Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалық заңдылықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 12:01, реферат

Описание

Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына "Агробизнесті ұйымдастыру" деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ. "Агробизнесті ұйымдастыру" деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.

Содержание

Кіріспе. ......................................................................................
1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.
Агробизнеске қысқаша сипаттама...................................
2. Агробизнес қызметін талдау.
2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру................
2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.....
2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және
негізгі тәсілдері................................................................
3. Агробизнес қызметін жетілдіру.
3.1. Агробизнес қызметінің болашағы.......................................
Қорытынды................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................

Работа состоит из  1 файл

Агробизнес.DOC

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Айталық, фермерлік  тұрғын үй жөніндегі әкімшілік барынша жеңілдік жағдайында коммерциялық несие алуға мүмкіншілігі жоқ фермерлерге несие алып береді. Селолық электрлендіру жөніндегі әкімшілік — бұл селолық жерлерде өздерінің займдарын беру немесе оны басқа көздер арқылы оларға беруді қамтамасыз ету жолымен электрлендіру мен телефон байланысып қаржыландыруға көмектесетін несиелік мекеме.

 

3. Агробизнес қызметін  жетілдіру.

 

3.1. Агробизнес  қызметінің болашағы.  

 

Біз аграрлық бизнесті ауыл шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:

- кәсіпкерлер;

- тұтынушылар;

- жалдамалы қызметкерлер;

- мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.

Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

- егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

- ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау.

Кәсіпкерлердің іскерлік мүддесі кіріс алу арқылы орындалады.

Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.

Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

"Агробизнесті  ұйымдастыру" курсының негізгі  міндеті — өнеркәсіптің жекелеген түрлерін жете зерттеу, сондай-ақ бүкіл кешенінің өзін жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімін өндіруді; нарықтық тауар алмасуды зерттен білуді, қаржылапдыруды басқару ісін ұйымдастыруды (менеджментті), кәсіпорынның іс-әрекетін есептеу мен талдауды мұқият ұштастыру болып табылады. Нақ осы пәннің мазмұны осындай міндеттерді тірек етіп құрылған.

Агробизнеске  қызмет көрсетуді негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар (жабдықтаушы кәсіпорындар), өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар (агросервис), ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техникалық және жөн-жобалық (консалтингтік) көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бері, сөз жоқ, бизнес-жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар (кәсіпорындар) ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл — ауыл шаруашылық техникасы, бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және элеклротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын - өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

 

Қорытынды

Қорыта келгенде ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік және мал зиянкестерімен және аурулармен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың саиасын, өмімнің, оның құрамының мазмұнына сәйкестігін бақылайды. Азық-түлік және тұтынушылық қызмет жөніндегі басқарма тұрғындардың әр түрлі категориялары үшін жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырып, сондай-ақ диетология саласында зерттеулер жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы  министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттық маңызы бар шалғындар мен жер учаскелерін қадағалайтын орман қызметі бағынады.

Тауарлы-несие  корпорациясыиың қызметі фермерлік  табыстарды қолдауға бағытталған. Қысқасы, қазіргі заманғы арробизнесте мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс – қимылдарға жол берілмейді.  Шын мәнінде, дамыған елдердегі агралық өндірісінің тиімділігі осында жатса керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Абдильдин С.А. Агробизнес. — Алматы, Агроунивервис. 1999.
  2. Абдильдин С.А. Социально-экономическое планирование. — Алматы, Агроуниверситет, 1999 г.
  3. Абдилдин С.А. Бизнес-план по производству и реализации молока. — Алматы, Агроуниверситет, 2090.
  4. Абдильдина Л.И., Белынбаев К.М. Экономика сельского хозяйства. — Алматы, Кайнар, 1996
  5. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. — М., Финансы и статистика, 1999.
  6. Бухгалтерский учет. Учебник под ред. П.С. Безруких,-М.:Бухгалтерский учет, 1996
  7. Дашков Л.П. и др. Предпринимательство и бизнес. Уч. пособие. - М.:1995
  8. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н., Математические методы в экономике. — М.: ДИС, 1999.
  9. Кейлер В.А. Экономика предприятия. — Москва-Новосибирск, 1999.
  10. Ковалев В.В., Финансовый анализ. — М., Финансы и статистика, 1999.
  11. Котлер Ф. Основы маркетинга: пер. с англ. — М.: Прогресс, 1990
  12. Рыночная экономика: основы бизнеса, Том 2, часть 2.— М.:1998
  13. Савицкая С.А. Анализ хозяйственной дсятельности предприятий АПК. — Минск, 2000.
  14. Сельскохозяйственный бизнес-менеджмент — Алматы, ТАСИС-ЦЕНТР, 1998
  15. Шелобаев С.И. Математические методы и модели в экономике, финансах и бизнесе. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.

Информация о работе Тамырлар бойымен қан қозғалысының жалпы физикалық-математикалық заңдылықтары