Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:50, дипломная работа
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру.
Кіріспе ................................................................................................................. 1
«Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі ............... 3
Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың
2002 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі ...................... 21
Жұмысшы кәсіптердің көрсеткіші .................................................................... 23
Қазақстан Республикасы
бекітілген
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың
бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы
«Геологиялық барлау және
топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі
Астана 2009
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген БТБА, 5-шығарылымы негізінде әзірленді.
Шығарылым бөлімдерінде жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, еңбек мазмұнының өзгеруіне, өнім, біліктілік сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беретін және арнайы дайындықтарына қойылатын талаптардың өсуіне байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.
Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.
Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.
«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында
жұмысшы кәсібінің осы
«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде
көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы
ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс
орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру,
сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау,
белгіленген техникалық құжаттаманы
жүргізу жөніндегі жұмысты
«Білуге тиіс» бөлімінде
қамтылған теориялық және практикалық
талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті
қорғау, өндірістік санитария мен
өртке қарсы қауіпсіздік
Осы бөлімге бұрғылап ату жұмыстарын және иондаушы көздермен байланысты жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау ережесін, сондай-ақ қоршаған ортаны және жер қойнауларын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін білуді көздейтін геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық ұйымдарға тән жұмысшы кәсіптері қосылды. Кәсібі автомобильді, тракторды және басқа да көлікті басқаруды көздейтін жұмысшылардың тиісті құжаттары болуға тиіс.
Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында, әдетте, көрсетілмейді.
Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.
«Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі
1. Топографиялық
карталардың түпнұсқасын
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру. Географиялық атауларды, сандарды, шартты белгілерді, жапсыру және гранкалардан.Гидрографияның өрнектелген элементтерін өңдеу. Позитивті көшірмелерді өңдеу. Түзетілген ескертулерді жөндеу.Өңделген аспаптармен құралдарды қайрау және егеу
Білуге тиіс: топографиялық карталарды (жоспар) белгілеуді, топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын әзірлеудің негізгі технологиясын; топографиялық карталарды (жоспарды) басылымға дайындау технологиясын, топографиялық карталардың (жоспарды) мазмұнын және нақты әзірленуін; 1-3 санаттағы ауыр құрастыру және басылымды анықтау жұмыстарының эталондарын; шартты белгілерді; түзету ережелерін, қайрайтын және оюшы құралдар мен аспаптарды қолдануды; топографиялық карталардың (жоспардың) түпнұсқасын басылымға әзірлеу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулық және ережелер
2. Топографиялық
карталардың түпнұсқасын
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20-дан 100 ге дейін 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 30-дан 100-ге дейін 1 шаршы дм. мөлшерлі ауыл типті елді мекендер, өзендер, тарамдар, қалың ормандар мен ескі арналы бұталар, жайылма алқапты көлдер, жемісті бақтар мен бау-бақшалар, техникалық мәдени плантациялары бар таулы аймақтар, үлкен сазды массивтер мен жазық орманды аймақпен сипатталатын топографиялық карталардың штрихті элементтері мен гидрографияны сызу мен өрнектеу.
Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды); 4-6 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.
3. Топографиялық карталардың түпнұсқасын өңдеуші
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталарды (жоспарды) 100 ден жоғары 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Пішіні 100 1 шаршы дм. мөлшерлі, таулы аймақтағы елді мекендер, тас жолдар мен темір жолдары желісінің қатты дамыған өнеркәсіп аудандары, ауыл тектес үлкен елді мекендер, таулы аймақтармен сипатталатын топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу.
Білуге тиіс: топографиялық карталардың түпнұсқасын дайындау технологиясын (жоспарларды); 7-10 дәрежелі жұмыс қиындығы мен басылым жұмыстарының эталонын анықтау.
4. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды жүргізуге қатысу. Бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау. Геодезиялық белгі орталығын немесе реперді ашу және жабу. Кебіске, балдаққа, реперге, қадаға және т.б таңдалған жерлердің нүктелерінде рейкаларды орнату. Нысана үшін трассаны тазалау. Сызықты лентамен, троспен, баумен, рулеткамен өлшеу. Желілерді ілу. Визирлық белгілерді және қадаларды дайындау және орнату. Пикеттерді тегістеуде белгі қою. Реперлермен пикеттерді бекіту. Әр түрлі жүйедегі блокты аспаптарды, лот- аппаратты штативтерді және тұтастай штативтерді орнату. Сымдарды штативтермен созу, кірлерді (гирь) көтеру және түсіру, сымдарды барабандарға айналдыру және барабандарды жәшіктерге орналастыру. Өлшемдерді бекіту және түсіру. Жер асты коммуникацияларды өлшеуді түсіруге қатысу. Құрал-жабдықтарды және аспаптарды тиеу, жүк түсіру және далалық саймандарды тасымалдау (тасымал). Далалық лагерді абаттандыру.
Білуге тиіс: топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар туралы жалпы түсінік; бедердің және контурлардың тән нүктелерін таңдау ережесін; өлшеу құралдарын қолдану ережесін; станоктарды құру, абақтарды; базисті таяныштарды тұтастай орналастыру тәртібін;тұтастай базистік штативтерді қою тәртібін тағайындау, тасымалдауды қолдану ережесін; топографиялық–геодезиялық және маркшейдерлік құралдарды, саймандар мен қондырғыны сақтау және орауды; нысанаға арналған трассаны тазалау тәртібін, қада және тақтайшаларды орнатуды;уақытша реперлер мен пикеттерді бекіту ережесін.
5. Топографиялық геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу. Бақылау орындарында (пунктте) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыруға және тексеруге қатысу. Рейканың тегістігін аспаптық тексеру. Жерді алдын ала тексеріп алуға қатысу,белгінің ұзындығын өлшеу және тұспал бөлімдерге қосу. Бастапқы орындарды алдын ала іздеу. Өтпелі нүктелерді таңдау. Визерлеуге арналған жолды тазалауда басшылық ету. Пунктке триангуляцияны немесе полигонометриялық гелиотроптарды, шамдарды, метеорогиялық өлшеулерге арналған аспаптарды, жоғары деңгейлі оптикалық аспаптарды жеткізу.Арнаулы аспаптардың көмегімен триангуляция немесе полигонометрия пунктінен бақылайтын пункттің бағдарына қарай светтік сигнал немесе светтік шағылысу сигналын беру. Шағылысу орналасқан пункте метеорологиялық өлшеулерді жүргізу. Қарапайым санауларды жүргізу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу.
Білуге тиіс: маркшейдерлік және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды тағайындауды; егіншілік журналын жүргізу тәртібін; бақылау орындарында (пунктерде) топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен саймандарды орналастыру және тексеру ережесін; рейканың өлшемін тегістеу тәртібін және ережесін; бастапқы пункттердің орналасу ережесін және өтпелі нүктелерді таңдауды; маркшейдерлік және геодезиялық белгілердің құрылымын; сигналдардың тұрақтылығы мен қаттылығын анықтаудың әдістерін; бағдар пункттерді және орталықтарды салу дұрыстылығын; кескінге және көріну шарттарына ұсынылатын,қондырғыны және гелиотроппен қолдану ережесін,шаммен және сәулелену талаптарын; светтік сигнал беру жүйесін; сәулеленуді,аккумуляторлар және қоректену элементтерін сақтау және күту ережесін; сәулелендіру орналасқан пункттерде метеорологиялық өлшулерді жүргізу ережесін; оптикалық аспаптарды тексеру әдістерін.
6. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ішкі сулар мен теңіздерде, шельфті түсіру үшін өлшеуде топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді жүргізу. Жоғары деңгейлі оптикалық құралдарды және сәулелендіруді және олардың қоректену көзін қосуды орнату. Аралас пункттердегі сигнализацияны және байланысты қамтамасыз ету. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік құралдар мен аспаптардың көрсеткішін алу. Егіншілік журналында жазбаларды жүргізу, бақылауды орындау және өлшенген өлшемдердің орташа мөлшерін анықтау үшін есептеу. Сызбаларды, графиктерді, профильдерді, сонымен қатар өлшеу материалдарын безендіруге, құрастыруға және сызуға қатысу. Геодезиялық және маркшейдерлік өлшемдерді құрылыс-монтаждық өндіріс ішіндегі жұмыстарда орындау. Бір орыннан құрылыс-монтажды аймақтан екінші (қабаттан қабатқа) орынға жоғары белгілерді дәл өлшеу және шлангті жойғыштарды шығару. Көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау. Таулы өндірісті крептер, мұнаралар, маркалар мен реперлерді балкаға белгілерді қалау.
Білуге тиіс: теңіздер мен ішкі су қоймасы, шельфтерді жинау үшін өлшеуді жүргізуде өлшеудің ерекшеліктері; номография бойынша есептен алып тастау, дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін; дала бақылауларының нәтижесін жөндеу және техникалық құжаттамаларын жүргізу ережелерін; маркшейдерлік пен геодезиялық жоспарлардың, құрылыс-монтажды сызбалардың, генпландар мен құрылысгенпландардың шартты белгілерін; сығылған ауа аймағында жұмыс істеуде, жерасты және биіктіктегі құрылысында дабылдамалар ережесін; абсолютті және шартты горизонттарды орнықтыру және шығару; түзу және көлбеу орналасқан құрылымдарын бақылау тексерудің реті мен ережелерін; құрылымдарды және оның элементтерін монтаждау жобасында жіберілетін геометриялық ауытқулар.
7. Топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда өлшеуші.
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу. Аспаптарды орнату және номограмма бойынша есептеуден шығару. Блоктарды, бағаналарды, ригельдерді және т.б. құрылыстық конструкциялардың геометриялық параметрлерін өлшеу және тексеру. Бағана қатарларын және діңгектерді жоспарлық және биіктікте түсіру. Кранасты жолдарын түзету және құрылғыларды орналастыру үрдісін жобаға келтіруді құралдармен қамтамасыз ету. Геодезисттің немесе маркшейдердің басшылығымен монтаждық көкжиекті шығару. Түйіндердің, технологиялық блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және құрастыруға қатысу.
Информация о работе Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар