұқсамайтын, елден ерек, жұрттан  бөлек аса құдіретті, қадірлі, қасиетті күн - „Тәуелсіздік күні” жақындап келе жатыр. Тәуелсіз Қазақстан 20 жасқа толады. Осы жылы бұл мереке „Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы” деген ұранмен өтпек. Бұл – мерекелердің  мерекесі, ең негізгісі, әрі өзектісі. Барша той атаулының басшысы.

Біз небәрі 20 жастағы  жас мемлекет болсақ та, осы 20 жылдың ішінде Азияның жолбарыстары, Еуроодақ елдері, әлемнің дамыған азулы, алпауыт  елдері тамсанып, қызыға қарайтындай  біраз игі, ізгі істер атқардық. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық  шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік  рәміздеріміз , Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең  жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Елордамыз Астана жас қала, жас қала болса да, бас қала деуге тұрарлықтай.Зәулім де сәулетті, әдемі, сұлу үйлері, жарқыраған көшелері қандай тамаша! Сәні мен көркемдігінде сөз жоқ. Қаланың қақ ортасында сұлу да кербез, биік те ерекше сәулетті бәйтерек тұр. Алтын күмбезді „Нұр-Астана” мешітін де көріп, халқымыздың имандылыққа асыл дінімізге бет бұра бастағанын байқаймыз. Ал иманды елдің  адамгершілігі мол, бауырмал ел болатыны сөзсіз.

        Еркелеген Есіл ару,

        Бұрымдары жарұылдаған, жас қала.

        Таңы  – сұлу, кеші –дәру,

        Ақ самалы аңқылдаған, Астана.

Жалғыз Астананы ғана тұрғызып қоймай, әлемдік қауымдастық алдында да „Қазақстан Республикасы” деген асқақ рахты ел екенімізді мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі биік белеске көтерілуде. Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арнаған Жолдаулары мен қабылдаған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Сонымен қатар Еуропадағы Қауіпсіздік  және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі мен Ислам конференциясы Ұйымын басқаруымыз, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында көрсетіп жатқан белсенділігіміз, Астана мен Алматы қалаларында өткен  7-ші Қысқы Азия ойындарының бізде өтіп, біздің жерлестеріміздің жеткен айтулы жетістіктерінің бәрі-бәрі күндік еңбектің емес, айлап, жылдап тер төккеннің, талмай, тынбай, тек алға қарағанның жемісі деп ойлаймын.

   Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр-жастар ғасыры. Мұқағали ағамыз:

„Сендердікі – өмір, қоғам, заман да,

Сән түзеген  қалаң менен далаң да.

Барлығы да мұра болмақ әманда,

Болашақ деп аталатын Адамға!”-

деп болашаққа, жастарға үлкен сенім артқан. Үлкен  буын ағаларымыздың игі істері енді бізге аманат. Ғасырлардан жалғасып келе жатқан бұл аманатты орындап, жалғастыру біздің еншімізге тиген ардақты  іс екенін жүрегіммен сезініп, мақтан етемін.

   Біз қазір  зор мүмкіндіктер заманынының  табалдырығында тұрмыз. Біз өмір сүріп жатқан ғасыр – жаһандану ғасыры. Ғылым мен техниканың көз ілеспестей дамуың шегіне жеткен ғасыры. Қаттырақ айтар болсам, біз сияқты енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқан елдерді алпауыт мемлекеттер таптап кету қаупі төніп тұрған дәуір. Бірақ еш нәрсеге бірден қол жетпейтінін де ұмытпағанымыз жөн. Бірнеше сатылардан өтіп қана әлемнің алпауыт елдерінің қатарына қосыла аламыз. Ол үшін салауатты,  

   гүлденген экономика құруымыз қажет. Сонда  ғана демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шешіп, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра аламыз.  Осындай болашақтың еңселі іргесін тұрғызу үшін және алға қойған бағыттан ауытқымас үшін не қалайтынымызды алдын ала жоспарлауымыз қажет. Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауы да ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі барлық  халықтың экономикалық әл-қуаты арттқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау үшін жазылады.

   Қазақстанның  гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының  артуы – біз болашақта елестететін  Қазақстанды сипаттайтын өрелі  сөздер. Әр басқан қадамымызда бұл сөздер әрқашан біздің ізашарымыз болып қалуы тиіс.

   Мен кейде тұңғиық ойға батып отырып, келешекте Қазақстанның қандай болатынын көз алдыма елестетемін. 2030 жылдары Қазақстанның кейпі қандай болар екен деп қиялға батамын.Менің ойымша, онда біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, гүлденген алып елге айналады. Балаларымыз бен немерелеріміз Қазақстанмен бірге ер жетеді. Өз ұрпағының  жігерлі де жауапты, білімі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Бабалар дәстүрін берік ұстанып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайын болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі барша әлемге әйгілі әрі беделді, сыйлы өз елінің патриоттары болады.

   Біздің  балаларымыз білімі мен білігі жоғары жұмысшылар, банкирлер, өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, спортшылар  болады. Жоғары ақы төленетін, жақсы  оқытылған, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерін  өз мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейді.

   Келешекте Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналса екен деп те армандаймын. Онда өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Келер ұрпақ кінәратсыз жағдайда толыққанды өмір сүреді.

      Ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардан қалтарысында қалып қоймайтын елде өседі. Қазақстан Еуразияның орталығы болып, жылдам өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениеттті байланыстырушы көпір рөлін атқаратын болады.

   2030 жылғы  Қазақстан ,әрине, әлі де  толық  кемелдене алмайды. Ол әлемдегі  ең бай, ең  білімді, ең дамыған ел бола қоймаса да, күрделі жолдан сүрінбей ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадам басқан ел болады.

   Әрине, мұның бәрі  - менің қиялымнан  туған  болашақтың моделі, асқақ  мұрат, арман ғана. Көп адамдар  бұл арманды кейде күнделікті заттың өзі жетіспейтін бүгінгі  тіршілікпен салыстырып, бұны бос  қиялға балап, езу тартып күлуі мүмкін.Бұл  дұрыс емес. Мұның бәріне де қол жеткізуге болады, әрі әлемдік тәжірибе бүл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә бүгін бәрімізге де қиын түсіп отыр. Оңай болған кезі бар ма? Біздің аталарымыз бен әкелеріміз осы жүз жылда қандай жеңіл кезді бастан кешірген екен? Азамат соғысы, аштық пен жұт, жаппай куғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейінгі күйзеліс жылдары оларға оңай тиді дейсіз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы ғасыр жеңіл болып па? Әрине, бұл — тарих. Тіпті бүгінгі күні де жер бетінде 800 милллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешіруде, талай жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза тауып жатыр.

  Ендеше  неге ішкі бар қуатымызды қысыр сөз  бен бос күңкілге жұмсаймыз? Барлығы тек өзімізге, сенімімізге, ерік-жігерімізге, бірлігіміз бен еңбегімізге байланысты. „Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз, ел үшін өзім не істей алам деп сұраңыз”-деген Джон Кеннедидін сөзін көкейімізден шығармағанымыз жөн.

   Біз еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматпыз. 1-2 жылдан соң біз де өмірге араласамыз. Өмірдің сан тарау қиын сындарынан өтеміз. Қай кезде болсын мен Қазақстанымның басқа мемлекеттер арасында мәртебесі биік тұратынына сенемін. Өйткені бүкіл әлемде бейбітшілік пен жасампаздықтықтың қамалын берік ұстайтын ұлы Қазақстан елінде біз секілді өжет ұландар өсіп келеді. Сол үшін де „Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз,”-деп Нұрсұлтан атамыз айтқандай жаңа дәуір көшін жалғастыру, халқымыздың әл-ауқатының артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу басты борышымыз деп санаймын.

Информация о работе Тәуелсіздіктің 20 жылдығы