Бұғылар туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 10:10, реферат

Описание

Ирландия бұғысы (лат. Megaloceros giganteus) — бұғылар тұқымдасына жататын жойылып кеткен жануар. Плейстоценнің 2-жартысында (шамамен 400 мың жыл бұрын) Еуразияның солтүстік аймақтарында тіршілік еткен. Үлкенмүйізді бұғының қаңқа қалдықтары Ирландияның шымтезекті жерлерінен көп табылған. 1920 ж. Ресейдің Рязань облысында толық қаңқа сүйегі табылған. Қазақстанда табылған қаңқа сүйектеріне қарағанда Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында тіршілік еткен. Дене бітімі ірі, биіктігі 2 м-дей, мүйізі үлкен, бірнеше ұшты, күректәрізді жалпақ, екі мүйізінің арасы 3 м-ден артық болған. Бас қаңқасының, тісінің және аяғының құрылысына қарағанда, ылғалы мол, шабындықты жерлерді мекендеген.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
II.1.Систематикасы
II.2.Күйіс қайтарушылар
2.1. Көн табандылар тұқымдасы
2.2. Бұғы тұқымдасы
2.2.1. Бұғылар туысы
2.2.2. Еліктер туысы
2.2.3. Бұландар туысы
2.3. Қуыс мүйізділер тұқымдасы
2.3.1.Бөкендер туысы
2.3.2. Ешкілер туысы
2.4. Жирафтар тұқымдасы
III.Қорытынды
IV.Қосымша (суреттер)
V. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

бугы туралы .docx

— 444.74 Кб (Скачать документ)

  Жер ерекшеліге мен жыл маусымына  байланысты елік 100-ге жуық өсімдік  түрімен  қоректенеді. Көктемде, жазда алуан түрлі шөптерді, қыс айларында жидек, қылқанды ағаш бұтақтарын мен бүршіктерін жейді.  Иіс сезімінің жетілгені соншалық ол 40 см қардың астындағы қынаны тауып азықтанады.  Елік ала тұяқты түз жануарының ішіндегі адамдарға аса үйір серігі.   

  Елік - өсімтал аң. Олар 1,5 жасында  жыныстық жағынан жетіліп, екі жасында лақтайды. Оның күйіті тамыз айынан басталып, қыркүйектің аяғына дейін  созылады. Еліктер күйге түскен шақта текелерінің арасында қатты « қырқысу майданы» басталады. Мамыр – шілде айларында лақтайды. Еліктің ересек ешкісі жылына егізден лақ тауып, оларды 6-8 ай бойы сүтімен асырайды. Туған лақтарын жасырып тастау үшін қалың шалғынды бұталардың  арасын мекендейді. Лақтарының түсі алғашқы уақытта теңбіл болып, 3-4 ай өткен соң теңбілі жойылып кетеді.

Халықаралық маңызы. Ертеректе дәмді еті үшін жыл сайын 900-5400 бас елік ауланған. Қазіргі кезде бар – жоғы әуесқойлық жолмен 200-250 елік ауланады. Терісінен сырт киім, аяқ киім, төсеніш, қайыс, былғары жасайды. Соңғы кезде етімен қатар мүйізінде пайдалана бастады. Одан түрлі сыйлық бұйымдар жасалады. Еліктер орман шаруашылығында жас көшеттердің басын сипап зиян да келтіруі мүмкін.Десе де оны қорғап, сан мөлшерін көбейтуге жағдай жасап отыру керек. 

 

 

   2.2.3. Бұландар туысы.Alces gray.1821.

Бұлан -   Alces alces Linnaeus.1758

Сыртқы  пішіні. Бұлан – бұғы тектес ала тұяқты, күйіс қайтаратын ірі жануар. Бұқаларының дене тұрқы 3 м, шоқтығының биіктігі 2.4.м, салмағы 700кг, ал ұрғашысынікі еркегінен кішірек. Сирақтары ұзын, басы үлкен, қоңқақ тұмсықты. Үлкен құлағы дыбысты жақсы сезеді. Бұқалары алшақ мүйізді. Олардың екі мүйіздері жылма – жыл түседі де, орнына жаңа мүйіз шығады. Денесі ұзын қылшықты жүнмен жабылған. Жүнінің ұзындығы денесінің әр жерінде әр түрлі.


Информация о работе Бұғылар туралы