Тәуелсіздіктің 20 жылдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 13:21, сочинение

Описание

Тәуелсіз елім, сүйікті Отаным, атамекенім – менің Қазақстаным! Қандай жаныма ыстық, неткен керемет едің сен! Аспанмен таласқан, аппақ қар жамылған, көкжиекке кеудесін тіреген асқар алып шыңдар,таудың баурайын безендірген сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан мөлдір бұлақтар, көкжиекке дейін созылып жатқан ата-бабамызға ежелден бері қоныс болып келе жатқан кең далам – менің Атамекенім! Осындай сұлу да көркем, әдемі де көрікті, ерекше табиғаты бар кең өлкеде дүниеге келгеніме бақыттымын!

Работа состоит из  1 файл

Шарықтап шыңға ұмтылған Қазақстан (Автосохраненный).docx

— 28.90 Кб (Скачать документ)

   „Жыр жазылар күйің келсе, сөз сөз болар түйінделсе”демекші, жоғарыда айтқандарымның тобықтай түйінін өлеңмен түйіндесем:

         Сұлу  өлкем, мөлдір бұлақ толқыған,

         Кездерім  жоқ жабырқаған, жасыған.

         Кетсем  сенен алыстап мен қашанда

         Құшағыңа  жеткенімше асығам.

         Қандай  көркем кілем түсі даламның! 
             Мейірімді құшағындай анамның,

         О, туған жер, білетінім өмірде

         Бар бақытты тек өзіңнен табамын.

   Менің өмірге іңкәр, өз халқыма ғашық кішкене  жүрегім осылай деп ой толғап, жыр  төгеді. Адамның мақсат-мұддесі, оның шын мәніндегі ұлылығын немесе кішілігін  көрсетеді.

   Менің нұрлы мақсат, биік арманым –  өз халқымның көсегесін көгертіп, мерей-мәртебесін биіктету. Осындай толғанысты ойлар әркімнің де көңілінде еліне – Қазақстанға деген шексіз махаббат сезімін туғызбай қоймайды. Мұндай сезім, көңіл-күй барлығымыздың бойымызда бар, ол бізге ана сүтімен дарыға, сол ана әлдиімен санамызға сіңіп, мектепте ұстаздарымыздың тәрбиесімен қалыптасты.

   Мен осындай кең-байтақ, шырайлы Қазақстаныммен бақыттымын! Отан!.. Аман бол сен, сен  барда мен сенің перзентіңмін, қанатыңмын. Сенің кәдеңе жарасам, қиын сәтте тірек болсам – сол бақыт! Қазақстанның босағасына тыныштық пен татулық берсін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тәуелсіздіктің 20 жылдығы