Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 12:01, реферат
Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ. "Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.
Кіріспе. ......................................................................................
1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.
Агробизнеске қысқаша сипаттама...................................
2. Агробизнес қызметін талдау.
2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру................
2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.....
2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және
негізгі тәсілдері................................................................
3. Агробизнес қызметін жетілдіру.
3.1. Агробизнес қызметінің болашағы.......................................
Қорытынды................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................
Олар екі түрлі кәсіпорындарға бөлінеді:
- экономикалық және заңдылық тұрғысынан ауыл шаруашылықтауар өндірушілерге тәуелсіз кәсіпорыңдар;
- бірнеше ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірлесуімен кооперативтік негізде құрылған және шаруашылықаралық кәсіпорын міндеттерін атқарушы фирмалар.
Бірінші түрдегі кәсіпорындар жұмысын агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын (агрохимиялық сервис) үлгісінде көрсетеміз. Мұндай кәсіпорын аймақтың агрохимиялық зертхана (лаборатория) немесе химияландырудың шаруашылықаралық мекені негізінде дербес занды түрде құрылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохимиялық қызмет көрсету меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорылдарында тыңайтқыштар мен пестицидтердің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Агрохимиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
- жер алқаптарында топырақтық-агрохимиялық зерттеулер жүргізу мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін танаптардың агрохимиялық картограммаларын жасау;
- химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөнінде ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірлеу және өңдірісте қолдану;
- нақты шаруашылықтарды химияландырудың болашақ даму жолдарын жете зерттеу;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын химияландыру құралдарымен жабдықтау;
- минерал және органикалық тыңайтқыштарды, жерді жақсартушы химиялық заттар (мелиоранттар) мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ мал шаруашылығындағы химияландыру құралдарын ұтымды қолдану жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсету ауыл шаруашьшық тауар өндіруші мен "Агрохимиялық сервис" кәсіпорны жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.
Шарттың мән-заты, тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігі, қызметтердің бағасы, орындалған жұмыстарды тапсыру мен қабылдау тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі, заңдылық адрестері мен басқа жағдайлар шартта көрсетіледі.
Ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындары немесе бір топ шаруашылықтар агрохимиялық қызмет көрсету нысындары бола алады.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін фирмалар кәсіпорынның ерекше тобын құрайды. Бұл кәсіпорындар потенциалының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мұнда тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін жоғары білікті мамандар жұмыс істеуге тиіс.
Жөн-жобалық (консалтингтік) фирмалар мамандандырылған болады. Технологиялық заң тұрғысындағы, экономикалық, қаржы-несиелік және басқа қызметтер көрсетеді. Бірнеше бағыттарда жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсету жөніндегі кешенді фирмалар да болады.
Технологиялық қызметтер. Бұл агротехникалық шараларды жүргізу, өсімдіктердің түрлері мен сорттарын іріктеу, ауыспалы егіс тұрпаттары мен өндіріс технологиясын тандау жөнінде агрохимиялық кеңестер болуы мүмкін.
Зоотехникалық қызметтер — мал шаруашылығын жүргізу технологиясы, нақ осы аймаққа және өнім өндіруге сай келетін мал түрлерінің ең жоғары өнімді тұқым-тегін тандау жөнінде кеңестер беру.
Мал дәрігерлік қызметтер — малдарды емдеу мен аурудың алдын алу жөнінде кеңестер беру және басқалар.
Техникалық қызметтер — ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру мен жабдықтау құралдарын іріктеп алу жөніндегі кеңестер.
Сөйтіп, ауыл шаруашылық бағыттары бойынша технологиялық кеңестер беру болмақ.
Заң тұрғысындағы консалтинг кәсіпорындарды ресімдеу мәселелері, шарттар, салық салу, кеден мәселелері бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша жоғары білікті, тәжірибелі заңгерлердің күшімен жүзеге асырылады.
Экономикалық тұрғыдан консалтинг агробизнес кәсіпорындарына іс-әрекет өрісін тандауда, өндіріс құрылымын жасау және басқару ісінде, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуде көмек көрсетуге бағытталған. Яғни кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын әзірлеу, басқарудың оңтайлы құрылымдарын таңдау және тағы басқалар.
Кеңес беруші маркетингтік кәсіпорындар өндірісті және кәсіпорындардағы маркетингті басқаруды ұйымдасгыруға оқытып-үйретуші консалтинг саласында қызметтер көрсетеді, экспорт және іс жүргізушілік тұрғысынан кеңес береді.
2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизиестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.
70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше „агроөнеркәсіптік кешен" атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді.
Оның үш саласы — қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді
(1-схеманы қараңыз).
Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс — несие де кіреді, Бұл сфера ауыл шауашығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.
1-схема
Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетинггік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа аукцион жүйелері және т.б) қарағанда агробиз-нестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала — тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекетгік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агро-техникалық және агрохимиялык, қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі, сфераның басын құрайды.
2 - схема
Бірінші сфераға (I) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.
Екінші сфераға (II) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары — егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашыльны бар) мал азығын өндіру жатады.
Үшінші сфера (III) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға (IV) жатқызып жүр.
Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешеидер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.
Бір қарағанда дәстурлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасыида мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.
Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-тендік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды.
АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттеп асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та III сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.
Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауыл шаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скаидинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.
Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық, болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметксрлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өидіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық жәйе ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық, секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданған, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Информация о работе Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалық заңдылықтары