Бұғылар туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 10:10, реферат

Описание

Ирландия бұғысы (лат. Megaloceros giganteus) — бұғылар тұқымдасына жататын жойылып кеткен жануар. Плейстоценнің 2-жартысында (шамамен 400 мың жыл бұрын) Еуразияның солтүстік аймақтарында тіршілік еткен. Үлкенмүйізді бұғының қаңқа қалдықтары Ирландияның шымтезекті жерлерінен көп табылған. 1920 ж. Ресейдің Рязань облысында толық қаңқа сүйегі табылған. Қазақстанда табылған қаңқа сүйектеріне қарағанда Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіршілік еткен. Дене бітімі ірі, биіктігі 2 м-дей, мүйізі үлкен, бірнеше ұшты, күректәрізді жалпақ, екі мүйізінің арасы 3 м-ден артық болған. Бас қаңқасының, тісінің және аяғының құрылысына қарағанда, ылғалы мол, шабындықты жерлерді мекендеген.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1.Систематикасы
II.2.Күйіс қайтарушылар
2.1. Көн табандылар тұқымдасы
2.2. Бұғы тұқымдасы
2.2.1. Бұғылар туысы
2.2.2. Еліктер туысы
2.2.3. Бұландар туысы
2.3. Қуыс мүйізділер тұқымдасы
2.3.1.Бөкендер туысы
2.3.2. Ешкілер туысы
2.4. Жирафтар тұқымдасы
III.Қорытынды
IV.Қосымша (суреттер)
V. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

бугы туралы .docx

— 444.74 Кб (Скачать документ)

Үлкен мүйізді бұғы, алып бұғы,

Ирландия бұғысы (лат. Megaloceros giganteus) — бұғылар тұқымдасына жататын жойылып кеткен жануар. Плейстоценнің 2-жартысында (шамамен 400 мың жыл бұрын) Еуразияның солтүстік аймақтарында тіршілік еткен. Үлкенмүйізді бұғының қаңқа қалдықтары Ирландияның шымтезекті жерлерінен көп табылған. 1920 ж. Ресейдің Рязань облысында толық қаңқа сүйегі табылған. Қазақстанда табылған қаңқа сүйектеріне қарағанда Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіршілік еткен. Дене бітімі ірі, биіктігі 2 м-дей, мүйізі үлкен, бірнеше ұшты, күректәрізді жалпақ, екі мүйізінің арасы 3 м-ден артық болған. Бас қаңқасының, тісінің және аяғының құрылысына қарағанда, ылғалы мол, шабындықты жерлерді мекендеген. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұлардың мекендеген аймағы солтүстікте 50 с. е-тен жоғары және оңтүстікте ылғалды субтропиктік аймаққа тарамаған. Үлкенмүйізді бұғы мамонттармен бірге тіршілік еткен жануарлар тобына жатады.[1]

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары: 

I. Кіріспе

II.  Негізгі бөлім

II.1.Систематикасы

II.2.Күйіс қайтарушылар    

2.1. Көн табандылар  тұқымдасы  

2.2. Бұғы тұқымдасы       

2.2.1. Бұғылар туысы       

2.2.2. Еліктер туысы       

2.2.3. Бұландар туысы    

2.3. Қуыс мүйізділер  тұқымдасы      

2.3.1.Бөкендер туысы       

2.3.2. Ешкілер туысы    

2.4. Жирафтар тұқымдасы

III.Қорытынды     

IV.Қосымша (суреттер)       

V. Пайдаланылған  әдебиеттер. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

               I. Кіріспе.

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда  омыртқалылардың  құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көршішлігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді.Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделеді, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешіліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппараттарының, сүйек скелетінің, жүрекгінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық дамуы сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік береді. 

  Қоректік заттарды іздеп табуы,  онымен қоректенуі, сезім мүшелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір – бірімен тығыз байланыста дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет етуі үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды.  

  Денесінде зат алмасу күшейе  түсуіне байланысты денеден шығатын  зәр заттарының мөлшері артады.   

  Омыртқалыларға  бірнеше  клоятар жатады. Біз солардың ішінде сүтқоректілерді қарастырамыз.   

 

 

 

II. Сүтқоректілер.(Mammalia)   

  Сүтқоректілер  омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың прогрессивті белгілері:

1.          Бұларда орталық нерв системасы жоғары дамыған. Оның ішінде жоғарғы нерв әрекетінің орталығы – үлкен ми жарты шарларының сұр қыртысы көңіл аударыды. Осыған байланысты сүтқоректілірдің орта жағдайына бейімделуі өте күрделі , әрі жақсы жетілген.

2.          Сүтқоректілер тірі туады. Баласын аналық организмнің продуктысы – сүтімен қоректендіреді. Бұл сүр қоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді.

3.          Жылу реттелуі қабілеттінің жоғару дамуы, аздап та болса температурасының тұрақтығына байланысты икемделеді.

Денесін қаптап тұрған түктері салқыннан қорғаса, ал денесіндегі тері астындағы май қабаты жылудың реттелуіне себепші болады. 

  Осындай ерекшеліктер әр түрлі жағдайларға қарамастан кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Антарктикалық материктен басқа географиялық жер бөліктеріне түгелдей тараған. Олар жер бетінде де, суда да, жартылай суда, жердің астыңғы қабаттарында тіршілік етеді. Қазір сүрқоректілірдің 4000-ға жуық түрлері белгілі.  

  Сүтқоректілердің морфологиялық  ерекшеліктері, денесі жүнмен  жабылған. Терісінде бездері көп, әсіресе жетілген сүт безін атап өтуге болады. Бас сүйегі омыртқа жотасымен екі бұдыр өскіншіктер арқылы бекиді. Төменгі жағы тек ғана тіс сүйегінен тұрады. Шаршы сүйекпен байланыс сүйегі ортаңғы құлақ қалқанынан орналасқан есіту сүйегіне айналған. Тісі күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жіктелген, олар альвеоларға бекіген. Жүрегі төрт камерелы, бір ғана сол жақ қолқа доғасы сақталған. Қызыл қан түйіршіктерінде ядро болмайды.  

II.1. Систематика

Тип:Chordata – хордалылар типі 

  Тип тармағы:Craniata немесе Vertebrata –  бас сүйектілер немесе омыртқалылар.

Класс:Mammalia – сүтқоректілер класы

Отряд:Artiodactyla – жұп аяқтылар отряды

Отряд тармағы :Ruminantia - күйіс қайтарушылар отр/ тармағы

Тұқымдас:Tylopoda- көн табандылар тұқымдасы

Түрі:Camelus pastrinus – қос өркешті түйе.       

 

II.2. Жұп тұяқтылар жер бетінде  өсімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жартылай суда тіршілік етеді. Осыған  байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші  саусақтары бірдей жетілген, оны екі саусақтың ортасынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғыларда  ғана жетілмеген. Жұп аяқтары екі отряд  тармағына бөлінеді:

1-                       отряд тармағы. Күйіс қайтармайтындар. (Nonruminantia)

2-                       отряд тармағы. Күйіс қайтарушылар.       (Ruminantia)   

  Осылардың ішіндегі күйіс қайтарушылар  отряд тармағына қорының құрылысы  күрделі жануарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс  қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұдан жұп аяқтылардың басым көпшілігі жатады.    

  Бұлардың шошаң тістері мен  I және V саусақтары нашар жетілген  немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды.  Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.   

  Күйіс қайтаратын  сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылған. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады:1) үлкен қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; 2) жұмыршақ қарын, оның ішкі беті торлы ұяшықтарға бөлінген;3) жалбыршақ қарын, оның ішкі беті көлденең орналасқан қатпарлардан тұрады;4)Ұлтабар немесе безді қарын.Үлкен табанға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан  оның престальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда ауыз келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып,  сілекеймен  әбден араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақты өңешпен жалғастыратын жіңішке саңылау арқылы жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады.Нағыз ішек  - ас ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес қатты заттармен қоректенетін  түрлердің ащы ішегі мен тоқ ішегінің шекарасында ұзын жзәне тұйық бітетін бүйені болады. Өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады. 

 

 

  2.1. Көн табандылар(Tylopoda)  тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы нашар жамыған.II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салып, өозғалады. Бұларда қарны басқа күйіс қайтаратындармен салыстырғанда  күрелді емес. Тіс формуласы:

і 3/1;с 1/1; pm 2/3;m 3/3-34; 

  Осы кезде Орталық Азияның  даласында жабайы түйенің бір түрі – қос өркешті (Camelus pastrinus) түйе сақталған. Бір өркешіті түйенің – нардың

(C.dromedarius) тек қана қолға үйретілген  бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе, Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өрекшінде жиналады. Мұндай май қоры өз тарапынан  артық су өоры болып есептеледі.Өйтекні, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйелер шөлге шыдамды келеді.   

  Американың көп табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерлерді мекендейді. Мысалы, гуанако   (Lama huanachus) және викунья (L.vicugna). Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі:  лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты  көлік есебінде және жүні еті үшін ұстайды.  

 

 

   2.2. Бұғылар тұқымдасы (Cervidal gray,1821)

Бұғылар тұқымдасына жататын тұяқтарында  еркектердің маңдай сүйектерінің туындысы болып саналатын тармақталған мүйіздер болады. Олар жылма – жыл түсіп, қайтадан өскенде мамық жүнді тері қатпары жауып тұрады.  Мүұйзідері жетіліп сүйектене бастағанда, оны көлкерген тері қатып, ұзына бойына жарынла бастайды. Бұғылар мүйіздерін ағаш діңгегіне, бұтақтарына сүйіп, жалбыр – жұлбыр болып жүрген тері қатпарынан құтылады.    

  Тіс формуласы: І 0/3; С 1/1; Р 3/3; М3/3

Тері  жамылғысында  көз алды, саусақаралық бездер, сол сияқты кейбіреулерінде  шашайы мен маңдайында да бездері болады. Бір ерекшелігі – бұғылар тұқымдастарының өкілдерінде өт қабы болмайды. Тұқымдас өкілдері Евразияда, Америкада, Солтүстік Африкадада таралған. Қазақстанда тұқымдастың 3 түрі мекендейді.   

2.2.1. Бұғылар туысы- Cervus Linnaeus

Марал - Cervus elapus Linnaeus, 1758. 

  Сыртқы пішіні. Марал - бұғы тұқымдастарының ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 227-244, бұқасының шоқтығының биіктігі 142-155см, салмағы 416кг, ал ұрғашыларынікі 178кг. Маралдың дәрілік шикізат беретін  мүйізі еркегінде ғана болады. Басқа бұғылардан ерекшелігі – маралдың мүйізі алтын бұтақты.     

  Таралуы мен сан мөлшері. Марал  Қытай мен Монғолияда, Алтай мен  Саянда, Байкал көлінің маңында  таралған. Қазақстан жерінде талас,  Іле, Күнгей және теріскей, Алатауларда,Кетпен жотасында, Жоңғар Алатауында, Тарбағатай, Сауыр және Оңтүстік Алтайда кездеседі. Сан мөлшері жоғарыда айтылған тау жоталарында бірдей емес. Мысалы, Жоңғар Алатауында шамамен 7500-8000, ал Оңтүстік Алтайда Қазақстан бөлігінің шамамен 1000 марал жайлайды.Республикамыздағы оның жалпы саны 10-15 мыңдай.  

  Биологиясы. Маралдар – шағын  табын құрып, тіршілдік ететін  жануарлар. Таулы өңірдің ашық  беткейлерін, орман ішін, субальпі  мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін қоныстарына  байланысты. Күзде салқын түссе  үлкен топтар бірте – бірте  ыдырап,2-5-тен топтанып, жылы орман  ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне  қарай түссе, жазда таудың жоғарғы  белдеулеріне қарай көтеріледі.   

  Жайылуға кешке қарай шығып,  түні бойы өрісте болады. Тойынған соң, жан – жағы жақсы көрінетін жотаның биіктеу жеріне жатып, дем алады. Көктемде жануарлар тау беткейлерінде күндіз жайылатын болса, жазда қансорғыш насекомдардың көбеюі кезінде азықтануға тек түнде ғана шығады. Негізгі қоректері – 250 түрлі шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапырақтарын, бүршіктерін, өркендерін азық етеді. Ал 258-30-дай сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері (шатырақ, қоңыраубас, қондыгүл, сүтжапырақ, күреңот, жусан және т.б.) Маралдың азық құрамында үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі.   

  Қазақстанның таулы өңірлерінде  маралдың шағылысуы кырқүйектен  басталып, қазан айының бірінші жартысына дейін созылады. Бұл кезде бұқалардың әдеттегіден ерекше мөңіреп, жер тартып «ойнақ» жасайды.Өкіріп, жер сүзгілеп жүрген марал бұқалары қыркүйек – ұазан айларында тау беткейлерінде жиі кездеседі.   

  Күзде күйіті  жанған маралдар 8-8,5 айдан соң, маусым айында төлдейді. Төлдер алдында жануарлар тынымсызданып, жайылған кезде  жиі- жиі жата береді. 

  Маралдың негізгі жаулары –  қасқыр, аю, сілеусін және бұралқы иттер. Олардың денесінде кенелер(Dermacentor pavlovskyi, haemaphusalis warpurtoni, Ixodes persulcatus) тері оқырасының (Hypoderma diana) личинкалары кезедеседі.

Халықшаруашылыққа маңызы. Маралдар аса бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін «алтын мүйізі» үшін ауланатын аң. Әсіресе, сүйектенбеген жас мүйізі жоғары бағаланады.  Бұл пантыны «тау женьшені» деп те атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалады. Ол жүрекке, қан айналым жүйесіне, бұлшық етке, тыныс алу жүйесіне т.б.органдарға әсер ететін сергеткіш дәрі. Көктемде панты жетілген кезде маралдың қанының  шипалық қасиеті бар. Одан пантогемотоген препараты дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың құйрығы, ұрығы, сіңірі де әр түрлі ауруларға ем терінде қолданылады.  

  Келешекте Республикамызда марал  шаруашылығын ұйымдастыруды қолға  алып, марал санын 30 мыңға жеткізіп, жыл сайын ең кемінде 35-40 мың кг. Консервіленген пантыөндіруге толық мүмкіндік бар.   

2.2.2. Еліктер туысы-Capreolus gray,1821.   

  Еліктер- Capreolus capreolus Linnaeus 1758. 

  Сыртқы пішіні. Елік сымбатты, көрікті жануар. Текесінде тармақталып келген мүйізі болады. Мүйізді ешкісі сирек кездеседі. Дене тұрқы еркегінде 120-160см, шоқтығының биіктігі 75-100см,салмағы 30-35кг. Ешкілер аздап кішірек болады.   

  Таралуы мен сан мөлшері. Европада, Кавказда,Оралда, Сібірде. Қиыр Шығыста және Орта Азияның тауларында таралған. Қазақстанда Алматыда, Талдықорғанда, Солтүстік Қазақстанда, Семей,Қостанай, Ақмолада және Батыс Қазақстан  облыстарының орман жоталарында таралған. Мекендеген жеріне қарай мөлшері де әр түрлі. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 1000га жерде 30, Көкшетау мен Қостанай облыстарында 50 еліктен кездеседі. Қазір Қазақстанда еліктің саны 18300 – дай деп есептелінеді.  

  Биологиясы. Еліктің мекендейтін  қоныстары әртүрлі.  Көбіне орман – тоғайлардың ішінде тіршілік етеді. Орманның ашық алаңдарында жайылып, ағаштар көлеңкесінде жусайды.  Адамға жақын жүріп, тііршілік ете береді. Жаздың ыстық күндерінде, салқын түскенге дейін, көлеңкелі қалың бұталар мен қалың шөптердің ішінде  жатып демалады. Тек салқын түсе жайлауға шығады. Қыста күндіз жайылады.   

Информация о работе Бұғылар туралы