Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 03:29, реферат
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі – баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.
Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға – күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің бағасын белгілеуде соңғы шешім қабылдау үшін бірнеше факторларды ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын қызметінің мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейін және т.б.
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта
өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке
қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған
қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның
баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке
қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің
бірі болып табылады. Осыған байланысты
кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға
және оны жасау процесіне көбірек көңіл
аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда
нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң
бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне,
табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына,
нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке
қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның
әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру 1-ші кестеде ұсынылған кезеңдер тізбегіне негізделген:
1 кесте. Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының кезеңдері
№ п/п |
Кезең атаулары |
Жүзеге асыру нұсқалары |
1 |
Баға саясатының мақсаттарын анықтау |
|
2 |
Баға құрайтын факторларды талдау |
|
3 |
Баға құрайтын тәсілді таңдау |
|
4 |
Баға стратегиясын таңдау, соңғы бағаны бекіту |
|
Кәсіпорынның баға саясатының мәнін барынша толығырақ қарастырайық.
1-кезең. Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Ұйым (кәсіпорын) мақсаттарының бірнеше деңгейде жүзеге асырылатын құрамдас бөліктері:
Мәселен, кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі, тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке тапсырысы бойынша, нарықта ең жоғары X бағасымен, сериялық өндіріспен шыққан жаңа тауарлар — мейілінше төмен Y бағасымен, ал нарықта бірнеше жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен сатылады.
1.1. Нарықта аман қалу стратегиясы
тауарлар шамадан тыс көбейіп
кеткенде, яғни шығарылатын өнімге
сұраныстан ұсыныс артып
1.2. Табысты максимизациялау шарттарының орындалуы коммерциялық ұйымның (кәсіпорынның) нарықтағы «генетикалық» ерекшеліктеріне негізделген, яғни өнімді сатудан барынша көп табыс алуға. Бұл жағдайда кәсіпорын төлем қабілеттілігін, әлеуеттік сұранысты, нарықтық бағалардың түрлі құрылымына байланысты шығындар деңгейін талдайды. Одан кейін ол өнімді шығаруға немесе қызметтерге кететін шығындардың көп бөлігін жабатын ағымдағы табыстың оңтайлы нұсқасын таңдайды.
1.3. Нарықтағы үлес көрсеткіштері
бойынша көшбасшылықты жеңіп
алу немесе нарық үлесін
1.4. Нарықта баға белгілеуде көшбасшылықты жеңіп алуды мақсат еткен кәсіпорын, көбіне, олигополия нарығында қызмет ететін ірі корпорация болып саналады. Барынша бәсекелестікке қабілетті ұйымға тиесілі бұл құқық, құпия келісімге келмей-ақ, белгілі бір нарықта жалпы баға деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
1.5. Нарыққа жаңалықтар енгізу
көшбасшылығы ең жаңа жоғары
сапалы тауарларға ҒЗТКЖ-ын
2-кезең. Бағаны құрайтын факторларды талдау.
Мұндай талдау кәсіпорынның баға саясатында сатып алушылардың, жеткізушілердің, өндіріс пен бәсекелестер факторларының бағаның өзгеруіне қатысты пікірлерін ескеріп отыруын мүмкіндік береді.
2.1. Шығарылатын өнімге сұраныстың бағалық және бағалық емес құрамдарын бағалау баға өзгерген кезде тұтыну көлемінің өзгеру заңдылықтарын: бағаны, тұтынушының табысын, бір-бірін толықтыратын және бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасын, сатып алушылардың санын, талғамын және сұранысын, ұлттық ерекшеліктерін, тұтынушылардың күткенін анықтауға мүмкіндік береді.
2.2. Сұраныс икемділігін талдау
кәсіпорынға маңыздылығына
2.3. Ұсыныстың бағалық және
2.5. Өнімді сатудан түскен
2.6. Бәсекелестердің бағалары мен
өнімдерін талдау келесі
3-кезең. Бағаны құрау
Бұл кезеңде ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан - өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.
3.1. Өзіндік құнға үстеме баға тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады. Үстеме баға өлшемдері кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің бірқатар артықшылықтары бар: