Түрлілік сақтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 01:52, контрольная работа

Описание

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Содержание

Қазақ тіліндегі рефераттар - Экология
Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

сақтау.doc

— 100.00 Кб (Скачать документ)

  Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған. 

  Мемлекеттік табиғи қорықтар

  Біздің  елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың  негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді. 
 

  Далалы  аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

  Ұлттық  табиғи саябақтар

  Ұлттық  табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. 

  Елімізде  соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

  Табиғи  қорықшалар

  Табиғи  қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

  Табиғат ескерткіштері

  Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

  Табиғи  резерваттар

  Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді. 

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан  түрлі тіршілік иелерімен қатар  мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы  өзінше бағалы саналатын олар адамзат  игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры   сиреп,   құрып   кетуге   айналған   жан-жануарлар   мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.

Қазакстан Республикасының «Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы»  заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі  кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік  ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.

Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем де келісті табиғат мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында - Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде - халықаралық маңызы бар су төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы көкке бой түзеген көрікті қарағай ормандары мен сан алуан дала өсімдіктері дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы шөл қорығы Үстірт арқарларын, итаю және бағалы өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында құрылған. Суы тартылып, құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы республикадағы аралда орналасқан бірден-бір қорық болып табылады. Аралда 300-дей құлан, қарақұйрық, ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді. Шығыс Қазақстан тауларында сондағы күміс сулы Марқакөлдің атымен аталған қорық бар. Республикадағы ең жас қорық - Алтайдың қылқан жапырақты ну ормандары мен оның мекендеушілерін сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай қорығы.

Қазақстанда шөл, шөлейт және тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк құрылған. Олар - «Алтынемел», «Баянауыл», «Іле Алатауы», «Көкше-тау» және «Қарқаралы» ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы - олардың территориясында қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырумен қатар, табиғаттың кейбір түрлерін пайдалануға және экологиялық туризммен айналысуға рұқсат етілген.

Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері  мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Қорықтарда  табиғаттың өзгеру, даму процестерін  сипаттайтын ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, «Табиғат жылнамасы» бақылауы өткізіліп түрады.

Табиғи  тепе-теңдік пен барлық жанды нәрсеге  қолайлы ортаны сақтап, өзара бір-біріне ықпал .ету жүйесін қалыптастыру үшін, басқа да табиғи түрлермен толықтырып отырмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары мен өндірістік кешендердің қоршауында қалған қорықтарға бірте-бірте жойылып кету қаупі туады.

Ерекше  қорғауға алынған табиғи территория жүйесін кеңейте түсу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі үзақ мерзімді «Экология және табиғи ресурстар» стратегиясы маңызды міндеттерінің бірінен саналады. Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. Бұл Қазақстанның көрікті де көркем табиғатын қорғап, көздің қара-шығындай сақтауға зор мүмкіндік туғызады. Ал олардың қызметінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі шаруашылық іс-шараларын тоқтату шығынынан жүздеген есе асып түседі. Табиғатқа қажеттілікті өтеу объектісі емес, жанды нәрсе атаулының біртұтас тіршілік ортасы ретінде қарайтын мезгіл жетті. Бұл жайында заманымыздың ғұлама ғалымы Жан Дорст былай деп жазған болатын: «Адам бойында жабайы табиғатты сақтау үшін ұмтылуға қажетті объективті себептер жетіп артылады. Алайда, түптеп келгенде, табиғатты тек сүйіспеншілік қана құтқара алады. Адам бұл дүниеде сұлулықсыз өмір сүре алмайтындықтан, қоршаған ортаны сәл де болса сүйіп, қастерлей білген жағдайда ғана, табиғат өзіне төнген қауіп-қатерден құтылады».


Информация о работе Түрлілік сақтау