Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 13:02, реферат
Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызғаны мәлім. Алайда, құрылымдық-технологиялық жаңғырту қарқынының төмендігі, нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, білікті кадрлардың тапшылығы құлашты кеңге серметпей келгені де аян.
Аграрлық ғылымға арқа сүйеуде
Авторы: admin , 25-Тамыз,
2011 | 18 рет қаралған
Бәсекеге қабілетті
ауыл шаруашылығы өндірісінің
Осы орайда экономиканың
аграрлық секторын сапалы жаңа даму деңгейіне
көтеруді көздейтін ауыл шаруашылығы
ғылымы алдында тың да жауапты міндеттер
тұрған еді. Бұл міндеттер аясында азық-түлік
және қайта өңдеу өнеркәсіптері салаларын,
ауыл шаруашылығын механикаландыруды,
агроөнеркәсіп кешен экономикасын дамытудың
және ауылдық аумақтарды дамытудың басымды
бағыттарын ғылыми зерттеулермен қамту
қарастырылған. Атап айтқанда, аграрлық
ғылымның әлеуетін арттыру үшін Ауыл шаруашылығы
министрлігінің 25 ғылыми ұйымын біріктіру
жолымен «ҚазАгроИнновация» акционерлік
қоғамы құрылып, қазіргі таңда бұл мекеме
аграрлық ғылымның институционалдық және
өндірістік инфрақұрылымын дамыту жөнінде
жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ агротехнологиялар
трансферті мен коммерцияландыру орталығы
жасақталып, ол бірқатар инновациялық
жобаларды жүзеге асыруды бастап та кетті.
Мұның нәтижесінде
ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы
өндірісіне енгізу жұмыстары жандана
түсті. Мәселен, Ақмола облысында отандық
селекциялы бидай сорттарының үлесі соңғы
4 жылдың ішінде 70%-ға дейін ұлғайтылды.
Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми
өндірістік орталығының селекционерлері
шығарған «Ақмола-2» және «Астана» сорттары
үстіміздегі жылы 4 млн.га жуық алаңға
егілді. Мақта шаруашылығы ғылыми зеттеу
институты сұрыптаған дақыл сорттары
егіс алаңының 75%-ын алып отыр. Жалпы ауыл
шаруашылығы дақылдарының отандық сорттары
егілген алаң шамамен 8 млн.га құрайды,
астық дақылдарын өсірудің ең төменгі
және нөлдік қор сақтау технологияларын
қолдану 10 млн. гектарға дейін ұлғайтылды.
Бұл нәтижелер ауыл шаруашылығы зерттеулерін
тәжірибеде қолданудың және өндіріске
жүйелі енгізудің арқасында мүмкін болды.
Сонымен бірге
ғылыми институттардың қажеттілігі
үшін зертханалар, селекциялық жылыжайлар
салынуда, ауыл шаруашылығы техникалары
жаңғыртылып, сатып алынуда. Білімді тарату
жүйелері де құрылуда – ғылыми институттар
жанында ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілерге арналған ғылыми-тәжірибелік
семинарларды өткізу үшін білім беру сыныптары
жүйесі ашылып жатыр. Агроөнеркәсіптік
кешен үшін кадрлар даярлауды 18 мамандық
бойынша 15 жоғарғы оқу орны және 25 мамандық
бойынша техникалық және кәсіптік білім
беретін 168 ауылдық оқу орны жүзеге асыруда.
Агроөнеркәсіп
кешен нысандарын өтеусіз негізде
ақпараттық қамтамасыз ету «ҚазАгроМаркетинг»
арнайы ұйымының 161 ауылдық ақпараттық-кеңестік
орталықтары арқылы жүргізілуде. Ақпаратты
ұсынудың түрлі арналары қалыптастырылған–
мәліметтер арнайы газет, электрондық
таратылым, жеке кеңестер, шаруашылықтарға
кеңестік қызмет көрсету арқылы таратылады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарларын
жылжыту және агроөнеркәсіп кешен саласындағы
жаңа технологияларды тарату мақсатында
жыл сайын республикалық «Қараөткел»
жәрменкесі өткізілуде. Сонымен қатар
«электрондық үкімет» құру аясында Ауыл
шаруашылығы министрлігі «ҚазАгроМаркетинг»
АҚ арқылы кешенді басқарудың «e-Agriculture»
бірыңғай автоматтандырылған жүйесін
қалыптастырды. Қазіргі уақытта министрлік
«электрондық үкімет» порталы арқылы
өнімдер мен шикізаттарды дайындауды,
сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге
асыратын өндіріс нысандарына, сондай-ақ
ветеринарлық препараттарды, азықтар
мен азықтық қоспаларды өндіретін ұйымдарға
түрлі анықтамалар беру сияқты электрондық
қызмет түрлерін көрсетуде.
Мұрагер Сералы