Түрлілік сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 01:52, контрольная работа

Описание

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Содержание

Қазақ тіліндегі рефераттар - Экология
Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

сақтау.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)
Қазақ тіліндегі рефераттар - Экология
Жоспар

І. Кіріспе

Қоршаған  ортаны қорғау 

ІІ. Негізгі бөлім:

2.1. Республикамыздың орман қоры

2.2. Орманның азып-тозуы

2.3. Қоршаған ортаның экологиялық  тазалығы 

ІІІ. Қорытынды

Таза  табиғат – халық байлығы 

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат  баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман  қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс  пайдаланбаудың салдарынан болған.

Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

50 мың  гектар орман алқабында зиянкестер  мен ағаш аурулары анықталды.  Ең ірі орманды аумақтар –  Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс  Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен  ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары  жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық  таулы жерлердегі ормандардың топырақ  пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі  техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы  мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның  азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Республика  ормандарында қалыптасқан экологиялық  нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.

1993 жылы қабылданған жаңа Орман  кодексі Қазақстан Республикасының  құқықтық және экологиялық жағынан  орманды қорғауға, шаруашылықты  ұтымды жүргізуге ынталандыруды  белгілі шамада арттырды.

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан  ормандарын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион  гектарды алып жатыр. Бұларға егістік  қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.

Қазақстан ормандарының басым көпшілігі –  Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс  маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан  қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.

Екінші  топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің  орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.

Үшінші  топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары  жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.

Ағаш  қоры мен көлемі бойынша Шығыс  Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары  бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.

Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық  ормандар отырғызу қажет.

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.

Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін  солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.

Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен  оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық  нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен  кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.

Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды  қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.

Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қала  ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін  трамвай мен троллейбустарға  көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде  жас ағашты ормандарда басталған  өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін  уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын  тиімді пайдалануды ұйымдастыру  үшін экономикалық критерийге негізделген  кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.    Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері

2.    «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап3.    «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы


  Биологиялық алуан түрлілікті сақтау мақсатында биологиялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану саласындағы республиканың жанды мұраларын сақтау, халықаралық ынтымақтастықтың стратегиясын әзірлеу жөніндегі қызметтің нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік беретін Биологиялық алуан түрлілік туралы тұжырымдаманы Қазақстан Республикасында 1992–2009 жылдары іске асыру нәтижелерін жалпылау жоспарланған еді.

  Батыс Қазақстанның жойылу қауіпі төніп тұрған флорасы мен фаунасының сирек, жергілікті, көне заманғы түрлерінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау негізінде Батыс Қазақстанның жанды мұрасын сақтаудың кешенді шаралары әзірленген.

  Алма  тұқымдарының орман түзетін генофондын сақтау үшін жабайы өсетін алмаларды  жедел көбейтудің, сауықтырудың, ұзақ культивациялаудың және қайта жерсіндірудің биотехникалық әдістерін әзірлеуде жоспарланды.

  Солтүстік Қазақстанда биологиялық алуан түрлілікті экологиялық бағалау және оны сақтау жөніндегі іс-шаралар әзірленді.

  2007 жылы басталған Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының қарағай күйіктерінің орнына өсімдіктің пирогенді ауысуын зерделеу жөніндегі зерттеулер; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркін (қазіргі заманғы геоэкологиялық жай-күйін бағалау, тиімді пайдалану және қорғау) ландшафты зерттеулер, сондай-ақ Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер жалғастырылды .

  Елімізде 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған “Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы”  Заңында нақты атап корсетілген  ерекше корғалатын табиғи аумактардың (ЕҚТА) жеке 9 тобының бірі —мемлекеттік үлттық табиги саябақтар болып саналады .

  Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарды үйымдастырудағы басты максаты - биологиялық жоне ландшафтылық алуантүрлілікті сақтап калу ғылыми тұрғыдан зерттеу, кейбір экожуйелерді немесе жекеленген табиғи нысандарды қалпына келтіру үшін жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізу, экологиялық білім мен тәрбие беруге жоне туризмді дамыту ерекше коңіл бөлу қажеттігі ЕҚТА туралы заңда нақты атап көрсетілген.

  2010 жылы БҰҰ-ның жанындағы білім,  ғылым жоне модениет жоніндегі  моселелермен шүғылданатын мекеменің  (ЮНЕСКО) шешімі бо­ йынша “Биоалуантүрлілікті сактап калудың халықаралық жылы’ деп белгілеген.

  Биоалуантүрлілікті  сақтап қалуда ерекше корғалатын табиғи аумақтардың атқаратын ролі оте  зор.

  Елімізде 2010 жылдың 30 сәуіріне дейін 10 мемлекеттік  табиғи саябақтар кең-байтақ өлкеміздің әртүрлі аймақтарында үйымдастырылған болатын.

  Енді  оған жаңадан 11-ші болып Жетісу (Жонғар) Алатау мемлекеттік үлттык табиғи саябагы  қосылып отыр .

  Ерекше  ескерте кететін жағдай - жаңадан  үйымдастырылған мемлекеттік үлттық табиғи саябақтың атауы орысша баспа беттерінде Жоңғар Алатауы мемлекеттік үлттык табиғи саябағы деген атаумен беріліп кеткен. Мұның өзі еліміздің тарихына және ұлттық тілімізге деген салғырттығымызды аңғартып отыр. Шын мәнінде, бүл мемлекеттік үлттык табиғи саябактың атауы Жетісу Алатауы мемлекеттік ұлттык саябағы деп аталуы тиіс. Өйткені, бұл табиғи саябақ орналаскан аумақ ежелден жер жаннаты Жетісу өңірінде орналасқан жөне бұрынғы солакай саясаттың кесірінен Жетісу өңіріндегі Алатау “Жоңғар Аштауы” деп қате аталып кеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін шыққан тәуелсіз елдігіміздің бір белгісі ретінде 1998—2006 жылдағы шыккан Қазақстан Үлттық энциклонедиясының 2001 жылы жарық корген 3-томының 681-682 беттерінде таска таңба басқандай Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы емес) деп накты атап корсетілген .  
 
 
 

  Қазақмыс  ақбөкендерді қорғау жөніндегі Қазақстанның биологиялық алуан-түрлілігін сақтау Қорына қаржылық көмек көрсетіп отыр.

  Кезінде осынау Еуразияның кең даласында  көп тараған марал түрінің  саны енді соңғы жылдар ішінде күрт кеміп кеткен, бүгінде ақбөкен Халықаралық табиғатты қорғау одағымен құрылған құрып кету қаупі бар түрлердің тізіміне енгізілді.

  Қазақстанның  биологиялық алуан-түрлілігін сақтау Қорын құрған Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту Бағдарламасы. Бұл Қор Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мұндай тұрғыдағы алғашқы Қор. Бұл Қордың ақшалай қаражаттары ақбөкендердің санын көбейту әрі қорғау мақсатымен оларды суғару үшін плотиналарды қалпына келтіруге жұмсалып отырады.

  Ақбөкендер  Солтүстік және Орталық Қазақстанның далалы жерлерінде, атап айтқанда Балқаш, Қарағанды және Жезқазған аймақтарындағы біздің негізгі өндірістік кәсіпорындарымыз орныққан жерлердің маңында тіршілік етеді. Мақсатымыз – маралдың бұл түрін сақтап қалуға мүмкіндік туғызу. 2010 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Зоология Институты ЮНЕСКОның Бүкіләлемдік мұрасына жатқызылған әрі ақбөкендер төлдейтін дәстүрлі мекен боп саналатын Қорғалжың мемлекеттік табиғат қорығындағы ескірген суғарғыш плотиналарға ғылыми биологиялық негіздеме жасалды. Десек те, қорықтағы негізгі көл –тұзды келеді, әрі ондағы су ішуге жарамсыз, ол әрине ақбөкендердің популяциясының қысқаруына итермелейді.

  Өткізілген  зерттеулер көрсеткендей, қазіргі уақытта  тіпті болмаса сегіз плотинаны қалпына келтіру қажет болып отыр, сонда әрқайсысын қалпына келтіруге жұмсалатын қаражат 24000 АҚШ долларын құрайды. 2010 жылы біз бірінші плотинаны қалпына келтірдік, сонымен осы аталған сиреп бара жатқан жануарларды суғарудың тұрақты бастауына айналдырдық, бұдан әрі 2011 жылы да бұл жобаны қолдауымызды жалғастыра түспекпіз.

  Табиғат қорғау шараларының жеткіліксіз  қаржыландырылуынан, қаскерліктен, реттелмеген  туризмнің қанат жаюынан, минералдық шикізаттық ресурстарды игеруге  байланысты өндірістік аумақтардың ұлғаюынан, мал бағуға арналған жайылымдардың тиімді пайдаланылмауы салдарынан табиғи әр алуандықты, ғажайып табиғи ландшафтарды сақтап қалу күрделі сипат алуда. Сондықтан 2006-2007 жылдардағы табиғи ресурстарға жүргізілген кешенді бағалаудың қорытындысы бойынша ерекше қорғалатын аймақтарға жатқызуға лайықты деп Қызылсай, Жабайұшқан және Тасорпа жерлері белгіленген. Тағы бір атап айтарлығы, табиғи-қорық қорлары нысандары тек табиғат кешендері ретінде ғана емес, археологиялық және тарихи ескерткіштерімен бай екендігімен де, яғни экологиялық туризмді дамытуға қолайлылығымен ерекшеленеді. Бұл өңірлерде аң мен құстық неше алуан түрлері, сондай-ақ «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесі баршылық. Мұнда биоресурстарды қорғаумен қатар ғылыми-методикалық жұмыстарды жүргізуге де айрықша мән беріледі.

  Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
 

  Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 

  Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

  Қазіргі кезде Жер шарында адамның  аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне  ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы  сақталған немесе антропогендік  факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

  Ерекше  корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық  қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

  Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

  1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.

  2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

  3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.

  4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.

  5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.

  6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.

  7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.

  8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.

  9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар  және т.б. 

  Биосфералық қорықтар

  Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген. 

Информация о работе Түрлілік сақтау