Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 13:02, реферат
Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызғаны мәлім. Алайда, құрылымдық-технологиялық жаңғырту қарқынының төмендігі, нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, білікті кадрлардың тапшылығы құлашты кеңге серметпей келгені де аян.