Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:55, реферат
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құру, пайдалану әдістемелері туралы ғылым.
Пәнді оқытудың мақсаты: білімгерлерге географиялық карталардың ерекшелігін, картографиялық проекциялардың түрлеріне түсінік беру
Негізгі далалық картографо-геодезиялық жұмыстар электронды тахеометрлер, нивелир, дальнометр және GPS-жабдықтары көмегімен жүргізіледі.
Нивелирлеу – Жер беті бөліктерінен таңдап алынатын нүктелер биіктіктері айырмалары мен оларға есептеулер жүргізу бағытындағы жазықтыққа қарағанда салыстырмалы биіктіктерді анықтау жұмыстарын жүргізеді. Кеңес Одағында, бастапқы есептеу жүргізетін негізгі жазықтық ретінде мұхит деңгейінде болатын деңгейлік жазықтық – геоид аталымының қабылдауына сәйкес Балтық теңізінің орта деңгейліктегі жазықтығы алынады.
Нивелир - өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап.
Нивелирдің негізгі құрылысы:
- орнықтыру табаны
- нысаналау түтікшесі
-цилиндрлік деңгейлегіш
Түсірулерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай нивелирлеу әдістері:
- геометриялық;
- тригонометриялық;
нивелир AL 132
- физикалық
- стереофотограмметриялық
- автоматтандырылған деп
Геометриялық нивелирлеу әдісі нивелир деп аталатын аспапты пайдаланып, түсіру жұмыстары көкжиек бұрыш арқылы жүргізіледі. Тригонометриялық нивелирлеу әдісінде теодолит-тахеометр аспабы қолданылып, түсіру жұмыстары көлбеулік сәулелер арқылы жүргізіледі. Физикалық нивелирлеу әдісі:
- барометрлік
- гидростатикалық
- аэронивелирлеу түрлеріне
Барометрлік нивелирлеу жағдайында барометр аспабы қолданылып, таңдап алынған нүктелік орындардың қысымы анықталады, осы қысымдық өлшем бірліктерінің айырмасы бойынша, сол нүктелердің өзара қандай биіктіктерде болатыны есептеледі.
Жоғарыда айтылған әдістердің арасында ең нақты болып келетіні геометриялық нивелирлеу әдісі.
Теодолит деп аталатын бұрыш өлшейтін аспапты пайдалану арқылы көкжиектік бұрышты анықтайды.
Теодолитті пайдалана отырып, өлшеу жұмыстарын жүргізгенде, теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге болуы тиіс. Буссоль – магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп істелінген үш тағанды қарапайым құрал.
Қазіргі таңда қолданылатын автоматтандырылған
теодолиттер соңғы нәтижелерді
үлкен дәлдікпен алуға
Теодолит 4Т15П
Теодолиттік суретке түсірудегі мақсат:
1) Берілген масштабтағы
2) Алға қойылған әр түрлі
Осы нүктелердің жиыны теодолиттік жүріс деп аталып, тұйық не ажыратылған полигондар ретінде жүргізіледі. Теодолитттік жүрістерді салудағы жасалынатын жұмыс реті:
1) Өткен жылдардағы топографиялық материалдармен танысып, алда істелінетін жұмыстардың жобасын жасау;
2) Тірек нүктелерін таңдап алып, оларды бекіту;
3) Сызықтарды өлшеуге дайындау;
4) Теодолиттік жүрістердің
5) Ситуацияны суретке түсіру;
6) Теодолиттік жүрістерді
7) Камералық жұмыстар.
Горизонталь ß бұрышын өлшеу жұрістегі бұрылу нүктелерінде теодолитті кезек-кезек қойып отырады. Әдетте, теодолитті өлшенетін телім (учаске) оң жақта болатындай етіп қояды да, жүріс бойынша оң жақтағы бұрыштарды өлшейді. Өлшенетін бұрыштың төбесіне теодолитті тіктеуіш арқылы дұрыстап қояды да, өлшеуге дайындайды. Түтікшені бұрыштың оң және сол жақ нүктелеріне қарай бағыттағанда санақты горизонталь дөңгелектегі (лимбадағы) верньерлер (шкалалар) бойынша алып отырады. Бірінші верньер бойынша градус, минут және олардың бөліктеріне дейін, яғни, толық санақтап алады, ал екінші бойынша – тек минуты мен оның бөліктері ғана алынады. Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.
Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әдістің екінші жартысын пайдаланамыз, ол үшін вертикаль дөңгелектегі жағдайға қою керек. Түтікшені зенит арқылы айналдырып, сол бұрышты екінші рет өлшейді. Егер шыққан шама верньердің екі есе дәлдігінен артық болса, онда оның орта шамасы алынады. Өлшеу нәтижелерін дала жазба журналына жазу керек. Суретке түсіру теодолит жүрісінің нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат – теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау. Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп отыру керек.Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер: перпендикуляр тәсіл, бұрышты белгілеу тәсілі, сызықты белгілеу тәсілі, полярлық әдіс.
Тахеометрия грек тілінен аударғанда «жылдам өлшеу» деген мағына береді. Тахеометрлік суретке түсіру полярлық әдіс бойынша жүргізіліп, ситуация мен рельеф горизонтальдар арқылы жоспарға түсіріледі (біркелкі биіктіктер сызықтары).Тахеометрлік суретке түсіруде ситуациялық сипаттамалық нүктелерінің орны анықталып, солар арқылы берілген масштаб дәлдігі мен ситуацияның контуры салынады. Өлшеу нәтижелері тахеометрлік журналға толтырылып, қосымша крок жұмысы жүргізіледі. Крок грекше «сурет нобайы». Кротың абристен ерекшелігі – онда бедер бейнеленеді де, өлшемдер жазылмайды.
Аэрофотосуретке түсіру жер бетінің учаскілерінің аэрофотосуреттерін алу мақсатында жүргізіледі. Аэрофотосуретке түсіру онша қиын емес. Түсірілімнің сапалы болуының ең басты шарты – аэрофототүсіру құралының автоматты түрде жергілікті жерді дұрыс түсіру үшін, ұшу жолын сауатты жүргізу. Аэрофотосурет жергілікті жердің көрінер-көрінбес мәліметтерін бере алады, аэфотосуреттер арнайы құралдар көмегімен жергілікті жердің үш өлшемді бейнесін көрсетеді, бұл жер бедерін горизонтальдармен нақты белгілеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда картографияда
Бірақ оның да кейбір кемшіліктері бар:
Әдебиеттер
1. Под ред. Г.Ю.Грюнберга Картография с основами топографии М.: Просвещение, 1991.
2. Т.Қалыбеков
Геодезия мен топография
3. Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии М., 1971
4. К.А.Салищев Картоведение М.: МГУ, 1990
5. И.И.Старостин, Г.В.Яников Основы топографии и картографии М.: Просвещение, 1953
Информация о работе Картография мен топография негіздері» пәніне арналған жинақ