Ауыл шаруашылық құстарының гигиенасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:43, реферат

Описание

Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орныдалуына ауылшаруашылық құстарын өсірудің де маңызы зор. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, онымен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек, құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитариялық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
















Ауыл шаруашылығы құстарының гигиенасы.
Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орныдалуына ауылшаруашылық құстарын өсірудің де маңызы зор. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, онымен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек, құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитариялық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті,интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері, яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермалардағы ауыр жүмыстарды ( азық тарату, көң тазалау және т.б.) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткада және едендерде ұстап, технологиялық процестерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауыттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процестері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.
Құстарды қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау тәсілі көбінесе,ет бағытындағы фермаларда қолданады. Қалың төсеніштерде құстарды ұстау үшін әуелі құрғақ,дезинфекцияланған және алдын ала қорытылған хлорлы әкі ұнтағы себілген еденге қалыңдығы -15см төсеніш салып, соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш материалын қосып, жалпы қалыңдығы жыл аяғына дейін 25-30см жеткізеді.
Мұндай төсеніштерде, биотермиялық процестердің нәтижесінде, қыс айында температура 12-18 С жетеді де, ал төсеніш алдындағы сапрофитті микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В түзіліп, құстар төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне қажет кейбір витаминдерді табады. Сол сияқты құстарды қалың төсеніш едендерде ұстағанда, олар еркін қозғалыста болып, денсаулығына біршама пайда тиеді.
Мұнымен қоса құстарды қалың жиналмайтын төсенішіт едендерде ұстау кезінде айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен ұсталған кезде құстар белгілі бір орынға жұмыртқаламай, еденге түсіріп алып, олар ластанып, тек тағамдық қана емес инкубациялық сапасын да төмендетеді. Екіншіден, құстардың саңырық араласқан төсеніштермен денесі түйісіп, шоқып жеп, альминтарлы,инфекцияға және инвазиялық ауруларға шалдығуына қауіп төндіреді.Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төенішті ұзақ алмастырмағанның нәтижесінде,онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу үшін өте көп жаңа төсеніш қоры қажет болады.
Құстарды сырықты едендерде ұстау тәсілі кезінде арнайы ағаш сырықтардан құрылған рамаларды қоралардың еденінен 80-85см биіктікте көлденеңінен орналастырады. Рамаларды жасауға қалыңдығы 1.5-2см, жалпақтығы 4-5см ағаш сырықтар алып, құс саңырығына бөгет болмау үшін үстіңгі бетін тегіс, қырларын жұмырлап, үстіріктеп, бір бірінен 2.5-3.0 см қашықтықта орналастырады. Мұндай едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған арыққа түсіп, одан механикалық түрде арнайы сырғыш қарғыш құрылымдардың көмегімен тазаланып отырады.
Сыртқы едендерде ұстағанда құстарға төсеніш қажет болмайды және олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың саңырығы еден тесігінен төмен түсіп кетеді де, олардың денесі таза болып, ауру жұқтыру қаупі төнбейді және құстардфң орналасу сиымдылығы жоғарлайды. Бірақ, мұндай артықшылығымен қатар айтарлықтай кемшілігі болып, бұл сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей, тез істен шығып, жарамсызданыу саналады
Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қараға

Содержание

I. Ауыл шаруашылығы құстарының гигиенасы.
II. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері.
III. Құс қораларының микроклиматы.