Ботаника пәнінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:58, реферат

Описание

Аристотель (384-322) мен Аристокл Платонның (427-347) шәкірті және Теофарст (Титрам) өз отанының және басқа жерлердің 500-ден астам түрлері өсімдіктерін жинап, оларды ағаштар, бұталар, шөптер деп жіктеді. Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктерді жапырақ түсіретін және мәңгі жасыл, ал суда өсетін өсімдіктерді ; тұщы су өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлген. Теофарст өсімдіктерді жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды. Сөйтіп, ол « Өсімдіктер тарихы » « Өсімдіктердің себебі туралы» атты бағалы еңбектерін қалдырды. Тефарст еңбектерінде өсімдіктердің географиялық жағдайларға қарай таралуы, биологиялық негізгі қасиеттері, келтіретін пайдалары, қолдан өсірудің жолдары баяндалады.

Работа состоит из  1 файл

Ботаникаі.docx

— 40.33 Кб (Скачать документ)

Қазіргі уақытта ботаника үлкен көп салалы ғылым болып  отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың  жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу  жатады. Өсімдіктердің структурасы  мен өсу заңдылықтарын, олардың  қоршаған ортамен байланысын, жер  шарындағы жекеленген түрлердің  және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің себептерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан  құнды өсімдіктердің  (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің жолдарын қарастыру болып табылады.  Осы  жоғарыда келтірілгендердің өзі  ботаника ғылымы зерттейтін проблемаларды  толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің  ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын  қорғаудың ғылыми негіздерін жасау  болып табылады. Әсіресе « Қызыл  кітапқа » енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді  зерттеуге көп көңіл  бөлініп  отыр. Өйткені кез келген түрді  жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің  алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер  қауымдастығының  мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады. Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика секілді ғылымдармен тығыз байланысты.                              

 

  Қазақстан Републикасының Білім және Ғылым Министрлігі.

             Инновациялық Еуразия Университеті

 

 

 

Тақырыбы : Батаниканың даму тарихы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Орындаған: БУ- 101 Дулат.Б

                                                                Тексерген : Аға оқытушы  Утилова А.М

 

                               Павлодар қаласы. 2013 жыл

 


Информация о работе Ботаника пәнінің даму тарихы